Ахметова Гүлмира Пернебекқызы
Қызылорда қаласы №140 орта мектеп
Қазақстанның әлемнің білім кеңістігімен ықпалдасуы «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасында 2005-2010 ж.ж білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» талаптарына сәйкес отандық білім беруді жаңашаландыру және тәрбие мазмұнын көркейтуді талап етуде. Біздің еліміздің, халқымыздың бәсекелес 50 елдің қатарына қосылғанда өзімізді танытатын, ол – ең озық, жақсы қасиеттерімен құрылған ұлттық мектеп.
Қазіргі мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін оқу-тәрбие үлгілерін іздестіруге және оларды қолдануға бағытталған. Оқытуды ізгілендіруге сүйене отырып, оны жеке тұлғаға бағдарлауды, жеке тұлғаның дамуы мен тиянақтануының үрдісі мен нәтижесін қамтамасыз етуді қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда оқушыларда ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру жұмыстарының маңызы ерекше.
Кіші мектеп жасындағы оқушы үшін оқу әрекеті жетекші рөл атқаратындықтан, сабақ мазмұнындағы оқушыларға берілетін құндылық бағдардың әсері мол.
Әлеуметтік мәні зор ұлттық құндылықтардың мән-мағынасын ұғындыру, оны баланың санасына, сезіміне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу мұғалімнен шеберлікті талап етеді.
Өйткені, жеке тұлғаның құндылық бағдары туралы түсінікті бастауыш сыныпта қалыптастыру сол жас кезеңіндегі тұлғаның барлық сфераларының өзара үйлесімділігін қажетсінеді.
Жеке тұлғаның құндылық түсініктеріне әсер ете оқыту оның ең алдымен, әдептілігіне баса назар аударуды қажет етеді. Өйткені ол – халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттерінің жиынтығы. [1]
Николай Рерих: «Өмірдің негізгі мақсаты-өзіңді-өзің жетілдіру… Болашақ ұрпақ, мұғалімнің қамын ойламау елге ұят, ол елдің надандығының белгісі. Өзі күйінішті адамға бала тәрбиесін тапсыруға бола ма? Баланы ылғи төмендетіп, ренжітіп отыратын мектептен рухы жоғары адам шыға ма? Мұғалімнің хал-жағдайына қарайлауды ұмытқан халық-өз келешегін ұмытқан халық»,-деген екен.[2]
Қазіргі уақытта бізге жетіспей жатқаны өзіміздің қазақи өмір тіршілігіміз бен шығыстық дүниетанымдағы ұлттық мектебімізді құру. Тәрбие мектебі болып табылатын қазақтың мақал-мәтелдері мен аңыз-әңгімелері дүниежүзілік тәжірибеде батыстық ұғымдармен сәйкес келе бермейтіні анық.. Қазақи дүниетанымның өзегі –адамшылық. Қазақ: «Жаным-арымның садағасы», «Дүние- қолдың кірі», «Туған елім болмаса, тумай-ақ қойсын Күн мен Ай», «Кісі елінде сұлтан, болғанша, өз елінде ұлтан бол »,-деп, еліне деген іңкәрлік сезімін қалыптастырады.[3] Халықтық тәрбие өз дәстүрін дінмен бекіте отырып, адам қалыптастырудың қайталанбас мектебін жасаған. С.Торайғыров қазақи пәлсапаны құрайтын он бір мақалды келтіре отырып, «Байқасаң қазақтың өзіңде бар, дүниенің генийлігі, пайғамбары »,-деген екен. [2]
Жатқа еліктеу- өзін-өзі қор санау.Бұл ұлттық санасы жетілмеген елде болатын көрініс. Ұлттық мектептің үлгісін қалыптастыруды ұлттық сана мен қазақи кісілікті жан дүние қалыптастыру арқылы, әлемдік өркениетке ене аламыз. Әлемдік өркениет бұл – мәдениеттердің бір-біріне кірігуі ғана емес, әр халық мәдениетінің өз болмысын сақтай отырып, әр халықтың өзін-өзі танып-білуі, өркениетті елдер арасында тең дәрежеге жетуі. Ұлттық мектебіміздің философиясы дәстүрлі түркілік өркениетпен тең қарым-қатынаста сұхбат жасай алатындай болуы керек. Мектепте баланың тарыдай болып кірген күнінен таудай болып шыққанына дейінгі аралығында жандүниесінің ұлттық рухта қалыптасып, оған ұлттық мәдениет, салт-дәстүр сіңіре білген жөн.
Әр бала –Алланың ата-анаға тартқан сыйы, табиғаттың ғажайып құбылысы десек, әр баланың мүмкіндігі жоғары- төмендігіне қарамастан, өзінше тұлға ретінде тануымыз жөн. Оның шығармашылық, даралық қасиетін дамытуға, қиялын шрықтатуға ұмтылып, баланың әр жастағы рухани өзгерісі,табиғи тілегін ескеруіміз керек.
Ұлттық мәдениет шәкіртті адамгершілікке, парасаттылыққа, жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Жұмысты ұйымдастыра білу мәдениетіне дейін бәрі құнды. Нағыз азамат би билеу, ән айту, сөйлеу, жазу, білім жинау, киіну, тамақтану мәдениеті, қарым-қатынас, тіл мәдениеті тағы басқа мәдениеттерден хабардар болып, білмегнін меңгеруі және осылардың бәрі ең алдымен ұлттық мәдениетті игеруден басталатынын білуі қажет. Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениеті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару-қоғам, ұстаздар мен ата-аналар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті, сондықтан қазақ халқының ұлттық мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің маңызы зор.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Ал мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісінің атқаратын рөлі зор. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Бала тәрбиесіне келгенде ата-ананың да, мектеп ұйымының да, сынып жетекшісінің де жүгінері қаншама заман өтсе де маңызын жоймаған халықтық, ұлттық педегогика. Сондықтан ұлттық құндылықтарды тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру маңызды іс. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, ержүрек, ар-ожданы мол болып өссе дейді және бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп те келеді. Қазақ халқының ұлы педагогы, этногроф, жазушысы Ы.Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын өте тиімді пайдалана білген. Мәселен, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімесі арқылы еңбек етудің маңызы мен, өз уақытын зая кетірмеудің мәнін түсіндіреді. Ы.Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің қайта жаңарту кезеңінде кең мағынада насихаттау арқылы әрбір мұғалім, әрбір сынып жетекшісі бала бойына тәрбиенің ұрығын егеді деп білемін. [4]
Қазақ мектебінің ұлттық дәрежеге жетуіне шет елдік тәжірибелерден гөрі өз ұлтымыздың қанға сіңген салт-дәстүрлерін пайдаланып,осы бағытта жұмыс жүргізіп жүрген педагог-ғалымдарымыздың іс-тәжірибелерін іске асыра алсақ ұтылмас едік. Мәселен, ұлттық мектеп үлгісін жасуға талпынып, алғаш рет экспериментальды мектеп ашқан қайраткер әдіскер- ұстаз Алма Қыраубаеваның осы жолда атқарған еңбектерін үлгі етуге болады.
Алма Қыраубайқызы 90-жылдары ұлттық мектептің өрісін кеңейту,ұлттық тәрбиені жетілдіруді жолға қоюдың қажеттігін алғаш көтеріп, ой-тұжырымдарын республикалық басылымдарда ашық жазған және оны нақты жүзеге асыруға талпыныс жасады. Заман қиындығына қарамастан ұлттық мектептің тұғырын қалауға жан-тәнін салып кірісіп және сол ойлағанын іске асыруы- өз кезіндегі аса бір тапқырлық, көрегенділік деуге болады. Ол кісінің алдына қойған мақсаты; қазақ құбылысы болып табылатын азамат дайындау, қазіргі қазақ жастарының мінезін қалыптастыру,ұлтымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңірген, заманға сай «Тұлға» қалыптастыру. Негізгі бағыты «Әлем және Мен» кеңістігіндегі танымды меңгеру болғандықтан ең алдымен ұстаз бен шәкірт арасында адамгершілік қатынас, түсіністік, мәдениетті орта жасау. « Ал мұндай ортаны қалыптастыру үшін алдымен шәкірттерді бұйығылықтан құтқарып, өзіне деген өзі қадірлей білуінің өзі де үлкен мәдениет. Әлемдік мәдениетке жетудің баспалдағы өзіңді игеруде жатыр»,-дейді педагог-ғалым апамыз. [5]
Қарым-қатынасты шәкірттердің жан дүниесіне бағыттау қажет. Адамшылық-мектеп өмірінің өзегі.
