Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

ШҚО, Абай ауданы, Ш.Абенов атындағы орта мектептің
физика, информатика пәні мұғалімі
Байбекова Венера Заманбекқызы

Жаңа білімді меңгерту

I. Сабақтың тақырыбы:  Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

II. Сабақтың мақстаты:

  1. 1.      Білімділік. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру.
  2. 2.      Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту. Ойлау қабілетін, танымын, өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғауын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу.
  3. 3.      Тәрбиелік. Оқушыларды батылдыққа, көрегендікке, еңбекшілдікке  тәрбиелеу. Оқушының ғылымға деген қызығушылығын арттыру;

III. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

IV. Сабақтың әдісі: Тірек-сызбалармен, формулалармен, құрал-жабдықтармен жұмыс.

V. Көрнекіліктер: Тірек-сызбалар, құрал-жабдықтар.

VI. Сабақтың барысы:

  1. 1.      Ұйымдастыру.
  2. 2.      Үй тапсырмасын тексеру. (тірек-сызбалар бойынша жауап беріңдер).

1-      тірек-сызба

 

Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды

Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электр тогының өлшем бірлігі-Ампер (А)

Электр кернеуінің өлшем бірлігі-вольт (В)

 

 

 

 

 

 

2- тірек-сызба

 

 

 

 

 

 

Балама тесті (иә, жоқ)

  1. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы кедергі деп атайды.
  2. Ток күшін өлшейтін құралды вольтметр деп атайды.
  3. Электр тогының қуаты деп уақыт бірлігіндегі жасалған жұмысты айтады.
  4. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы кернеу деп аталады.
  5. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі                .

 

 Жаңа сабақ:

Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.б элктр құралдарын пайдаланады. Бұлар әр түрлі жалғанады.

Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастрайық:

1-жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды (1-сурет).

1-    сурет                     2-сурет

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллел жалғау деп атайды (2-сурет).

3-тірек-сызба

 

Өткізгіштерді параллаль жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.

Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VII. Сабақты қорыту.

1. Есептер шығарту

1-есеп. R1 резистордағы кернеу 3 В-қа тең. R2  резистордағы кернеу неге тең?

Берілгені:

U1=3B; R1=1Ом; R2=4Ом

т/к: U2-?

Шешуі:

Екі резистор тібектей жалғанғандықтан өтетін ток күші бірдей. Сондықтан өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндегі формулаларды қолданамыз.

; .    формуласынан шығатыны

 

   Жауабы:   U2=12B

            2-есеп. Әрқайсысы 6 Ом резистордың қосылу сызба нұсқасы суретте көрсетілген. Электр тізбегінің барлық бөлігіндегі жалпы кедергісін анықтаңдар.

Берілгені:

R1=R2=R3=6 Ом

т/к: Rж-?

Шешуі:

Бұл сызбада астыңғы екуі параллаль жалғанып, үстіңгі біреуіне тізбектей жалғанаған. Сондықтан екі түрлі жалғау жағдайын қарастырамыз.

;

 

Жауабы: Rж=9 Ом

Сапалық есептерден сұрақтар

  1. Аккумуляторды зарядтау кезінде оның қақпақтарын ашып қояды неге?

Жауабы: аккумуляторды зарядтау кезінде сутегі мен оттегі бөлінеді. Егер қақпақ ашылмаса жиналған газ аккумуляторды жарып жіберуі мүмкін.

2. Қараңғыда қант сындырғанда әлсіз жарқылды байқауға болады. Осыны түсіндіріңдер.

Жауабы: Қант сындырғанда зарядталады.

3. Неге электр сымдарына қонып отырған құс, жоғары кернеуді қосқанда ұшып кетеді?

Жауабы: Электростатикалық өрістен құс қауырсындары өзара әсерлесіп аралары ашыла бастайды. Осы қолайсыз әсер құстың ұшуына себеп болады.

4. Электр желісіне ұшып келіп қонған құсқа токтың әсері неге білінбейді?

Жауабы: Құстың денесі мен оның аяқтары арасындағы өткізгіш бөлігі өзара параллель. Мұндай тізбектегі ток күші кедергіге кері пропорционал құс денесінің кедергісі АВ өткізгіш кедергісінен анағұрлым артық болатын, ондағы ток күші аз. Ол құсқа қауіпті.

2. Тест тапсырмаларын орындату.

VIII. Бағалау.

IX. Үйге тапсырма. V тарау бойнша барлық формулаларды жаттау.

Один комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше