Без рубрики

Құстар біздің досымыз

Қостанай облысы, Рудный қаласы
№ 19 орта мектептің жарты күндік шағын
орталық тобының тәрбиешісі
Бугенбаева Тажида Асанбайқызы

Білім беру саласы: Таным     Бөлімі : Экология негіздері
Тақырып: Құстар біздің досымыз.

Мақсаты : 1.Жыл мезгілдері ерекшеліктері, құстар тіршілігі туралы түсінік беру.

2.құстардың түрі,дауыстары, тіршілігі туралы  білімдерін дамыту.

3.табиғатты бақылауға, қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

4.ата –бабамыздың құстарды қалай қастерлеп, құрметтегені туралы айтып, ой – өрістерін дамыту.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суретті тест қағаздары.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап, ойын.

Мотивациялық –қозғаушылық:

Шаттық шеңбері:

 

Арайлап таң атты,

Қайырлы таң балалар!

Алтын шапақ таратты,

Қайырлы таң балалар!

Әлемде нұр тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық!

Қайырлы таң балалар!

Жарқырады қаламыз,

Жайнай түсті даламыз,

Қайырлы таң балалар!

Аман Отан панамыз,

Аман ата-анамыз,

Қайырлы таң балалар!

 

Қане балалар, енді айтыңдаршы қазір қандай мезгіл?

Қыстап қандай құстар қалды?

Енді біздің сабаққа қонаққа сол құстар арасынан торғай келіпті.Біз торғайға өз білімімізді көрсетемізбе?  (интерактивті тақтада торғай ұшып келеді)

Ең бірінші торғай туралы тақпақ орындайықшы.

 

Мен торғаймын,торғаймын,

Суықтан да тоңбаймын.

Құрт –құмырсқа,шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын.

 

Ұйымдастыру –іздестіру:

Балалар табиғаттың екі түрі бар. Сол тірі табиғаттың бірі осы құстар әлемі. Халық ежелден-ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін дәріптеп, ең жақсы көретін адамын құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді.халық өз ортасынан шыққан саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуды – аққуға теңейді.Сол үшін біз құстарды ұрмауымыз керек, олрға жем беріп қамқор болуымыз керек.

Құстар- үй  құстары  және дала құстары болып екіге бөлінеді.

Үй құстарына қандай құстар жатады?

Тауық , әтеш, түйетауық, қаз.

Ал дала құстарының түрлері көп. Қазір сендер сол құстардың түрімен де, дауысымен де танысасыңдар.Оларды көру үшін торғаймен бірге орманға саяхатқа шығамыз.

Орманға саяхат: Интерактивті тақтамен жұмыс.

Саяхатқа шықпас бұрын жаттығу жасап аламыз.

Қарлығаштай самғаймыз,

Құсқа ұқсап ұшамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз.

 

Интерактивті тақтадан құстар әлемін тамашалатамыз.

Орманда тек құстар ғана емес, жануарлар да тіршілік етеді екен. Жануарлардыңда суретін , дауысын тыңдайды.

Қазақстан қорықтары:Алматы ,Наурызым,Қорғалжын,Алакөл.

Балалар ,біз құстарды, жануаларды қорғай алу үшін  елімізде қорықтар бар. Біздің Қостанай облысында Наурызым қорығы бар.Мұнда көптеген құстар,жануарлар қорғауға алынған.

Қызыл кітап:Жыланбүркіт,Шағала, Ақиық, Балықшы құсы, Аққұтан, Құмай т.б. Қызыл кітапқа енгенжануарлар мен құстар бар. Олрдың саны азайып бара жатқан соң, қорғауға алынған.

 

Қане балалар құстар туралы тақпақтар орындаймыз.

 

Тестпен жұмыс

Балаларға суретті тест қағаздары таратылады. Онда үй құстары мен дала құстарының суреттері салынған. 2-үй құсы,2-дала құсы бейнеленген.   Үй құстары

Дала құстары          белгілерімен белгілеу керек.

 

Ойын  «кім жылдам»

Балалар енді торғайға біз ұя жасап беруіміз керек қой . Сол үшін  3 топқа бөлінеміз да, ұя жасаймыз.

Ойын шарты:

3 топқа 3 конверт беріледі. Ол конверттің ішінде әр – түрлі пішіндер салынған . Балалар сол пішіндерден ұя құрастыру керек. Қай топ бірінші болса, сол топ ұтқаны.

 

Рефлексивті түзету: Балалар құстар әлемімен таныстыңдарма?

Құстарға қалай қамқор боламыз?

Құстар атауларын  еске түсірейікші.

Бүгінгі сабақ ұнадыма?

Ендеше торғаймен қоштасып , шығарып салайық.(Интерактивті тақтадан торғайды ұшыру)

 

Күтілетін нәтиже:Балалар құстардың, жануарладың түрін, дыбысын біледі.

Құстарға  қалай қамқор болуды меңгереді.

Табиғат әлеміндегі түрлі тіршілік көзін түсінуді , құрметтеуді игереді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.