Без рубрики

МАҚТАНЫШЫМ, АЙБАРЫМ, ЖЕЛБІРЕ КӨК БАЙРАҒЫМ

Қызылорда облысы облысы, Қармақшы ауданы,
Төретам кенті
№80 мектеп гим назия
тарих пәнінің мұғалімі
Айтжанова Салтанат Айтуарқызы

 

ЖЕЛБІРЕ КӨК БАЙРАҒЫМ»

Мақсаты: Білімділік: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы ұғым қарастыру.

Тәрбиелік: жас ұрпақты Отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тәуелсіз Қазақстанның дамуы, әлеуметтік дамуы, жеке адамдардың дамуы, еріктілік, белсенділік.

Түрі: ізденіс, дәстүрден тыс.

Әдісі: сахналық қойылым

Көрнекілігі: буклеттер, плакаттар, қазақ батырларының суреттері, еліміздің рәміздері, үнжазба, кітап көрмесі.

Барысы: 1, 2 жүргізуші (оқушылар) 1. Нақышова Дана

2. Тілепбай Нұржан

1-жүргізуші: — «Қазақ елі- сонау Алтайдан Пиренейге дейінгі билік еткен Еділ батырдың елі, Қазақ елі- асқан батырлығымен, ақыл-парасаттылығымен Мысыр еліне билік жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі»

2-жүргізуші: XY ғасырда, қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады. Ұлан-байтақ елімізге тұс-тұстан көз тігіп, ойран салушылар көбейді.

1-жүргізуші: — Қазақ халқы небір зұлматтарды басынан кешірген. 1733 жылы Жоңғар билеушілері қалың әскермен қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді.

2-жүгізуші: — Қаратаудың қойнынан

Шықты жосып бір сарын

Күңіренте даланы…

Осы кезде кісінеген аттың даусы, маңыраған қой, бақырған түйе, азан-қазан ауылдың дыбысы таспа арқылы беріледі.

Қоңтайшы: — Әмірімді тез жеткіз! Алдымызда сүргін бар,

Алсын басып олжаға Қан сасыған қырғын бар,

Бөгелмесін жолынан, Қалдырмаңдар ұрпағын

Мыңбасы: — Құп тақсыр!

Сойқан басталады. Зарлы әуен- «Елім-ай хормен айтылады.

1-жүргізуші: — Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ердің ерлігін соңғы рет сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, жалпы жұртты аман алып қалу үшін данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырады.

2-көрініс. Төле би отырады, оған 4-5 жасар бала жетектеген, кемпір келеді. Ол:

-Уа би мен сұлтан, датым бар. Мына шикі өкпені алдарыңа әкеп тұрмын.

Төле би: — Жөнңді айт, кейуана.

Кемпір: — Орта жүз найман ішінде садыр деген ел едік. Жомарт деген батырымызды кешқұрым мезгілде ауылды жау шауып, тоғыз баласымен өлтіріп кетті. Ауылды түгел қырды. Мына баланы қазан астына жасрып қалдым. Рулы елдің артында қалған жалғыз тұяққа батаңды бер.

Төле би: -Уа, жалғыз тұяқ, ғұмырың ұзақ болсын, Қыдыр бабаң қолдасын, бердім батамды, әумин!

2-жүргізуші: — «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Тұрған жерін тұрақтаған тұғыр берік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың абыройын сақтайық!» -деді Төле бабамыз. Кіші жүзден кісілігін танытқан Әйтеке би, орта жүздің тіккен Қазыбек б, ұлы жүздің ақсақал биінің билігіне бас иіп, елді біріктірді. «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін»деді олар. Кең пейілді бауырмал халық бір туды астында «сабалақ Абылай» аталған Абылайды хан көтрді.

3-көрініс. Сахнада хан тағына жайғасып отырған Әбілқайыр хан, екі жағында екі уәзірі бар. Орыс елшісі Тевкелев келеді.

Тевкелев (тағзым етіп, сәлемдеседі, қолында грамота бар):

— Уа, кіші жүз ханы Әбілқайыр. Мені Сізге Ресей падишасы Анна Иоанқызы жіберді. Сіздің кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі ұсынысыңызды патшайым қабыл алып, мына грамотаны рахым қылды (Хан грамотасын алып сүйіп, өз ризалығын білдіреді).

Сахна сыртынан жүргізуші: — Қазақтың кіші жүзі бастаған ресейге қосылу оқиғасының прогрессивті жақтарымен қоса, бүгінгі таңда кері әсері де сезілуде. Ресей империясы біртіндеп отарлау саясатын жүзеге асырады.

4-көрініс. Сахна төрінде Жәңгір хан отырады. Оқиға Бөкей ордасында жүреді. 1836-1838 жылдар.

Жәңгір хан: -Уа, Махамбет, ел ішіндегі орақ ауызды ақын едің, мені жақтап өлең айтшы.

Махамбет: -Айтсам айтайын!

Хан емессің, қасқырсың! Достарың сені басқа ұрсын.

Қас албасты басқырсың Хан емессің, аярсың.

Дұшпаның келіп табалап, Айыр құйрық шаянсың!

Осы кезде Жәңгір хан уәзірлеріне ұстаңдар деп бұйрық береді.

1-жүргізуші: — Қазақ билері мен хандары иек артып, көмек күткен орыс патшалығы XYIIIXIX ғасырларда бірте-бірте өз мақсатын орындап, қазақ жерін отарлап, елді аздыра бастады. Ел ішіне іріткі салып, зымияндық саясатпен ел бірлігіне, ұлттық қасиетімізге, тіліміз бен дінімізге, кеңдігіміз бен елдігімізге кесір келтіреді. Оған қазақ шаруалары ызаланып, көтеріліске шықты. Исатай мен Махамбет бастаған ел көтерілісі сәтсіз аяқталса да, ер намысының айғағы еді (Махамбеттің бір өлеңі жатқа айтылады).

