Көрші ақысы мен қонақ сыйы

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы
№2 орта мектеп
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Эльвира Магауевна Курантаева
Өткізген 5,9,10 класс оқушылары

2012-2013 оқу жылы.

Сабақтың тақырыбы: «Көрші ақысы мен қонақ сыйы»

Мақсаты:1.Әдеби қойылымның тақырыбы мен идеясын ашу.

2.Оқушылардыңойлау қабілеттерін,ауызша тіл байлықтарын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, мәдениетіне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу

Көрнекілігі:ет, бауырсақ, шанырақ, ұлттық киімдер, ұлағатты сөздер.

Жүргізуші: Қайырлы күн,құрметті ұстаздар,қонақтар,оқушылар!

Әрбір ұлт қалыптасқаннан соң өзінің ұлт екенін дәлелдейтін тілін, тарихын, жерін қалыптастырады.Тілді құрметтеу, әуелі өзіңді, содан соң еліңді құрметтеу болмақ.Ана тілі туралы өлеңдерге назар аударайық.

1-оқушы: Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың.

Өсірген ой-білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуге.

2-оқушы: Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,

Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.

Өз халқыңа бола алмайсың азамат,

Білмей тұрып туған ана тіліңді.

Әлде қалай жоғалтса ана баласын,

Бала іздеп таппай ма өз анасын.

Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,

Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.

3-оқушы: Щедрое народное наследство –

Я люблю красивый наш язык,

Ведь на русском говорю я с детства,

Словно к матери, к нему привык.

Жизнь идет, словарь опережая.

(Сколько новых дел, событий, чувств!)

Мысль свою на русском выражая,

Я у предков многому учусь.

Жүргізуші Тіл туралы ұлағатты сөздерді тыңдайық.

4-оқушы:Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

5-оқушы:Әр халықтың ана тілі-білімнің кілті.

6-оқушы: Ана тіліміз-бүкіл қазақ халқының байлығы.

7-оқушы:Ана тілі ананың ақ сүтімен сінеді.

8-оқушы:Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте!

9-оқушы:Тілімізді сақтап, дамыту біздің міндетіміз!

Жүргізуші:1989жылдан бастап, 22қыркүйек күні-тілдер күніболып саналады.Осыған орай 5,9,10 класс оқушыларының «Көрші ақысы мен қонақ сыйы»атты әдеби көрінісін тамашалауыңызды сұраймын.

Үйде үй иесі,әйелі,екі баласыжәне қызы отырады.Көрші кіреді:

-Ассалаумағалейкум,қоңсы!

-Уағалейкум ассалям,көрші!Кел,төрлет,жоғары шық.

Көрші:Жоқ,мен аз ғана уақытқа бір шаруамен келдім.

Үй иесі: «Көсеу сұрай келген әйелдің отыз ауыз сөзі бар» деген,асықпа,жоғары шық!

Көрші: «Көрші ақысы қиын» деген,отырсам отырайын.Әңгіме айтамыз.

Үлкен баласы:Көке, «Қарияның сөздері жазып қойған хатпен тең»деп өзіңіз айтқандай,рұқсат болса,біз де әңгіме тыңдайық.

Көрші: «Ата тұрып ұл сөйлесе- ер жеткені болар».Балаларың да әңгіме тыңдасын.

Үй иесі: «Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер».Бәрі де тәрбиеге байланысты ғой.

Көрші: «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер».Бәрі өз тәрбиелеріңіз ғой.

Үй иесі: «Іздеген табады, сұраған алады»деген.Қандай шаруамен келдің?

Көрші: «Алыстағы ағайыннан, жақындағы көршің артық»деген.Өздерің ерулікке шақырғалы бір туыстай болып кеттік емес пе.

Үй иесі: Рас. «Ағайын бар болсаң-көре алмайды,жоқ болсаң-бере алмайды».Ерулік беру,көршімен сыйластықта болу-ата дәстүріміз ғой.

Кіші баласы:Көке,ерулік деген не?

Үй иесі: Ерулік деген, балам,жаңадан көшіп келген отбасын көршілері үйіне шақырып,дастарқанынан беретін дәм.Дастарқан басында бір-бірімен танысады

Көрші: «Әр елдің салты басқа,иттері қара қасқа»дегендей,сіздерді асарға шақыруға бола ма?

