Семей қаласындағы
№34 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Айтжанова Асел Сағынқызы
Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың мақсаты: 10 көлемдегі сандардың қосындысы мен айырмасын табу дағдыларын жетілдіру;
Сабақтың міндеттері: 1. Амалдарға байланысты компоненттерді білу;
2. Сандар арасындағы байланысты саналы түрде пайдалана білу;
3. Каллиграфиялық ережелерді орындау, тақтада, дәптерде дұрыс жазуға қалыптастыру;
Пайдаланылған көрнекіліктер: Таблица, оқулық, қима цифрлар, шырша,
ойыншықтар;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі;
ІІ. Өткен материалды қайталау;
а) «Жалғастырып сана» ойыны;
(35……., 77……., 86……,97……)
ә) Кесте бойынша санның құрамын анықтау;
ІІІ. Жаңа сабақ
а) практикалық жұмыс;
ә) мұғалім түсіндірмесі;
б) оқулықпен жұмыс;
в) логикалық жаттығулар;
д) сергіту минуты;
ІV. Қорытындылау, бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқу құралдарын түгендеп, орын-орнына қойғызып, партада дұрыс отыруларын қадағалау;
ІІ. Өткен материалды қайталау
а) «Жалғастырып сана» ойынын ойнату;
(35……., 77……., 86……,97……)
Ары қарай жалғастырып санатып ойнату
ә) 7, 8, 9 сандарының құрамын қайталау
|
7 |
|
|
5 |
|
|
|
4 |
|
6 |
|
|
7 |
|
|
5 |
|
|
|
4 |
|
6 |
|
|
8 |
|
|
|
7 |
|
5 |
|
|
|
2 |
|
9 |
|
|
6 |
|
|
|
7 |
|
8 |
|
ІІІ. Жаңа сабақ
а) Ортаға аяз ата мен қарша қызды шақырып жұлдызды жағу. Шыршаға ойыншықтарды ілу;
ә) Өздері әсемдеген шыршаға назар аудартып, 10 санының құрамын анықтау;
«Ондық» ұғымын енгізу. Сурет бойынша түсіндіру.
б) Оқулықпен жұмыс 100 беттегі №3 тапсырманы дәптерге орындау
Кесінділерді дәптерге сызу. Бірінші кесінді 6см, ал екінші кесінді 3см;
6см – 3 см = 3см
№4 тапсырма төртбұрыштарды табу
7
3 5
в) Логикалық жаттығулар
д) Сергіту минуты
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ
Алақанды ашайық,
Беске бесті қосайық.
Оң аяқта 5 башпай,
Сол аяқта 5 башпай
Бесті беске қосқанда
Болады екен 10 башпай.
№6 тапсырма тақтаға орындату
3+2=5 8+2=10 7-3=4
6-4=2 9-1=8 5+4=9
10-1=9 7+3=10 10-4=6
9+1=10 6+4=10 9-2=7
ІV. Сабақты қорытындылау, бағалау
Жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру. Әр оқушыға кесте таратып беру.
Сабақты Аяз атамен қаршақыздың сөзімен аяқтау, сыйлықтармен бағалау.








