Физика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту

ШҚО, Абай ауданы, Ш.Абенов атындағы орта мектептің
физика, информатика пәні мұғалімі
Байбекова Венера Заманбекқызы

Оқушылардың өз ойларын ғылыми- таным әдістеріне сүйеніп дамытуы физикалық білімнің тиянақты да терең болуын туғызады. Физиканы оқытудың ғылыми әдістерінің негізгісі- құбылысты бақылау мен эксперимент жасау арқылы арнайы дайындалған дидактикалық материалдар көмегімен оқушылардың білім меңгеруін қарастырайын.
Оқушыларға қойылған проблема бойынша мұғалімнің жасаған тәжірибесін бақылап, ой тұжырымдауы тапсырылады. Тәжірибе орындалып болған соң, оқушылар алдында тәжірибеде пайдаланған приборлардың осы жердегі мақсаттық пайдалануы; байқалған құбылыстарды айқындау; бұл құбылыстың себептері мен салдары; құбылыстың ерекшелігі секілді бірнеше проблемалар қойылады. Бұл жұмыстар сабақтың кез-келген кезеңінде:

а) үй тапсырмасын тексергенде;

б) білімді көкейтестілендіруде;

в) жаңа материалды түсіндіруде;

г) материалды бекітуде;

д) лабараториялық эксперимент және практикум сабақтарында беріледі.       Мысалы, біз оқушының электр тогы мен кернеудің байланысын тағайындау мақсатында мұғалімнің жасаған тәжірибесін бақылауын төмендегідей әдіспен ұйымдастырдым. Бұл үшін оқушыларға арнайы дайындалған мынандай дидактикалық парақтар үлестірілді.

Оқушының бақылау нәтижесі бойынша жұмыс парағын   толтыру

Менің   бақылауларым:

1.Эксперименттің     бастапқы кезінде  мен не  көрдім:    Мұғалім  тәжирибе жасады.                                                                                     2.Одан кейін мен не  байқадым:   электр  тізбегін  тұйықтау кезде шамдар жарқырап жанды, олардың  жарқырап  не  әлсіреуі реостаттың  жылжымалы  контактісін  қозғағанға байланысты  болды.                                                                                                                                           3.Құбылысқа қатысты физикалық  объектілер: амперметр, вольтметр, кілт,үш шам,ток көзі,реостат,жалғағыш сымдар.

4. Оқиға  кезінде  әрбір  дене  қандай өзгеріске  түсті:  аперметр  мен  вольтметірдің  тілдері  реостаттың  қалпына  қарай  ауытқып  отырды,  оған  сәйкес  шамдардың  жарқырауы  да  өзгеріп  отырды.                                                                                                                               Менің  ойларым:                                                                                                             5.Процестің,құбылыстың болу  себебі: біріншіден, тізбек дұрыс  жалғанып,тізбекте ток  жүреді, екіншіден, кедергіні арттыру немесе кемітуге байланысты  ток күші Ом  заңына  байланысты бірде  артып,бірде кеміп отырады.

6. Процестің ,құбылыстың салдары: экспримент кезінде шамдардың жарқырауы түрліше болады.

Менім қорытындарым:

7. Мен мынадай құбылысты (заңдылықты) байқадым:Реостатты ары-бері қозғау арқылы ток күші арттырылады және кемітілді.

Ом заңына сай ток күші кернеуге тура пропорционал болып шықты.

8. Құбылыстың ерекшеліктері. Электр тогы мен кернеу арасындағы байланысты тағайындау экспериментке қолданылған шамдардың жарқырауы арқылы-ақ, қай кезде тоқтын артқанын немесе кернеудің кемігенін және керісінше байқауға болады.

«Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбын өткенде оқушыларға ток күші мен кедергінің тәуелділігі тағайындау мақсатында келесі тапсырма берілді.

Тапсырма.

    Берілген приборлар мен материалдар арқылы электр тогы күші мен кернеудің байланысын тағайындаңдар.

Мұнда оқушыларға қажетті приборлар мен жабдықтар үстел үстіне алдын-ала қойылады.

Мен оқыту экспериментін  өткізген 8-сынып оқушысы  Мырзағазы

Қаламқастың физикалық эксперимент жасау бойынша есеп толтыру

парағын келтірейін.

  1. Мен білгім келеді:

Өткізгіштерді ток күші шамасының кедергіге қалай тәуелді екенін.

  1. Менің бұл туралы білетінім:

Ом заңы бойынша ток күші мен кедергі бір-біріне кері пропорционал.

  1. Қажетті приборлар мен материалдар:

амперметр, вольтметр, гальваникалық элемент,кілт,екі өткізгіш.

4. Менің орындайтын іс-әрекеттерімнің жоспары:

а) электр тізбегінің схемасын сызу

б) тізбек құрастыру

в) екі өткізгіштің кедергісін реостат арқылы реттеу

г) приборлардың тілдері ауытқиды.

Нәтижесінде мынаны аламын:

а) схема дұрыс сызылады

б) тізбек дұрыс құрастырылады

в) ток күші мен кернеудің көрсетулері өзгереді

г) приборлардың көрсетулері жазып алынады.

5. Қорытынды жасаймын: параллель жалғанған екі өткізгіштің кедергілерін арттырғанда ток күші кемиді.

6. Нәтижелерді түсіндіремін: екі өткізгіштегі ток шамасының өзгеруі өткізгіштерді жеке-дара алып қарағанда олардағы токтың артып не кемуінен түрліше болды.

7. Нәтижелерді талдаймын: екі өткізгіштегі ток шамасының түрліше болуы өткізгіштерді параллель жалғауына орай өткізгіш сымның тармақталуын,сәйкесінше токтың да екі тармақта түрліше болып кетуін туғызады.

Оқушыларға есеп-тапсырмалардың ұтымды беріліп отыруы оқушылардың физика пәніне, физика ғылымына оң көзқарастарын қалыптастырып, физикалық білімнің теңдеуіне, оқушылар шығармашылығын дұрыс арнада жүргізуге мүмкіндік беретінін практика көрсетті. Оқушылар шығармашылығын дамыту есеп шығаруда олардың ғылыми таным әдістерін меңгеруімен қатар, оқыту процесінде компьтер арқылы жұмыс жасай білуіне де талап қояды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше