Әдебиеттің жаңа деңгейі.Шаруалар көтерілісінің шығу себептері.Махамбеттің балалық,жастық шағы.Махамбет көтеріліс кезінде.Исатай қазасының және көтеріліс басылғаннан кейінгі кезеңде.

Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Самал Ағытайқызы
Пәні:Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Әдебиеттің жаңа деңгейі. Шаруалар көтерілісінің шығу себептері.
Махамбеттің балалық,жастық шағы.Махамбет көтеріліс кезінде.
Исатай қазасының және көтеріліс басылғаннан кейінгі кезеңде.
Мақсаты: Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы,Махамбет поэзиясы-өз дәуірінің үні
екенін, асыл сөздің кені,көркем тілдің ұстасы,ерлікке үндейтін жалынды үгітші
екені таныстырылады.
Дамытушылық: Оқушылардың поэзияға деген қызығушылығы артады.Ақын өлеңдеріндегі досқа,халыққа деген сүйіспеншілік,терең сезім шынайлығымен, мөлдірлігімен оқушыны сүйсіндіреді.
Тәрбиелеу: Өз Отанын,халқын ерекше құрметтеп,адамгершілікке,ауызбіршілікке тәрбиелейді.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру;
Түрі: Дәстүрлі емес;
Әдісі:СТО ( ДЖИКСО,ББМН); АКТ
Пәнаралық байланыс: Тарих, География,Музыка,Бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: сәлемдесу,түгелдеу,даярлау
Жаңа сабақ
І.Қызығушылығын ояту
Махамбет Өтемісұлы «Мұнар күн» ( Т.Жаманқұловтың орындауында)
-Балалар,бүгін біз өз дәуірінің үні,асыл сөздің кені,көркем тілдің ұстасы,ерлікке үндейтін
жалынды үгітші,қазақ халқының біртуар ақын батыры Махамбет Өтемісұлының өмірі мен
шығармашылығына тоқталамыз.
Сынып 4 топқа бөлінген.
І топ: «Ғалымдар»
ІІ топ «Тарихшылар»
ІІІ топ «Әдебиетшілер»
ІV топ «Зерттеушілер»

ІІ. Мағынаны тану
Кітаппен жұмыс
І топ: «Ғалымдар»- Шаруалар көтерілісінің шығу себептері.Махамбеттің балалық,жастық шағы.( Оқушылардың жауабымен қатар « Махамбет Өтемісұлы» тақырыбы бойынша слайд шоу көрсетіледі.)
ІІ топ: «Тарихшылар»-«Махамбет көтеріліс кезінде»(хронологиялық кесте толтыру)
ІІІ топ: «Әдебиетшілер»-Махамбет-халқын сүйген,халық мұңын жырлаған,елім деп еңіреген ақын. ( Берілген өлеңдер арқылы талдау жүргізу)
1. «Ереулі атқа ер салмай»
2. « Қызғыш құс»
3. « Баймағамбет сұлтанға айтқаны.»
4 «.Мұңайма»
5. « Арыстан одан кім өткен»
6 «.Мұнар күн»
7 «.Әй,Махамбет,жолдасым!»
8. « Махамбет атты батырмын»

ІV топ: «Зерттеушілер»- Махамбеттің денесі мен басы бірге жерленді ме? ( .Шахановтың «Қарақұм трагедиясы» шығ.бойынша ақпарат берілген.)
А) Махамбет шығармашылығын зерттеуші академик Қажым Жұмалиевтің мәліметтері басшылыққа алынды.
Ә) Биыл 2013 жылы Махамбет Өтемісұлының 210 жылдық мерейтойы аталып өтілмекші.

Дәптермен жұмыс:
Ой толғанысы: Махамбет поэзиясы-ұлтына ұран болған,рухы биік поэзия. ( Эссе)
Қорытындыланады:
Білемін Білмеймін Мен үшін жаңалық Не түйдім?

Бағалау
Үйге тапсырма : «Ереуіл атқа ер салмай», «Арыстан одан кім өткен» Жаттау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше