Астана қаласының
№68орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тоқышева Құралай Сабихановна
Дүниетану,3-сынып
Сабақ тың тақырыбы: Өсімдік- тірі организм.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өсімдіктердің алуан түрлілігімен таныстыру. Өсімдіктерді топқа бөлуді үйрету. Сөздік қорларын молайту, оқу машығын кеңейту, әр тақырыптың негізгі ойын тұжырымдауға дағдыландыру. Елін, жерін сүюге, оны мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Талдардың , өсімдіктердің суреттері, карточкалар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар сәлем береді.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басты иіп бәріміз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
— Балалар, бүгінгі сабаққа «Табиғат Ана» сендерге хат жіберді. Сол хаттарды қазір барлықтарыңа таратып беремін.(Екі-үш оқушы хаттағы сұрақтарды оқиды. Сұраққа жауап береді.)
Кіріспе: Оқушыларға жұмбақ жасыру:
Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң, жаның рахат табады.
(Ағаш)
Жасыл ине киемін,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріндемін үйіңнің.
(Шырша)
Ағайынды бәрі, шықса жасыл, түссе сары.
(Жапырақ)
— Балалар , ағаш, шырша, жапырақ деген сөздерді топтастырып бір сөзбен қалай айтуға болады?
— Олай болса , біздің бүгін өтетін тақырыбымыздың аты «Өсімдік- тірі организм.» деп аталады.
— Неге өсімдікті тірі ағза дейміз?
— Өйткені олар өседі, өнеді, қоректенеді, өледі.
— Балалар ғарыштан қарағанда біздің планетамыздағы мұхиттар мен көлдер көк түсті, бұлттар мен мұздар ақ түсті, таулар қоңыр, ал өсімдіктер жасыл түсті болып көрінеді екен.Бұл орман, тоғай, шөп басқан жазықтар, егістіктер, жеміс бақтары. Өсімдіктер алуан түрлі. Ғалымдардың есептеуі бойынша дүниежүзінде 350 мыңнан астам өсімдік бар екен. Оның ішінде 15 мыңдай түрі біздің елімізде кездеседі. Өсімдіктердің тіршілік ететін ортасы да алуан түрлі.
— Балалар өсімдіктер қандай жерлерде тіршілік етеді?
— Өсімдіктерді біз не арқылы ажырата аламыз?
Өсімдіктер ең негізгі үш топқа бөлінеді. Олар: ағаштар, бұталар, шөптекті өсімдіктер. Ендеше. Біз де осылай үш топқа бөлінейік.
-
Топ- Ағаштар
-
Топ- Бұталар
-
Топ- Шөп текті өсімдіктер.
Қызықты мәліметтер.(Оқушылар өздерінің дайындаған қызықты мәліметтерін оқиды)
Дүниедегі ең биік шөп-бамбук.Ол ағаш сияқты көрінгенімен ол- шөп. Биіктігі 25 метр . Ол күніне 1 метрден өсіп отырады.
Әлемдегі ең биік ағаш — эвкалипт. Ол Австралияда өседі.Оның биіктігі 100-110 метр.
Бразилияда өсетін ағаштардың діңін кессе сүтке ұқсас шырын шығады. Шырынның дәмі сүттің дәміндей.
Қытай, Жапония, Үндістанда кәмпит ағашы кездеседі.Оның күнге кептірілген жемістері кәмпит сияқты тәтті болады.
Балалар, жақын арада келе жатқан біздің еліміз тойлайтын бір мереке бар ол қандай мереке?
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты биыл біздің қаламызда 20 мың ағаш отырғызылды. Ол ағаштарды не үшін отырғызды? «Бір тал кессең, он тал ек» деген қазақта сөз бар. Қанеки біз де өзіміздің кішкене болсын үлесімізді қосып , біз де ағаш отырғызайық. Оқушылар ағаштардың артындағы сұрақтарға жауап береді.
Егер мен суретші болсам——————
Егер мен жазушы болсам————————
Егер мен заңгер болсам———————
Егер мен ән,ші болсам———————-
Өсімдіктер туралы қандай нақыл сөздер білесің?
Өткен сабақта балалар, мен сендерге өсімдіктеор туралы тағы не білгілерің келетіндеріңе байланысты сұрақ дайындап келіңдер дегенмін. Ал, кімді қандай сұрақтар толғандырады?
Қорытынды: «Образға кіру» оқушыларға эссе жазғызамын. «Егер мен өсімдік болсам»
Үйге тапсырма: Өзіңнің қалаңда өсетін өсімдіктерді жазу.