Бүгінгі қоғамда мектеп түлегінің академиялық-энцилопедиялық білім жиынтығы жеткілікті болғанмен, күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі жағдайларда икемсіздігі байқалып жатады. Бұл оның өмір сүру үрдісінде қажетті құзыреттердің қалыптаспағандығын дәлелдейді. 12 жылдық мектептегі жаңа мазмұнда оқыту- оқушының осы түпкілікті құзыреттерін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, білім беру жүйесі оқушы қажеттілігін, түпкілікті құзыреттерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Құзыреттер бұл пәндік білімдер жиынтығы емес, ол оқушының білімі, білігі және дағдыларының үйлестірмелі сипаттарымен байланыстыратын жаңадан қалыптасқан сапа болып табылады. [5]
Бұл құзіреттіліктерді ұлттық педагогика арқылы бала бойына сіңіруге болады. (салыстырмалы кесте)
Білім беру нәтижелері ретінде құзыреттіліктер
Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік
Мәдениеттанымдық құзыреттілік
Когнитивтік құзыреттілік
Коммуникативтік құзыреттілік
Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік
Әлеуметтік өзара қарым-қатынас құзыреттілігі
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі
Тілге,дінге жақын болуға,арбау меналдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пенқайырымсыздық, нашақорлық атаулыға тосқауыл болатын жол
Балаға үлкен талап қоя білуге,оның жеке басын қадірлеуге негізделген
Отбасы үлкендерінен бастап,ауыл ақсақалдары,өнер иелері түгел қатысатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген
Күтілетін нәтиже
Имандылық, адамгершілік-эстетикалық қасиеттері қалыптасады.
Мемлекеттік және басқа да тілдерді игеру негізінде коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасады.
Ұлттық және әлемдік әдебиеттердің құндылықтарын игерген тұлға қалыптасады.
Салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарды, ұлттық ерекшеліктерді тани біледі.
Халқымыздың асыл қазынасын сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалану, оқушыларды өз ұлтын сүюге, оның салт-дәстүлері мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретері сөзсіз. Ұлттық құндылықтардың бірі ұлттық ойындар — тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі ғана емес жас ерекшеліктеріне қарай көзқарастары мен мінез-құлқының қалыптасуына , тапқырлыққа, шешендікке баулитын, ой өрісін жетілдіретін атадан қалған асыл мұрамызды кейінгі ұрпаққа жеткізу құралы.
Баланың бойында имандылық, адамгершілік-эстетикалық қасиеттердің қалыптасуына мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесі, мәдениеттілігі, байсалдылығы, мейірімділігінің әсері мол, сондай-ақ сынып жетекшісі сабақтан тыс уақытта ойын ойнауға жағдай туғызып, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруы тиіс. Мәдениеттің арналары ұлттық негізде қалыптасып, әлемдік өркениетпен ұштасуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Мектептегі психология 2009 №3
-
С.Ұзақбаева. Тамыры терең тәрбие (қазақтың халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие). Алматы, 1995.
-
Қазақ мақал-мәтелдері «Ана тілі» 2005ж
-
Г.Жонысова. Сабақ мазмұнындағы ұлттық құндылық бағдар
-
Құдайбергенова.К.Құзырлылық табиғаты-тұлғаның өзіндік дамуында.Алматы2006