Без рубрики

Күз бейнесі атты ашық сабағының жоспары

ШҚО Аягоө ауданы Мамырсу ауылы
С.Ғаббасов орта мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Сыдықов Қайрат Рақымжанұлының
бастауыш сыныпта өткізген «Күз бейнесі» атты ашық сабағының жоспары

Сабақтың мақсаты: оқушыларға заттың пішіні, көлемі және түсі арқылы сурет салу негіздерін үйрету.

Дамытушылығы: шығармашылық қабілетін, көркемдік талғамын дамыту.

Тәрбиелігі: оқушылар бойына болашақта қажетті тиянақтылық пен мұқияттылық, ұқыптылық қасиеттерін дарыту, ұжымда жұмыс істеу жауапкершілігін қалыптастыру.

Әдістер мен тәсілдері: зерттеушілік, дәстүрлі, емес сұрау, зерттеу сипатындағы тапсырмалар.

Көрнекілік: зертханалық жұмыс тапсырмалары бар таратпалар. Жеміс-жидек суреттері.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабақ мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.

Мұғалім: Балалар, бүгін сіздермен «Күз бейнесі» атты тақырыпты меңгеру үшін саяхатқа шығамыз. Сіздер саяхатқа шыққанды ұнатасыздар ғой! Ендеше, бұл сабақта ойын түрінде ғылыми-зерттеу институтына сапар шегеміз. Бұл институттағы ғалымдар жетекшілігімен сіздерге бүгін өз білімдеріңізді жан-жақты көрсету мүмкіндіктері туып тұр. Сынып 2 топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмалар жазылған таратпалар беріледі. Мұғалім таратпасын көрсетіп таныстырады. 1-ші бетінде бос графаларды толтыру қажет. Осы жерде орындауға тиісті тапсырмалар тізімі мен дұрыс орындалған тапсырмаларға қойылатын ұпай саны мен ұпайға сәйкес баға қатынасы көрсетілген.

 

Тапсырма

Ұпай саны

Баға

1. «Шырғалаң»

5

40 ұпай – «5»

2. «Зерхана»

10

31-39 ұпай – «4»

3. «Тәжірибе алаңы»

20

25-30 ұпай – «3»

4. «Сараптама»

5

25-тен аз ұпай – «2»

 

Балалар, әрбіріңнің топқа қосқан үлесің жалпы нәтижеге әсер етеді. Кез келген топ мүшесінің қатесі ұпай санының төмендеуіне әкеп соғады. Барлығы түсінікті болған кезде әр топқа тапсырмалар таратпаларымен жабық хат кілті таратылады.

Сәттілік тілейміз!

І – тапсырма – «Шырғалаң».

Таратпада әр топ жұмыс істейтін зертхана нөмірі сұрақтарға жауап арқылы көрсетілген. Әуелі жұмбақты шешу арқылы зертханаға барасыз. (2-қосымша).

Жұмбақ: 1-топ. Көк лағым көгенде тұрып семірген (Қарбыз)

2-топ. Байлауда, ақтап сенімді,

Сары қозым семірді. (Қауын)

Сұрақтарға жауап беру арқылы өз зертханамыздың нөмірін білесіздер.

І –топ. Жыл мезгілінің күз маусымына жататын қыркүйек айының рет саны — ? (9) Сіз осы зертханада жұмыс істейсіз. Ана тіліндегі «Күз» өлеңінің авторы — ? (Абай)

2 – топ. Ел алқаптан бидайды қамбаға жинайтын айдың реті — ? (10). Сіз осы зертханада жұмыс істейсіз. «Күз» өлеңін жазған ақын кім? (Абай).

Және оған қалай өтуге болатыны көрсетілген. Бірінші тапсырманы орындап, 2-шісіне кірісуге болады.

ІІ тапсырма – «Зертхана»

Зертхана ішін тәртіпке келтіру керек.

Тапсырма №1: 2 – топ. Суреттегі аталған қарбыз, қауын, шие, алма сияқты жеміс-жидектерді пішінінің кішірею ретіне қарай салыңыздар (орналастырыңыз)

Тапсырма №2: 2 – топ. Суреттегі жеміс-жидектерді пішінінің өсу ретіне қарай салыңыздар (орналастырыңыз)

 

ІІІ. Тәжірибе алаңы

Төмендегі фигуралық денелерді дәптерге салу керек. Қай жеміске осы денелерді ұқсатасыңдар?

 

1)

 

үшбұрыш (жүзім); дөңгелек (шие); сопақша (қауын)

 

2) Жеміс-жидектің суретін салу

3) Түстерін сәйкес бояумен бояу

4) Ыдыста 7 қызанақ салынған сурет көрсетілген. Өшіргішті қолдануға болмайды. Жылдамдық ескеріледі.

Тапсырма: Осы суретті көшіріп салу керек.

1 Ыдыс салу

2 Ыдысқа 7 қызанақты орналастырып салу

IV. Сараптама.

Жазылған «Күзгі өнімдерге» сараптама жасау: қауын, қызанақ, жаңғақ, дәнек, бүлдірген, алма, бұршаққап, таңқурай. Шырынды және құрғақ жемістерге жікте.

Шырынды жемістер. Құрғақ жемістер.

Мұғалім салынған жұмыстарға сараптама жасайды. Барлық тапсырмалар зертханалық таратпаларға орындалатындықтан, ұқыпты толықтыру қажет. Жұмысқа кірісер алдында табыс өздеріңіздерге байланысты екенін есіңізге саламыз. Сондықтан көбірек ұпай жинауға тырысу керек. Ұтып алған ұпайдан айып ұпайлары шегерілетін болады.

Әр топ өзінің нөмірі жазылған белгісі бар үшбұрыштың үш қырында арнайы белгілеу дөңгелекшелері бейнеленген.

«Қызыл» — сұрақ туындаса

«Жасыл» — жауап дайын

 

1 Рет нөмірі

 

Тапсырмаларды орындап біткен соң қорытынды шығарылады, баға қойылады. Осылай, саяхат сабақ аяқталады. Ойша жүріп өткен жолға көз салсаңыз, оңай болмағаны көрініп тұр. Аяғына дейін жетуге, құрметті оқушылар сіздердің білімдеріңіз көмектесті.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.