Без рубрики

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану мүмкіндігі

"БҚОББ Орал газ, мұнай және салалық
технологиялар колледжі" МКҚК

Қадырбек Самал Қадырбекқызы

Қазіргі уақыт сұранысына байланысты, сапалы маман иелерін әзірлеу үшін сабақ өткізу барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану қажет. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытты ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдың бірі — бағдарламалық-техникалық кешен болып саналатын «Активті эран» болып табылады.

Бұл кешен білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивті жүйе болып табылады. Кешеннің құрамына компьютерге және проекторға тізбектелген порт арқылы қосылатын, қабырғаға ілінетін 1,88м тақта, басқаруға керекті, екі қалам және жазуға арналған блокнот кіреді.

Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін тақтаны оқытушыға дәріс деректерін қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен студенттердің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады.

Интерактивті тақта қай сабақтың түріне болса да тиімді. Ол бір мезгілде тақтаның және көрнекі құралдардың, сабаққа керекті материалдарды оқушыларға дайын түрінде көрсетуге қолданылатын жүйе. Сабақты өткізу барысындағы бағдарламалық-техникалық кешенін пайдалану және негізгі мүмкіншіліктерін қарастырайық.

Мысалға: «Бағдарламалау тілдері» пәні бойынша мен дәріс сабағында тақырыбымды ауызша түсіндіру барысында интерактивті тақтаны көрнекі құрал ретінде пайдалана аламын: ол үшін Пуск Все программы Microsoft Visual Basic 6.0 программасын ашып көрсетіп, ол программамен қалай жұмыстынуға болатынын түсіндіремін. Содан соң сабақты бекіту барысында оқушылар тақтаға шығып программаны көрсете алады және өзгертеді.

Дәрістің соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысынды жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады. Сонымен қатар, интерактивті тақта, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет – ресурстарын қолдана алады.

Ал енді біз тақтамен жұмыс жасайтын болсақ онда Activstudio бағдарламасын іске қосымыз: ол үшін батырмасын басып жұмыс үстелін экранға шығарамыз.

 

 

 

Новый флипчарт мәзірін тандап «Активті экран» программасын іске қосамыз.

 

 

 

 

 

 

 

Бұл тақтаның қосымша мүмкіндіктері көп.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен, интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиймді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.