Без рубрики

БАЛАНЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕРЕК?

Искакова С.Ж

68 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

БАЛАНЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕРЕК?

Олардың кітап оқуына мәдени тынығуына жағдай жасап көмектесу қажет. Кітапханаға жазғызу: сөз қоры молаяды, ойын дұрыс жеткізуге үйренеді.

«Тәрбие от басынан басталады » десек те күйбең тіршілікке алданып жүріп, отбасындағы әрбір баланың әрекетін, қылықтарын қадағалап, бағыт, бағдар беруге көңіл кейде аз бөлінеді. Әрбір ата-ана баланың ынтасын, қызығушылығын байқап, оның өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасап, ықпал етуі керек.

Бала- Отанымыздың келешегі, біздің жалғасымыз. Сондықтан бала тәрбиесі- баршамызға ортақ іс. Әр ата-ана өз баласын еліне, халқына шын берілген, халқын құрметтей алатын, дені сау, білімді, еңбексүйгіш, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді борышы деп есептеу керек.

Бала өз ата-анасына соншалықты қымбат, «Анаға қарап қыз есер, әкеге қарап ұл өсер» деп халық бекер айтпаған. Баланы үлгі, өнеге алуға сәби кезінен тәрбиелеген жөн.

«Балам, үлкенді сыйлап, ата-анаңды құрметтеп, мұғалімнің берген тапсырмасын дер кезінде бұлжытпай орында, кішіпейіл бол» деп айтуымен қатар тәлімді өз үлгіңіз болуы керек. Олай болса, әрбір ата-ана өз баласының алдында өнегелі ұстаз, адамгершілік пен әділеттің үлгісі ретінде танылуы керек. Отбасында дұрыс тәрбие алмаған баланы бірлесе қайта тәрбиелеуге тура келеді. «Оқу инемен құдық қазғандай.» Ғалым боп тумайды,оқумен жетіледі.Оқу-адамның аса күрделі әрекетінің бірі. Ол көп еңбек етуді қажет етеді. Өмірдің әрбір құбылысын түсініп көңілге тоқығанда ғана жан-жақты білімді, талапты болып өседі.

Жалқаулық- жаман ауру, отыра берсең жалқаулық болады. Жалқаулық тоздырады, еңбек оздырады. Енжар, жалқау адамдар өнермен жолдас бола алмайды. Еңбек тәрбиесі- барлық тәрбиенің негізі ретінде үздіксіз жүргізіліп жатқан үдеріс. Еңбек тәрбиесі мақсатқа, қуанышқа жеткізеді,бақытты өмір сүруге себепші болады. Сондықтан еңбек тәрбиесі-отбасы бақытының негізі.Баланың еңбекке араласуы мүмкіндігінше ертерек басталуы тиіс, өйткені бала еңбегі оның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын ең қуатты негіз болып табылады.»Еңбек – адамның екінші анасы» дейді халқымыз.

Баланың еңбек дағдысын тәрбиелеу үшін оның алдына қойған мақсаты, оған тапсырылған істің шарты белгілі болуы керек.Барлық тапсырманы мезгілінде орындау қай жаста болсын қалыптасқан дағдыға байланысты. Бала баяу қимылдаса, әрекетін тездеруге үйрету керек.Жаттықтыру керек тақтаға шыққанда… Егер баяу баланы шапшаңдыққа үйретпесе, оның ісі өңбей, бірте-бірте еңбекке ынтасы төмендеуі мүмкін.

Бірақ барлық кезде баланың ерекшелігін ескеру шарт. Шапшаң әрекет ететін бала кейде сасқалақтап, істі шала істеуі ғажап емес.

Сондықтан ата-ана баланың еңбек дағдысын тәрбиелеуге осы ерекшеліктерді үнемі естен шығармағаны жөн.Бала өзіне тапсырылған істі мұқият әрі мінсіз орындауға қалыптасуы тиіс. Ондай оқушылар сыныбымызда баршылық. «Әке-отбасының пірі,қара шаңырақтың қожасы». «Әке-үй ішінің тірегі, баласының жүрегі». «Әкесіз бала- панасыз балапан» дейді халқымыз.Әрбір баланың әке алдында борыштары мен парыздары ,міндеттері бар.Әке алдындағы міндеттер:тілін алу,сөзін тыңдау,ізет көрсету,әдеп сақтау:парыздар:балалық міндеттерді орындауды дәстүрге айналдырып,әкеңе көмекші, демеуші сүйеущі болып, оны әрқашанда қуанышқа бөлеп отыру:кәмелетке жеткен соң әкеге біржола қызмет көрсетіп, оның қартайған шағында асыраушысы болу, әкенің әкелік еңбегін өтеу.

Әкесін сыйламаған балада адамдық сезім жоқ.Ол-бақытсыз.Өйткені ондай нақұрыста адамгершілік қасиет қалмайды.

Ең әуелі бала әкесінің алдында әдеп сақтай білу керек. Мысалы,аяулы ана ас дайындап, дастархан мәзірін жасайды, сонда анаға көмектесе жүріп, әкені ас-дәмге шақырып, ас алдын әзіз әке таткан соң ғана басқа балалар асқа сумаңдап, сұғынбай, әдеппен «алыңыздан» бастап дәм татады. Бұл-ұлттыұ әдеп.

Әкенің алдында дауыс көтермей, дөрекіленбей сөйлеу қажет.Ол жасқаншақтық емес,кішіпейілділік,әдептілік болып табылады. Әрбір бала ең алдымен әкенін берген тапсырмасын орындап, содан кейін ғана алдына қойған мақсаттарын орындай бастауға тиіс. Егер әкенің тапсымасын орындауға баласының шамасы келмесе немесе басқа бір жағдай болса ол әкеден кешірім сұрайды.

Әкеге бала имандылығын, тазалығын, ұқыптылығын, еңбексүйгіштігін көрсете білсе, ол- әкенің қуанышы, бақыты.

Әсіресе ер бала – әкемен сырлас, жолдас, дос. Сондықтан да ол әрқашан өзінше бір әрекет жасау үшін әуелі әкемен ақылдасып отырғаны жөн.Халық ішінде әулеттік дәстүрлер атадан әке дарып,қалыптасып дамиды, жалғасады.Әке дәстүріне мұрагер болу – борыш.Мысалы,әке күйші, әнші,баланың да өнерге бейімі бар дейік.Ал бала сол әулеттік дәстүрге немқұрайлы қараса, онда әулеттік намыс жоқ, әке үмітін ақтайтындай табандалақ пен жауапкершілік жоқ, яғни ол ұлттық қасиетін жоғалтып алатын керғайсаң кесірлі жан болып шығады.

«Әке тұрып ұл сөйлегеннен без» дейді халқымыз.Мінзіз әке болмайды, әкені міндет сыпайы сынау, достық, әдептілік, мейірімділік, сыйласымдық дәрежеде болу керек.«Әкесінен артық туған» бала әкесін төбесіне көтеріп құрметтей біледі.

Мынау жарық дүниедегі өрнекті, өркендеген өмір құдіретті күннің ақ шуақ нұрынан, аяулы ананың ақ сүтінен жаралған.Жаратқан иеміздің аяулы аясында, саналы саясында өмір деген мың толқынды дүбірлі дүниеде адамдығымыз айқындалып, кісілігімізге сәйкес қымбатты ғұмыр кешеміз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.