Білімдерді талдап қорыту және жүйеге келтіру сабағы
ШҚО, Абай ауданы, Ш.Абенов атындағы орта мектептің
физика, информатика пәні мұғалімі
Байбекова Венера Заманбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі ортадағы электр тогы
Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың әр түрлі ортаның электр тогын өткізуіндегі заряд тасушылары, негізгі заңдары, Вольт Амперлік сипаттамасы: техникалық қолданулары туралы алған білімдерін бір жүйеге келтіріп, жалпылау. 2. Өтілген материалдардан негізгілерін ала отырып, оны жалпылап жүйеге келтіру дағдыларын қалыптастыру. 3. Жалпылау әдістерін қолдану арқылы «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауынан алған білімдерін белгілі бір жүйеге түсіру
Сабақтың түрі: білімдерді талдап қорыту және жүйеге келтіру сабағы
Қолданылатын әдістер:1. Әңгімелесу әдісі
2.Салыстыру (аналогия) әдісі
3.Кестемен жұмыс істеу
4.Модельдеу әдісі
Көрнекілігі: 1. Плакат,әр түрлі адағы электр тогын
жалпылап көрсететін кесте
- Плакат:Тест сұрақтары
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І.Тірек білімдерді актуальдау және сабақты өтуге дайындық.Қайталауға арналған сұрақтар.
Мұғалім:Электр тогы дегеніміз не?
Оқушы:Электр тогы дегеніміз-зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.
| Ι. | Тірек білімдерді актуальдау және сабақты өтуге дайындық(10 мин) | Электр тогы:1)Ток күші,оның формуласы,өлшем бірлігі.
2)Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. 3)Кернеу,оның формуласы,өлшем бірлігі. 4)Кедергі,өлшем бірлігі. Меншікті кедергі. |
А)Сұрақ-жауапӘ)әңгімелесу
Б)тақтаға жаздыру |
| ΙΙ. | Өтілген бөлім бойыншатеориялық материалдарды қайталау және
талдау қорыту (15 мин) |
1)Металдардағы электр тогы.2)Электролиттердегі
электр тогы. 3)Газдардағы электр тогы 4)Вакуумдегі электр тогы. 5)Жартылай өткізгіш- тердегі электр тогы. |
А)Әңгімелесу |
| ΙΙΙ. | Білімдері мен шеберліктерін күрделі жағдайларға қолдану(17 мин) | 1)Тестпен жұмыс2)Плакаттағы кесте бойынша жұмыс. | А)Аналогиялық әдісә)Әңгімелесу
б)жалпылау |
| ΙV. | Сабақты қорытындылау,үйге тапсырма
беру(3 мин) |
Оқулыктағы Хтарау.§67-81(қайталау оқу) | А)Тақтаға жазуӘ)Оқушылардың күнделіктеріне жаздыру |