Үй иесі:Е,неге болмасын. «Көршіде бөлінбеген еншім бар»деген.Көршінің асарынан қалмаймыз.

Көрші: «Мал-баққанға,жер -шапқанға»деген ғой.Көл жағасындағы тоғайда аздаған шөбім бар еді және отын шауып әкелуге өздеріңізден көмек және көліктеріңізді сұрай келдім.

Үй иесі:Жөн-жөн. «Көп түкірсе-көл болар»Бәріміз көмектесеміз. «Еңбек түбі –береке,көптің түбі -мереке»деген.

Көрші: Рас.Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.

(осы кезде сырта иттер үріп,абыр-сабыр болады)

Көрші: «Үй менікі демеңіз,үй сыртында кісі бар» демекші,біреулер келе жатқан сияқты.

Үй иесі(балаларына қарап): «Қонақ келсе есікке,жүгіріп шық кешікпе»демекші,балаларым,сыртқа шығып қараңдаршы.

(Балалар сыртқа шығады,олармен ілесе қонақтар кіреді)

Қонақ: Ассалаумағалейкум!

Үй иесі:Уағалейкум ассалям!

Қонақтар:Алыстан келе жатқан қонақпыз.

Үй иесі:Төріміз қонақ үшін әрқашан даяр.

(Қонақтар үйдегілермен амандасып жоғары шығады)

Үй иесі:Бәйбіше,қонақтар шаршап,ашығып келген болар,қазаныңды көтер.

Әйелі:Иә,қонақтарға сақтаған сыбағам бар еді.Соны асайын.Жүр,қызым,көмектес.

Үй иесі: «Мыңның жүзін білгенше,бірдін атын біл» деген.Араласып жүрген жақсы.

Қонақ: Менің атым-Абай,мына інімнің аты-Абылай.Нағашыларымызға нағашылап бара жатырмыз.

Үй иесі: «Асың барда ел таны, атың барда ел таны»деген.Араласып жүрген жақсы.

Қонақ:Мына балаға нағашыларымыздың атаған бәсіресі бар еді.Соны алып келуге барамыз.

Кіші баласы:Көке,бәсіре деген не?

Көрші:Балам,көкеңнің орнына мен жауап берейін.

Үй иесі: Көршім жауап берсе ,тыңдай ғой

Көрші: Жас балаларға атасы,нағашылары мал атаған.Бұны бәсіре дейді.Бұл малдарды ерекше баққан.

(Осы кезде әйел астың дайын екенін хабарлайды.Кіші баласы үйдегілерге қонақтан бастап қолдарына су құяды).Олар«Үлкен азамат бол!»,«Мақсатыңа жет!»,

«Арманың орындалсын!»деген тілектер айтады.

Үй иесі:Бұйырған дәмнен алыңдар.

Көрші: «Арпа,бидай -ас екен,алтын,күміс – тас екен»деген ғой халқымыз.

Үй иесі: «Қонақ аз сөйлеп көп сынайды»

Көрші:«Келгенше қонақ,келген соң үй иесі ұялар.»деген.

Қонақ:Әңгімелесіп отырып біраз жерге барып қалыппыз.Рұқсат болса,біз жолға шығайық.

Көрші: «Жол ақысы жүрсе бітеді.»

Үй иесі:Жол азабын жүрген білер.Сапарларың жеңіл болсын!

Қонақ: «Тау мен тау кездеспейді,адам мен адам кездеседі.»Мүмкін әлі кездесерміз.

Үй иесі:«Білмеген жердің ой –шұқыры көп».Қонақтарға жол сілтеп,шығарып салайық.

(Бәрі сыртқа шығады).

Сабақты бекіту.Сұрақтар.

  • Қандай мақал-мәтелдер естеріңде қалды?

  • Ерулік дегеніміз не?

  • Асар дегеніміз не?

  • Бәсіре дегеніміз не?

 

Әдеби көрініс «Қазақ тілі және әдебиеті орыс мектебінде» журналынан алынған (№2,2007 жыл.)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше