Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Ақтөбе қаласы
«Сымбат» жеке мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі
Кайдакова Жанат Бекболатовна

Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту, ойын тиянақтап, тұжырымдап сөйлеуге жаттықтыру, интеллектуалды және эмоционалды белсенділігін арттыруға дағдыландыру.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

А) Класты 3 топқа бөлу.

Ә) Әр топтан 1 мақалшы, 1 жұмбақшы белгілеу.

Б) Ойын тәртібін түсіндіру.

В) Әділ қазылар алқасын белгілеу.

Г) Әділ жауапты 10 ұпайға санау.

Сыныпты тәртіпке, ойын шартын мүлткісіз орындауға, бірін – бірі тыңдауға шақыру.

ІІ.Негізгі бөлім.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Мақал-мәтел – қай халықтың болсын ауыз әдебиетіндегі мазмұны бай, әр тілде сақталып келе жатқан інжу маржаны.

І бөлім. Мақалшылар жарысы.

Мақалшыларды таныстыру.

І топ:

Өнер толы бойында,

Білім алу ойында.

Әсем атты бұл қызға,

Кім тең келер ойында.

ІІ топ:

Сабағын да меңгерген

Жақсылықты жөн көрген

Ата-анасы Әділетке,

Әдемі есім теңгерген.

ІІІ топ:

Тас атқылап торғайды,

Қуалауға болмайды.

Қамқор болып құстарға

Әлімжан бәрін қорғайды.

Ойын 5 кезеңнен тұрады.

  1. «Білімдінің жүзі жарқын». Ойыншылар кезек-кезек мақал айтады. Бірін-бірі қайталамауы тиіс. Әр жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

  2. Белгілі тақырыпқа байланысты мақал-мәтел айтады.

  3. Мақалды аяқтау.

  4. Орны ауысқан сөздерді орнына қойсаң мақал-мәтел шығады. Көрермендерге тапсырма.

  5. «Түсін мені». Мақалды қимылмен көрсету. Ойыншылар қандай мақал – мәтел екенін табады.

ІІ бөлім: Жұмбақшылар сайысы.

Кіріспе: Ауыз әдебиеті шығармаларының бірі – жұмбақ. Заттың, құбылыстың өзіндік дербес қасиетін дөп басып, екінші бір затқа немесе құбылысқа ұқсастығын таппайынша және сол ұқсастықты айшықты түрде сөзбен суреттеп бермейінше жұмбақ дүниеге келмейді.

Жұмбақ – ақылдылықтың, тапқырлықтың мектебі.

Үш қатардан 3 жұмбақшы шығып, 3 жұмбақтан айтады.

  1. «Өнер білсең өлмейсің». /Ойыншылар бір-біріне жұмбақ жасырады/

  2. «Естімеген елде көп». /Әзіл жұмбақтар шешеу/

1.Су астында сіріңке жағуға бола ма? / Егер сен сүңгуір қайықта болсаң/

2.Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмайсың? /Ұйықтап жатырсың ба/

3.Жұмылған көзбен не көруге болады? /Түс/

4.Адам үйден биік секіре ала ма? /Үй секірмейді/

5. Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды? / Бос ыдыстан/

6.Шайды қай қолмен араластырған дұрыс? /Қасықпен/

3. «Күш – білімде».

«Тізбек құрау». Мұғалім жұмбақ айтады, оқушылар жауабына тізбек құрайды.

4.Жұмбақ есептер шешу.

5. «Іздеген табады,Сұраған алады», «Құпия жәшік». Жұмбақтарды шешу арқылы жәшіктің ішіндегі заттарды тауып алумен ұтады.

Қорытынды: Ең ұпайы көп ойыншы келесі ойынға шығады.

Ақырғы ойын: «Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады».

/Жұмбақ сөзді немесе мәтін тақырыбын айту/

Мұғалім: Бүгін біздің —————– бай болды, білімі өнеріне сай болды. Сендер бүгін жақсы ойнадыңдар. Әрқашан жолдарың болсын.

«Үздік мақалшы», «Үздік жұмбақшы» атақтарын беру, оқушыларды бағалау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше