Физикалық құбылыстар

Атырау облысы, Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп -гимназиясы мектебі
физика пәнінің мұғалімі
Мырзагерейқызы Гүлмайда

Түсінік хат

Бағдарлама мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүние танымын кеңейтіп, физикаға қызығушылығын арттыру үшін қажет. Бағдарламада оқушылардың қиындық келтіретін тапсырмалар, қызықты физикалық тәжірибелер, қолдан құралдар құрастыру, табиғаттағы құбылыстарды бақылау, физиктердің өмірі мен қызметі туралы танымдық қабілеттерін, көзқарастарын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан тереңдете үйрету арқылы оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастырады.

Физика-эксперимент пен теориялық әдістерді қолдана отырып, табиғат құбылыстарын зерттейтін ғылым. Физика қазіргі техниканың теориялық негізі болып табылады.

Бағдарламаны құруда 10-сынып оқушыларына арналған қосымша материалдар пайдаланылады.

Курстың өзектілігі: Физиканың негізгі құбылыстары жылу, жарық, электр құбылыстары бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияланған қоғамда өмір сүруге бейімдеу, бағдар ала білу білігін қалыптастыру;

Бұл курс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, негізгі физика бағдарламасы материалын терең меңгеруге және қабілеті бар оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.

Бұл курстың теориялық бөлімі оқушылардың қазіргі заманғы техника туралы біліктерін жалпылауға, техникалық құрылғылардың негізгі принциптері туралы білімдерін жүйеге келтіруіне мүмкіндік береді. Сабақтар әңгіме, жарыс, семинар, есептер шығару және өзіндік жұмыстар, баяндамалар қорғау түрінде өтіледі.

Курстың мақсаты және міндеттері :

Курстың негізгі мақсаты– ғылыми білімнің іргелі негізін қамтып, негізгі физикалық принциптерін зерделеу және тәжірибелік жұмыстар жүргізе білуге үйрету.Осы мақсатты орындау жолында төмендегідей міндеттерді шешу қажет:

    • мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқыту және эксперименттік дәлелдемелеріне көз жеткізу, қызығушылыктарын арттыру;

    • пәнаралық (химия математика т.б) байланысты нығайту, физиканың қажеттілігін, маңыздылығын ұғындыру;

    • белсенділікке тәрбиелеу, еңбекке шығармашылық көзқарас қалыптастыру ,жаңашылдыққа баулу;

    • алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету;

    • дүниенің қазіргі заманғы физикалық бейнесі- табиғаттың біртұтастығының физикалық мәнін жеке тұлғаның саналы түрде түсінуін, интелектуалды дамуын қалыптастыру

 

 

 

Курстың практикалық маңыздылығы:

Оқушылардың тақырыпты жетік меңгеріп, есептер шығауға, практикалық іс-дағдыларының қалыптасуына, ізденімпаздықпен жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

Сабақты жүргізу формасы:

Теориялық, практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар, жарыс, пікірталас, семинар сабақтар.

Оқушылардың меңгеруге тиіс білімдері мен дағдылары:

– физикалық құбылыстарды талдау;

  • физика пәніне қызығушылық, физикалық есептерді шығаруға жаттығу;

  • физикалық экспериментті жүргізу, физикалық шамаларды тура және жанама әдістермен өлшеу;

  • Біліктері:

  • оқушының материалмен өз бетімен жұмыс жасауы;

  • алған өлшеу нәтижелерін талдап, жүйелеу;

– физикалық есептерді шығара алу жауапты талдау;

– қарапайым есептер құрастыра білу;

– есеп шығарудың аналитикалық, графиктік, эксперименттік әдістерін меңгеру;

Есеп шығаруды бастамас бұрын физикалық құбылысты сипаттай, анықталатын физикалық шаманың өлшем бірлігін «ХБЖ» тексере білу керек;

өзін-өзі бағалай алу

Курсты аяқтау формасы: Өзіндік жұмыстар, баяндамалар қорғау

Тақырыптың мазмұны:

Физикалық құбылыстар– 17 сағат

10 сынып, 2 аптада 1сағат,барлығы 17 сағат

І Тарау. Жылу құбылыстары

ІІ Тарау. Электр құбылыстары

ІІІ Тарау. Электромагниттік құбылыстар

ІV Тарау. Жарық құбылыстары.

 

 

Оқу- тақырыптық жоспар

 

р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Орындалуы

Ұйымдастыру формасы

І Тарау. Жылу құбылыстары

1.

Ішкі энергия. Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу тәсілдері

1

 

Әңгімелеу, есептер шығару, демонстрация

2.

Жылу мөлшері.Энергияның жылу процестеріндегі сақталу және айналу заңы

1

 

Әңгімелеу, есептер шығару

3.

Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы.

1

 

Баяндау, сұрақ жауап

5.

Есептер шығару

1

 

Топтық жұмыс

ІІ Тарау. Электр құбылыстары

6.

Электрдің тұрмыстағы маңызы.Электрленген денелердің өзара әсері.

1

 

Демонстрация, баяндау

7.

Электр өрісі. Денелерді ықпал арқылы электрлеу.Электр тогы. Атмосферадағы электр құбылысы.Найзағайдан қорғану.

