Атырау облысы, Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп -гимназиясы мектебі
физика пәнінің мұғалімі
Мырзагерейқызы Гүлмайда
Түсінік хаты
Курстың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты кезеңде білім беру ұйымдарының түлектеріне жоғары талаптар жүктеледі.
Курстың өзектілігі физиканың негізгі заңдарын теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру болып табылады.
Курстың мақсаты: Берілген тақырыптар бойынша физиканың заңдылықтарын, олардың ашылу тарихын, күнделікті тұрмыста қолданылуын, техникамен және ғарышты игерумен байланыстылығын ашып көрсету; пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны білімділікке және іздемпаздыққа, тапқырлыққа ынталандырып, өзбеттерімен білім алуды, әр түрлі физикалық мәселелерді өз білім, білік, дағдыларын пайдаланып тиімді шеше білуді үйренуге, мақсаткерлік, еңбекқорлық, жауапкершілік секілді қасиеттерін қалыптастыруда жұмыстар жүргізу.
Міндеті: Оқушыларды физиканың негізгі заңдылықтарымен кеңінен таныстырып қана қоймай, оларға байланысты тәжірибелерді қарастырып, әрі есептерін шығару жолдарын үйрету.
Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
— физикалық заңдардың қолданылу шегі болатынын түсіну;
— практикумдар жүргізу кезінде өлшеулерді дұрыс жүргізіп алған нәтижені бағалай алуға және осы заңдылықтарға есептер шығара білуге үйрену.
Пәнаралық кіріктіру: Алгебра, информатика, тарих, химия
Уақыт көлемі: 17 сағат
Сабақтың жиілігі: 2 аптада 1 рет
Тақырыптың сағаттарға бөлінген мазмұны:
І Тарау. Механиканың негізгі заңдары.
ІІ Тарау. Молекулалық физика және термодинамика заңдары.
ІІІ Тарау. Электростатика және тұрақты ток заңдары.
IV Тарау. Электродинамика заңдары.
Курсты ұйымдастыру формасы: Практикалық, зертханалық, жарыс, семинар-тренинг, пікірталас, баяндама қорғау.
Курсты оқытуды аяқтау формасы: Өзіндік, баяндама жұмыстары.
Негізгі әдебиеттер:
1. Аққошқарова Қ. «Физика эксперименттік есептер »
-
Ж.Абдуллаев, «Жалпы физика курсы», Алматы, Ана тілі, 1991.
-
Б.Арызханов, «Физика курсы», Алматы, Мектеп, 1988.
-
Б.Ғ.Ахметова, Ә.Х.Әбділдаев, «Физика», Алматы, Мектеп, 1987.
-
«Шың» кітабы, «Репетитор» журналдары.
Қосымша әдебиеттер:
-
Физика 9, 10, 11 сынып оқулықтары.
-
А.П. Рымкевич «Физика есептерінің жинағы»
-
Б.А.Кронгарт «Физика есептер жинағы».
Интернет — ресурстар:
-
Физика: коллекция опытов.
-
Современная физика в задачах.
http:// http://www.nsu.ru/
materials//ssl/text/metodics/ivanov.html
-
Лабораторные работы по физике.
http://phdep.Ifmo.ru/labor/common/
-
Открытая физика.
http://www.scph.mipt.ru/
-
Сборник материалов по физике и астрономии.
http://astronom—htl.narod.ru
-
Бесплатные обучающие программы по физике.
http://www.history.ru/freeph.Htm
-
Открытый колледж: Физика.
http://www.college.ru/physics/index.Php
-
Анимация физических процессов.
-
Кабинет физики.