Кашкеева Алуа Әділқадірқызы.
Алматы облысы Балқаш ауданы
№2 Жамбыл атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен
мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі. Білімі жоғары.
Еңбек өтілі 18 жыл. Бірінші санатты ұстаз.
Сабақтың тақырыбы: «Намысын бермеу үшін жатқа қолдан».
Әйел. Ана. Қоғам.
Сын тұрғысынан ойлау сабағы.
-
Мақсаты: Екі көркем туындыдағы ең өзекті мәселені сөз ете отырып, екі шығармаға да ортақ идеяны айқындау.
-
Тәрбиелік-танымдық мақсаты: Адамды сүю, әйел-ананы құрметтеу, олардың алдында қоғамдық жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерге баулу.
-
Дамыту мақсаты: М.Дулатов пен С.Көбеевтің шығармашылығын таныту, тіл шеберлігін, ізденіс жолдарын айқындау, қосымша ғылыми зерттеулермен жұмыс істеуге үйрету, көркем шығармадағы ең басты мәселені ажырата білуге дағдыландыру, өзіндік ой-пікір қозғай білуге баулу.
-
Кіріспе сөз: Жер бетіндегі тіршілік атаулыдағы ең қасиетті дүниелерді Ана есімімен байланыстырады. «Отан-Ана», Жер-Ана». Өйткені Ана-әйел- тіршілік көзі, жер бетіне өмір әкелуші. Қай ұлттың болмасын адамдық болмысы оның әйел-анаға деген қарым-қатынасы арқылы танылады.
Біздің қазақ халқы дүниеге небір аяулы арулар мен асыл аналарды әкеліп, олардың есімін ұрпақтан-ұрпаққа аңыз етіп жеткізген. Сондай арулар-даламыздың дарынды перзенті М.Дулатовтың және С.Көбеевтің қаламынан туған тұңғыш қазақ романының кейіпкерлері ару Жамал мен Ғайша еді. Жамал мен Ғайшаның өкінішке толы мұңды тағдырлары-өздері өмір сүрген қоғамдық ортаның іс-әрекеті еді.
Ендеше ,бүгінгі сабағымыздың тақырыбын Әйел.Ана. Қоғам деп алуымыздың өзі соған дәлел болса керек. Осылайша сын тұрғысынан ойлау сабағын бастаймыз.
Алдымен бұларға тоқталмас бұрын мынадай сұрақтарға жауап беруіміз керек.
-
Жамал мен Ғайша бейнесі.Олардың ғашықтары Ғани мен Қожаш бейнесіне.
-
Атастырылған адамдары Тұрлығұл мен Жұман бейнесі, әкелері Итбай мен Сәрсенбай бейнелеріне тоқталып кетсек.
Үзінді |
Үзінді жайлы пікір |
Мысал: Тоты құс едім бақшада, Қара құсқа жем еттің. Хан қызындай басымды, Бір жаманға тең еттің. |
|
-
Шығармадағы мақал-мәтелдерді салыстыру, оқушылардың ой-пікірлерін сұрау.
-
Мал бітпес жігіт болмас, құрарына қара,
-
Ұл таппас қатын болмас, тұрарына қара.
-
Анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш.
-
Қашқан жауға қатын ер.
-
Оқушылардың кейіпкерлермен кездесуі.
-
Егер қазіргі өмірде Итбаймен кездессең не дер едің?
-
Егер Серғазы өмірде болса, неге сіз екі жақты болып Ғайшаның өміріне қалдыңыз? Артынан ойлағаныңыз кеш болмады ма?
-
Тұрлығұлға былай дер едім: «Бұл сіздің қызыңызбен жасты ғой, сіз қызыңызды өзіңіз сияқты шалға берер ме едіңіз?
-
20 ғасырдың басындағы қоғам мен қазіргі өмірді салыстыру.
-
Әйел-Ана туралы пікір, көзқарас, мақал-мәтел.