1

 

әңгімелеу

8.

Электр тізбегі және оның құрама бөліктері.Токтың кернеу мен кедергіге тәуелділігі.

1

 

Зертханалық, практикалық

9. Электр тогы жұмыс мен қуаты. Электр энергиясын есептеу.Сақтандырғыштар.

1

 

есептер шығару

10.

Есептер шығару

1

 

Жарыс сабақ

ІІI Тарау. Электромагниттік құбылыстар

11. Магниттік құбылыстар.Токтың магниттік әсері. Ықпал арқылы магниттеу. Компас. Электр қоңырау.Электр телеграф.Электромагниттік реле.

1

 

 

Зертханалық жұмыс

12. Телемеханика туралы ұғым. Телефон. Электр қозғалтқыштың қолданылуы.

1

 

әңгімелеу

13.

Айнымалы ток генераторы.Тұрақты ток машиналарының қайтымдылығы.Трасформатор.Электр энергиясын алыс жерге жеткізу үшін трансформатор қолданылуы.

1

 

Баяндау

14.

Есептер шығару

1

 

өз бетінше жұмыстар

ІV Тарау. Жарық құбылыстары

15

Жарық сәулесі.Жарық шоғы.Жарықтың жазық-паралель пластинкадан және призмадан өтуі. Линзалар. Нәрселердің линзадағы кескіні.Фотоаппарат. Проекциялық аппарат. Микроскоп.

1

 

әңгімелеу, демонстрация

16

Көз және көру. Көздің кемістіктері. Көздің гигиенасы. Қоян, жылқы т.б. көру өрісі. Ақ жарықтың түстерге жіктелуі.

1

 

пікірталас

17

Қорытындылау

1

 

Семинар, баяндамалар қорғау

 

 

Әдебиеттер:

 

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:

 

1. А.А Покровский. Аударғандар: Ү. Уақасова, К. Желеуова. Орта мектептегі физика практикумы . Алматы «Мектеп». 1983

2 .О.Ф. Кабардин и др; Под редакцией

О.Ф. Кабардина, В.А. Орлов. Методика факультативных занятий по физике: Пособие для учителя . Москва, Просвещение, 1988

3. П.С.Карякин. Краткий сравочник по физике. Москва «Высшая школа»1964

4. Л.Э. Генденштейн и др. Задачи по физике для основной школы спримерами решений. «Илекса» Москва 2005

5. М.И.Блудов. Беседы по физике Москва.Просвещение 1970

6. В.А.Балаш Задачи по физике. Москва.Просвещение 1983

7. И.Н.Веселовский Физика и опыт Москва. Просвещение 1970

8. Башарұлы Р,Қазақбаева Д,Тоқбергенова У. Физика және Астрономия.

Әдістемелік құрал.Алматы.Мектеп 2005 ж.

9. Дүйсенбаев Б,Қазақбаева Д. Физика анықтамалық құрал. Алматы.Рауан 1996 ж.

10. В.А.Золотов. 6-7 кластардағы физикадан сұрақтар мен есептер «Мектеп»баспасы Алматы1976

11.А.В.Постников Проверка знаний учащихся по физике 6-7 классы «Просвещение»Москва 1986

12. Анарбаева А.Т. Физика есептерін шығару тәсілдері Алматы «Мектеп»1987

13. Я.И.Перельман Қызықты физика «Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы» Алматы-1956

14. Н.К.Гладышева, А.Т.Глазунов Контрольные работы по физике

Москва.Просвещение 1986

15. О.Ф.Кабардин Факультативный курс физики 7 класс Москва. Просвещение 1973

 

 

Оқушыларға арналған әдебиеттер

  1. А.В.Пёрышкин, Е.Я.Минченков Физика «Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы» Алматы-1963

  2. С.Ф.Покровский Опыты и наблюдения в домашних заданиях по физике. «Издательство академии педагогических наук»,1963.

  3. Б.Г.Ахметова,Н.Б.Кадыров,Н.Қойшыбаев.Физиканы қайталайық «Мектеп»Алматы 1976

  4. С.П.Мясников,Т.Н.Осанова Пособие по физике «Высшая школа» Москва 1981

  5. В. Кем, Б. Кронгарт. Есептер жинағы «Физика және астрономия

  6. Н.А.Родина Световые явления «Просвещение»Москва 1986

7. Башарұлы Р,Қазақбаева Д,Тоқбергенова У. Физика және Астрономия.

Әдістемелік құрал.Алматы.Мектеп. 2005 ж.

8. Дүйсенбаев Б,Қазақбаева Д. Физика анықтамалық құрал Алматы.Рауан. 1996 ж.

  1. В.А.Золотов. 6-7 кластардағы физикадан сұрақтар мен есептер «Мектеп»баспасы Алматы1976

10. А.В.Постников Проверка знаний учащихся по физике 6-7 классы «Просвещение»Москва 1986

11. Анарбаева А.Т. Физика есептерін шығару тәсілдері Алматы «Мектеп»1987

12. Я.И.Перельман Қызықты физика «Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы» Алматы-1956

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше