Салт дәстүрден озбайық!
Ақтөбе қаласы
«Сымбат» жеке мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кайдакова Жанат Бекболатовна
Тақырыбы: «Салт дәстүрден озбайық!»
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларды халқымыздың бала тәрбиелеу дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру.
-
Жас ұрпақты өз ұлтының дүниетанымын сұлулығын сезінуге, үлгі алуға баулу.
-
Оқушыларды өз халқының дәстүрін, мәдениетін, әдет-ғұрпын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: халқымыздың тұрмыстық заттары, қанатты сөздер жазылған плакаттар.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалім:
-
Құрметті, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызтың тақырыбы «Салт дәстүрден озбайық!» деп аталады. Сабақты өтудегі негізгі мақсатымыз халқымыздың салт-дәстүрлері мен асыл мұралары туралы молырақ мәлімет беру. Қазақ халқының салт дәстүрлерінің түрлері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Қазіргі таңда осы дәстүрлер жаңаша жақсылықтармен толысып, салт-санамызға сіңіп, қастерлі қасиетке айналып келеді. Ендеше, ендігі сөз өздеріңде.
1 – жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, халқым менің
Ардақтап дәстүріңді, салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің бәрін жегін.
2 – жүргізуші:
Туған соң адам боп
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
1 – оқушы:
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
2 – оқушы:
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмасын антымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
3 – оқушы:
Бізді бұрын көрмеген
Салт-дәстүрі өлмеген
Үйренеміз дәріптеп,
Заманымда өлмеген.
Ән: «Туған жер».
Мұғалім:
-
Балалар, халқымыздың бала тәрбиелеу дәстүрінде ұлағатты ұлттық ұғымдар өте мол. Солардың бірнешеуімен танысып, сахналап көрсетейік.
-
Сүйінші. Қуанышты хабарды жеткізуші адам «Сүйінші!» деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі «Қалағаныңды ал» – деп ағынан ақтарылады. Немесе оған сыйлық ұсынады. Бұл шыне қуанғандықтың, ризашылықтың белгісі.
-
Балаға ат қою. Ауыл қариясы, отбасындағы үлкен кісі нәрестеге үш күннен қалдырмай азан шақырып ат қояды. Баланың құлағына үш рет айғайлап атын айтады.
-
Бесік той. Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл тойға шашуларын шашады.
-
Бесік жабдықтарын орын орындарына қою.
-
Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу.
-
«Тыштыма» ырымын жасау.
-
Бала бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу.
Ән: «Бесік жыры».
-
Баланың қырқынан шығару. Қырық күн толған соң нәрестенің «сүт тырнағы» мен «қарын шашын» теңгелер салынған ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.
-
Тұсау кесер тойы. Сәби жүре бастаған кезде ата-анасы «балам тез жүріп кетсін» деген оймен жасайды. Осы тойда баланың тұсауын кесіліп «жүйрік бол», «шауып кет», т.б. тілектер айтылады. Тұсау кесер жыры.
-
Тілашар тойы. Бүлдіршіннің тілі жеке-жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде тілі тез шығуы үшін дәстүрлі «Тілашар» тойы жасалады.
-
Сүндет той. Қалыптасқан дәстүр бойынша ата-бабаларымыз ер балаларды бес, жеті не тоғыз жасында сүндетке отырғызады. Бұл тойға қонақтарды баланың өзі шақырады. Келген қонақтар «Сүндетің қабыл болсын!» – деп балаға сыйлық сыйлайды.
-
Тоқым қағар. Бала бірінші рет алысқа жолаушылағанда өткізіледі.
Мұғалім:
-
Өз халқымыздың салтын білумен қатар, сол салтын, әдет-ғұрпын орындау, әрі дамыту әрбір ұрпақтың міндеті. «Халқын сүйген, салтын сүйеді» – деген ұлағатты сөзбен бүгінгі тәрбие сағатын аяқтаймыз.
