Без рубрики

Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік

Ақтөбе қаласы
«Сымбат» жеке мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі
Кайдакова Жанат Бекболатовна

Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесін меңгеру дағдысын қалыптастыру және іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету, сақтыққа үйрету.

Көрнекілігі: Көше ережелерін сақтау тақырыбына арналған әр түрлі суреттер, жол белгілерінің суреттері, бағдаршам макеті, жас автоинспектордың бас киімі мен таяқшасы.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалім: — Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» атты 4 класс оқушыларының тәрбие сағатын тамашалауға қош келдіңіздер! Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады. Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға керек.

1 – оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.

2 – оқушы: Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолмен жүру, көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.

3 – оқушы: Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзің сал сол жаққа.

Балақай, ортадан өткен соң,

Мойның сал сол жақтан оң жаққа.

4 – оқушы:Ұшқалақ бала ұрыншақ,

Ойлылық керек ұғынсақ.

Машина алдын кеспесек,

Майып боп уайым шекпесек.

5– оқушы:«Мен білем, бәрін мен» деме,

Отырған жоқсың бөлмеде.

Машина өтіп кеткесін,

Жолаушы алға беттесін.

Көрініс:

Бірнеше оқушы көлік жүретін жолда бір-бірін қуып, велосипед теуіп ойнап жүреді, кенеттен машина келіп біреуін қағып кете жаздайды.

Мұғалім: — Балалар, кездейсоқ қаазға көбіне адамдар жол ережесін білмегенен кейін тап болады. Сондықтан жол ережесін білуіміз және ережені сақтауымыз қажет.

6 – оқушы:Асығыпты көшеде,

Жел болып ол ұшыпты.

Машинаның астына

Абайсызда түсіпті

Өше қалған отындай

Жатыр бала сәл жанып.

Жүргізуші тұр дел-сал боп

Жүзін қара тер жауып.

7 – оқушы:Анасы кеп еңкілдеп,

Бала үстіне құлады.

Екі иығы селкілдеп,

Өксіп-өксіп жылады.

Жыламасын аналар,

Жас ұландар өсе бер,

Сақ болыңдар, балалар,

Сақ жүріңдер көшеде!

Оқушыларды орындарынан тұрғызып, көшедегі «тілсіз» көрсеткіштерді қалай ұғынатындарын айтқызу, жол белгілері жайлы білімдерін тексеру.

А) Жаяулар өтетін жер

Ә) Жаяулар өтуге болмайтын жер.

Б) Велосипедпен өтуге болмайтын жер.

В) Велосипедпен өтуге болатын жер.

Г) Жолдар қиылысы.

Осы сұраққа жауап алу кезінде «тілсіз» көрсеткіштердің бояу түстерін ажырату дағдысын жетілдіру.

Викториналық сұрақтар.

Бағдаршам боп киінген бала:

Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе

Кідірме, абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.

1 – оқушы:Қызыл жарық жанғанда

Қалт тоқтай қал табанда.

2 – оқушы:Сары шамы жағылса,

Сақ, абай бол барынша.

3 – оқушы:Жасыл жарық – жол ашық,

Зымырай бер, бел асып.

Бағдаршам:

Бейғам кісі – бейбақ,

Болбыр, бейғам болма.

Бас аяқты ойлап,

Бол ұқыпты жолда.

Үш жарық қосылып

Ирек-ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіңдеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Қорытынды.

Класс оқушылары саз әуенмен ортаға жиналады, хормен: «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік»

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.