Хабарлы сөйлем
Макуова Нуршат Аманкосовна
Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласы
«Сымбат» жеке мектебі
Ісанатты мұғалім
Пәні:Қазақ тілі
Сыныбы: 2 «б»
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
1.Жаңа тақырыпты ашуарқылы оқушылардың хабарлы сөйлем және оның тыныс белгісі жайындағы білімдерін қалыптастыру.
2.Оқушылардың тілін,шығармашылық қабілетін дамыту,әдемі,көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.Ой-өрістерін,өз ойын ашық әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
3.Жақсы мінез-құлыққа,сөз мағынасын түсініп,байланыстырып сөйлеуге,сөздік қорларын молайтуға жетелеу.Сөйлеу шеберлігін,мәдениетін қадағалай отырып,өз ана тілін құрметтеуге, сүюге баулу.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта пайдалану арқылы хабарлы сөйлем туралы слайдтар, түрлі-түсті суреттер,ережелер,тірек схемалар,шаблондар,т.б.
Сабақтың типі: Жаңа материалдар түсіндіру.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:Үш өлшемді әдістемелік жүйе.
Пән аралық байланыс:бейнелеу өнері,өзін-өзі тану пәні,ана тілі,дүниетану,т.б.пәндер.
Сабақтың жүрісі:І.Ұйымдастыру кезеңі.
а)Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.
б)Оқушылардың ұраны
Оқушының деңгейі
ІІ. Үй тапсырмасы:
223-жаттығу
Ребусты шешіп,шешуіндегі сөзге әңгіме құрау.
Ережені еске түсіру:
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.Сөйлемнен соң не нүкте(.),не сұрау белгісі (?),
не леп белгісі (!) қойылады.
Алгоритмдік саты
Көрініс
Сыныпқа Айжамал хабар әкеледі.
Хабарландыру
11-ші желтоқсан күні сағат 5-те “Балдәурен” фестивалінің ән байқауы
өтеді.Қатынасуларыңыз сұралады.
Мектеп әкімшілігі
Оқушыларға ережені өз беттерімен шығарту.
Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді
хабарлы сөйлем дейді.Хабарлы
сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады:
Оқушылар мұражайға барды.
224-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы.Әр сөйлемде не туралы айтылған?
Итбалық балықпен қорек-тенеді. Ол өте жақсы жүзеді,
керемет сүңгиді.Аяқ орнында жүзу қанатшалары бар.
Итбалықтың күшіктері де аппақ.Сондықтан оларды ақүрпек деп атайды.
Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.
Эвристикалық саты
225-жаттығу
Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып
көшіріп жаз.Мәтінге ат қой.
Оқулықтағы нұсқасы:
Бұлбұл-кішкентай құс ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды бұлбұлдың үні
құлаққа өте жағымды
Оқушылардың өз бетімен орындаған жұмысы:
Бұлбұл
Бұлбұл-кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні
құлаққа өте жағымды.
–Бұлбұл туралы білетіндерін айту,еске түсіру;
226-жаттығу
Сөздерді оқып,әйелдердің киімін білдіретін
сөздерді бір бөлек,ерлердің киімін бір бөлек
топтастыр.
Сәукеле,орамал,жейде,
жаулық,күпі,құлақшын,
ішік,қамзол,шәлі,шекпен.
Алдыңғы жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
227-жаттығу
1-ші қатар: ОРАМАЛ
2-ші қатар: ҚҰЛАҚШЫН
3-ші қатар: ҚАМЗОЛ
Шығармашылық саты
228-жаттығу
Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелде.
Менің досым Қырғызстанда тұрады. Мен оған өз елім туралы мақтанышпен жазамын.
Ол жазда Алматыға келмекші.Досымды асыға күтіп жүрмін.
Хабарлы сөйлемді тауып жаз
|
Сөйлемдер |
Дұрыс жауабы |
Сөйлем атаулары |
|
Ажар кітапханаға барды |
Сұраулы сөйлем |
|
|
Үйді кім салады |
Хабарлы сөйлем |
|
|
Алақай,ертең концертке барамыз |
Хабарлы сөйлем |
|
|
Сыныпта өнерлі оқушылар бар ма |
Лепті сөйлем |
|
|
Бүгін қар қалың жауды |
Сұраулы сөйлем |
Үйге:228-жаттығу
Жоспар бойынша әңгіме құрау.
Бағалау.
