Без рубрики

Оқушылардың сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалай қалыптастыруға болады?

Астана қаласы
68 орта мектеп

Искакова Сандуғаш Жантасқызы

Оқушылардың сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалай қалыптастыруға болады?

Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты жан-жақты әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Бүгінде қоғамды дамыту факторы ретінде білім беру жүйесін қайта құру, ұлттық мектептерде білім сапасын жақсарту мәселесі қолға алына басталды.

Тіліміздің мәртебеге ие болуы, қазақ мектептерінің көбиюі халқымыздың ұлттық мәдениетінің еркін дамуына септігін тигізуде. Бүгінгі жас ұрпақ-ертеңгі егемен еліміздің болашағы, халық тағдырын шешетін азамат. Өскелең ұрпақтың тілді дұрыс пайдалануы, оның сөздік қорына тікелей байланысты екенін көреміз. Қазіргі кезде бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қоры жылдам қарқынмен дамып келе жатыр. Балалар білім негіздерін бастауыштан алатыны белгілі. Сондықтан Мектептерде тілді оқыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Ал М. Жұмабаевтың айтуы бойынша «Баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, байытатын мектеп» болып табылады. Тіл арқылы балаға барлық ғылым негіздері үйретіледі. Тілді оқыту бала алғаш мектепке келген кезден бастап жүргізіледі.

Оқушы қалпына түскен баланың айналадағы дүниетаным өрісінің аумағы артып, тілінің дамуына,осының салдарынан жеке тұлғасының жан-жақты қалыптасуына әсер ететін бастауышта жүретін «Әдебиеттік оқу» пәнінің орны ерекше. Қазіргі кезде баланың сөздік қорының дамуына байланысты жаңа буын оқулықтары да дамыта оқыту мен тәрбиелеу идеясына негізделіп отыр. Әдебиеттік оқу сабақтарында көркем мәтінді оқып үйренуге байланысты тіл дамыту жұмыстарының ішінде сөздік жұмысының орны ерекше. Өйткені, бастауыш сыныптың оқу сабақтарында көркем мәтінді оқып үйретудегі негізгі мақсат оқушылардың аузша, жазбаша тіл байлығын арттыру десек, ол ең алдымен, баланың сөздік қорын молайту арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың сөз байлығы олар оқитын бағдарламадағы материалдардың және өз бетімен оқитын көркем шығапмалардың негізінде жылма-жыл толысып, қалыптаса түсетіндігі мәлім.Оқулық мәтіндерінің көпшілігі ұлы жазушылардың көркем шығармаларынан алынған халық ауыз әдебиеті үлгілерінен берілген үзінділер. Оқулықтарда мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, түрлі нақыл сөздер де мол. Ал мұндай мәтіндерде бастауыш сынып оқушыларының ұғымына ауыр тиетін сөздердің және сөз тіркестерініңкөп болатыны сөзсіз. Осы себептерге байланысты мұғалім оқытудың тиімді әдістерін пайдаланып, жан-жақты білім беруге, өз ойын жеткізуге толық жағдай туғыза білсе, көздеген мақсатына жетері анық. Мұндай жағдай, әсіресе, көркем шығарманы оқытуда өте пайдалы.

Тілдің негізгі элементі-сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз-тілдің құрамының ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы.

Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл.

Бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру-ең маңызды жұмыстардың бірі.Бұл әрине бастауыш сыныптан бастап оқушылармен үзбей жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде ғана іске асады.

Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі-тіл. Ал тілдің дамуы оның сана сезімінің, ой өрісінің басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады.

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары.

  • үйретілетін сөздің жеңілділігі;

  • бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі;

  • сөздерді оқытылатын тақырыптармен байланысты таңдап алу;

  • сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескерту;

Сөйлеуге байланысты мынадай талаптар қойылады:

  • мазмұнды сөйлеу;

  • дәл сөйлеу:

  • жүйелі сөйлеу;

  • мәнерлі сөйлеу;

Сөздік қорының ең маңызды міндеті оқушылардың ауызекі сөйлеуде қолданатын сөздер қорын толықтыратын сөздікті белсенді ету. Жаңа сөздерді есте сақтаудың тәсілдері мен жаттығулар да бар.

Олар мыналар:

  • тақтаға сөз жазып, оны буынға бөлу;

  • жаңа сөзді кірістіре сөйлем құрастырып, мағынасын ашу;

  • жаңадан үйренген сөздерге байланысты шығармашылық жұмыстар(әңгіме, эссе, мазмұндама, шығарма т.б) жүргізу;

  • жаңа сөздер еңгізу;

  • қоршаған ортаны байқату, аңғарту(табиғатпен,адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру);

  • үлкендермен қарым-қатынас әңгіме өткізу, кездесу ұйымдастыру;

  • арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу;

  • сыныпта және сыныптан тыс оқу(әңгіме мазмұнын талқылау және талдау) барысында т.б жағдайларда.

  • әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;

  • ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару;

  • сөйлемдегі кейбір сөздерді көркем сөздермен ауыстыру;

  • берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру т.б;

  • табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар шығару;

Тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру-оқушылардың ойлау қаьілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден-бір тиімді жолы. Олай болса, тіл дамыту дегеніміздің өзі-оқушылардың сөз байлығын арттырып, әр сөзді орынды қолдануы, ойын жүйелі түрде білдіре алуы мені қуантады. Әр сабақта осы жұмыстар бойынша тапсырмалар беріліп, оқушылардың өздерін сөйлетуге тырысамын. Сабақтарымда оқушыларды көркем шығарманы түсініп оқуға, мәтіндегі негізгі ойларды анықтап, әр бөлікке лайық сұрақтар арқылы шығарма мазмұнын дұрыс мазмұндауға, сондай-ақ мәтіндегісөздер мағынасын жетек түсініп, оқушылардың сөздік қоры мен сөйлу дағдысын қалыптастыруға қажетті амал-тәсілдерді іздестіремін.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.