Электрондық кестелердегі деректерді өңдеу
Уразалина Гүлзия Шолтаевна Ақтөбе қаласындағы №39 қазақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі.
Сабақтың жоспары
Класы: 8
Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелердегі деректерді өңдеу.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: электрондық кестені толтыруды, жазуды, есептеуді, өңдеуді үйрету.
ә) дамытушылық: ойлау, шығармашылық қабілетін ояту.
б) тәрбиелілік: шапшаңдыққа, ықшамдылыққа, бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: баяндау
Сабақтың әдісі: ассоциациялау, БҮҮ,
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, кеспе қағаздар, кестелер түрлері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгелдеу, класс тазалығын тексеру.
І. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Үйге берілген тапсырманы пысықтау мақсатында «Кесте» сөзжұмбағын шешіп көрейік:
Сұрақтары:
- Орысша бейімделген дестелердің бірі (АБАК)
- Microsoft Office бағдарламасының бірі (MS Excel)
- Кестеде тек бір ғана жол болуы мүмкін кестені не деп атаймыз? (Сызықтық)
- Ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуін не деп атайды? (Кесте)
- А1, С5, Н15, т.б. кестедегі ұяшықтың – … деп аталады. (адресі)
Сонымен:
1980 ж. Жол Баған Ұяшық Адресі
Бағандар латынның бас
әрпімен беріледі Жолдар
Сақтауға Басуға Көшіруге Диаграмма құруға
ІІ. Жаңа сабақ:
Электрондық кесте – ұяшықтарында деректер (мәтіндер, сандар, формулалар) жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі. Электрондық кестенің ұяшығына алғашқы деректерді, яғни мәндерін енгізуге болады.
Мәндер мынадай типтерде:
– мәтіндік;
– сандық;
– формулалық;
– датасын және уақытын көрсететін болуы мүмкін.
Мәтін мен сандар тұрақты ретінде қарастырылады. Оларды ұяшықты редакциялау жолымен ғана өзгертуге болады.
ЭК – дегі мәтіндік жазбалар әріптердің, сандардың және арнайы символдардың, қаандай да болса тізбегі болуы мүмкін. Мысалы, «И.Алихан», «8 А сынып», «200 теңге».
Егер бірінші символ тырнақша болса, апостроф, бос орын немесе цифрлар әріптермен кезектеліп келсе, онда символдардың, қандай да болса жиыны мәтін ретінде қабылданады. Мәтіндік ақпаратты енгізгенде <Enter> пернесін басқаннан кейін, мәтін сол жаққа тураланады.
Сандық деректер – бұл цифрдан «+» немесе «-» белгілерінен немесе ондық үтірден басталуы мүмкін цифрлар тізбегі.
Қазіргі кестелік процессорлар дата мен уақыт символдарымен жұмыс істей алады. Дата мен уақыт мәнін айқындалған пішінде енгізу керек. Дата мен уақыт енгізу кезінде ғасыр басынан бастап, енгізілген күнге дейінгі күн санын анықтайтын реттік нөмірге түрленеді. Уақыттың мәні санның бөлшек бөлігі түрінде сақталады.
Уақытты 12 немесе 24 сағаттық пішімде көрсетуге болады. егер 24 сағаттық пішім қолданылса, онда МА (түске дейін) немесе МР (түстен кейін) көрсетудің керегі жоқ. Дата мен уақытты бір ұяшықта көрсетуге болады, онда оларды бос орынмен бөлу керек: 13/11/04 15:23
Электрондық кесте ұяшықтарына деректерді ғана емес, құрамдас функцияларды және формулаларды да енгізуге болады.
Формулаларда математикалық және салыстыру операторларын қолдануға болады.
Формулаларда қолданылатын операторлардың математикадағыдай келесі басымдықтары бар:
- ( ) – дөңгелек жақша ішіндегі амалдар.
- % – процент.
- ^ – дәрежеге шығару.
- . немесе / – көбейту немесе бөлу.
- + немесе – – қосу мен азайту.
- < > = – салыстыру операторлары.
Excel—де функция қолдану.
Таблицамен жұмыс жасағанда мәліметтерді есептеуде функция өте көп көмек береді. Математические, статистические, логические, финансовые бөлімдерінде әртүрлі функциялар бар. Функция қолдану үшін аспаптар тақтасындағы мастер функций кнопкасын басыңыз немесе «Вставка»®«функция» командасын таңдаңыз. Мастер функций- шаг 1 из 2 сұхбат терезесі ашылады. Қажетті категорияны таңдап, ондағы функция бойынша қай ұяшықтағы мәліметті есептеу қажеттігін көрсетесіз. Төмендегі суретте кейбір қажетті функциялар бойынша есептеулер көрсетілген. Мысал ретінде 64 және 4 сандары алынған. Мастер функций кнопкасын басу арқылы осы сандарға әртүрлі функция есептеуге болады.
Математикалық функциялар да өте көп. Төменде солардың кейбірін қолданып есептеулер жүргізілген. Мысал ретінде 16 саны алынған. Бұл функциялар математикалық есептеулер жүргізгенде өте қолайлы.
Бұл программада басқа да математикалық функциялар бар. Олар: ACOS, ABS, ASIN,ATAN, ATANH, TAN, TANH, MOБP, МУМНОЖ, НЕЧЁТ және т.б.
ІІІ. Класс жұмысы.
11.7. Тапсырма. Қоңырау кестесінің электрондық кестесін құрыңыздар:
1. А1 ұяшығына «Қоңырау кестесі», В3 ұяшығына – «Сабақтың басталуы»,
С3 ұяшығына «Сабақтың аяқталуы», ал А4 : А10 – «1 сабақ», «2 сабақ», …, «7 сабақ»; Е3 ұяшығына – «Сабақтың жүргізілуі»; Е4 ұяшығына – «Үзіліс уақыты» деп мәтін енгізіңіз.
2. Берілген мәндерді енгізіңіз: В3 ұяшығына – 8:30; F3 – 0:45; F4 – 0:10
3. Қалған ұяшықтарға формулалар енгізіңіз: сабақтың соңы мына формула бойынша есептелуі керек «Сабақтың басталуы» + «Сабақтың аяқталуы». Қандай формула жазылуы керек? = C3 + F$3.
4. В5 ұяшығына қандай формула жазасыз? = C4 + F$4.
5.Сіздің кестеңіздің түрі мыны түрде болуы тиіс.
Сабақтың басталуын толтыру үшін:
<Enter> пернесін шерткеннен кейін:
Сабақтың аяқталуын толтыру үшін:
<Enter> пернесін шерткеннен кейін:
Осылай барлық ұяшықтарды толтырып алғаннан кейін:
ІҮ. 11.8. Тапсырма. Класс журналының электрондық кестесін құрыңыздар, ол үшін оқушылардың фамилиясы мен атын жазып, ІІІ – тоқсандағы бағасын қойып, сонымен қатар күндерді қою керек. ЭК – нің орындалу реті төмендегідей орындалуы керек:
1. А1 ұяшығына – оқушылардың аты-жөні.
2. В1 ұяшығына – 1-ші күнді, келесі ұяшықты толтыру үшін қандай формуланы пайдалануға болады? = B1 + 7
3. B2 : J8 ұяшықтарына оқушылардың бағаларын қойылуы керек.
4. К бағанына барлық бағалардың арифметикалық ортасын табу керек, ол үшін мына формуланы пайдаланамыз. (=ОКРУГЛ(СРЗНАЧ(B4:J4);0)), бұл формуланы теру үшін функция шеберін қолдану керек.
Оқушылардың аты-жөні енгізіп болғаннан кейін К3 ұяшығын толтырып болғаннан кейін Вставка Функция → Мастер функции → СРЗНАЧ → ОК → Аргументы функции → ОК батырмасын шертеміз.
<Enter> пернесін шерткеннен кейін:
Ү. Қорытындылау: Бүгінгі сабақта СТО стратегиясын пайдаланып:
| Білемін | Үйрендім | Үйренгім келеді |
| Кестені | Деректердің типін | Формула пайдаланып есептер шығаруды |
| Жолды | Сандық | Процентті есептеуді |
| Бағанды | Мәтіндік | Салыстыру амалдарын қолдануды |
| Ұяшықты | Формулалық | Блок адресін жазуды |
| Пайда болған жылын | Дата мен уақытты | Статистикалық функцияны қолдануды |
| Сызықтық кестені | Функцияларды, формулаларды | Логикалық функцияны қолдануды |
ҮІ. Үйге тапсырма: Электрондық кестеде факультатив сабақтарыңның кестесін құру.
ҮІІ. Бағалау: Қатысқан оқушыларды бағалау.