5-көрініс. 1932 жыл. Ашаршылық. Сталиннің кабинеті. Сталинмен Рысқұловтың кездесуі.

Сталин: — Байқаймын, жүдеп кеткен сияқтысың?

Рысқұлов: — Иә, қазақ халқы аштықта жатыр, тез арада көмектесуіміз керек. Голощекинді кері қайтару керек.

Сталин: — Иә, Голощекинді кері қайтарғанмен, орнына лайықты кім бар, өйтіп аштықтан құтқара аламыз ба?

Рысқұлов: — Лайықты адамдар бар: О. Исаев, С. Сейфуллин, О. Жандосов – бәрі де елім деп еңіреген азаматтар.

Сталин: — Жарайды, көререміз. Боссың?

2-жүргізуші:-1930-192 жылдары күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру қазақ шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жыл ішінде малдарын түгелге жуық айырылды.

1928 жылы 45 млн –ға жуық мал болса, ол 10 еседей кеміп, 4,5 млн-ға дейін азайды. Сол кезде Қазақстанда тұратын қазақтардың тең жартысына жуығы қырылады. Бұл 2,1 млн қазақ деген сөз. Басқа халықтар да ашаршылыққа ұшырады. Бірақ бірде-бір халықтың қазақтар сияқты тең жартысы қырылған жоқ.

1-жүргізуші: — Сахнаға Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, А: Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин бейнелерін алып шығады. Сахнаға сыртынан түрменің дыбысы, кісеннің сылдыры, түрме есігінің ашылып, жабылғаны етілеі.

2-жүргізуші: -1937 жыл. Еліміздің ішінде сол зұлматтың құрбаны болған азаматтарымыз қаншама. Тағдыр төлкегіне ұшыраған асыл, аяулы ұлдарымызды өз ортамыздан осылайша аластаттық. Ол күн енді қайталанбасын.

1-жүргізуші. – 1941-1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолына қиған жан қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының батыры деген абыройлы атақ берілді. Батырлықты батырлардың батыры Бауыржан Момышұлы бастады («Әлия» әні орындалады).

2-жүргізуші: —1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Еліміздң тәуелсіздігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

6-көрініс. Сахнаға алаңға шыққан жастардың кейпінде 11-сынп оқушылары шығады. Қолдарында «Әр Республикаға- өз басшысы!», «Қазақстан жасасын!», «Дербестік талап етеміз!». Бұл жастарды алаңнан қуып жатқан кезі бейнеленеді.

Сахна сыртынан:

  • Қайрат тордың ар жағында отырып, үй-ішіне, байырларына хат жазады.

Қайрат хаты оқылады.

Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар, Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,

Туа бермес сіз секілді асылдар. Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?

Қартайғанда, жүрегіңді жаралап,

Кесір болды-ау біз секілді»Маслдар». Айналайын, інішегім, құлыным,

Сені ойласам, үзіледі жұлыным.

Айналайын, қарындасым, қарағым, Сенің ерке, ақ жүзіңді көре алмай,

Қолда кісен, мен айдауға барамын. Кетіп барам мен айдауға құлыным.

 

Тергейші келеді.

  • Рысқұлов, ақтық сөзіңді айт! Савицкийді өлтірдің бе?

  • Жоқ, өлтіргенім жоқ.

  • Мойында, мойындасаң, жазаң жеңілдейді.

  • Жоқ. Мен Савицкийді өлтіргем жоқ. Мен ешкімді де өлтіргем жоқ.

  • Қайратты ұрып-соғып әкеп тастайды. Есін жиып:

 

«Ақтық сөзің не?» деген, Қорлайды беріп қайтадан,

Бүгін қайғы сұм сұрақ. Титыққа орыс жетпесін.

Айтатын оны халқыма, Туған жердің намысы,

Жоқ пиғыл менде, жасыман. Бөтен қолда кетпесін!»

Тергеуші үкім оқиды:

-Қ. Рысқұлов «қылмысты» деп табылып, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша 3 жыл бас бостандығынан, 65-бабы бойынша 15 жыл бас бостандығынан айырылсын. Және Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 173-бабының 1 тармағы бойынша, жазаның ауыр түрі- өлім жазасына, атуға кесілсін!

Қайратың ақтық сөзі:

Қайрат деген атым бар, Бозторғайдай жаным бар,

Қазақ деген затым бар. Еркек тоқты құрбандық.

Қасқалдақтай қаным бар, Атам десең атыңдар.

Қайратты алып кетеді.

 

1-жүргізуші:

-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2001 жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10жылдығының жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

1-оқушы:- 1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін 140-тан астам ел таныды.

2-оқушы: — Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып Түркия, Америка Құрама Штаттары, Германия, Пәкістан мемлекеттері таныды.

Қазір Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін әлем мемлекеттерінің бәрі дерлік танып отыр. 1992 жылы Қазақстан дүние жүзіндегі ең ықплды және беделді ұйым –Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды. Қазір Нью-Йорктегі БҰҰ-ның зәулім ғимараттарының алдыңдағы салтанатты алаңда әлем мемлекеттерінің туларымен бірге Қазақстанның да аспан түстес көк туы желбіреп тұр.

3-оқушы: -1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.

Мемлекттік жалау 1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Жалаудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір лента. Матаның сол жағында сары өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы 2 метр, ені 1 метр. Жалаудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды блдіреді. Жалаудың жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков.

4-оқушы: — Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі, рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген сөз бар. Осы үш сөз негізінде алынса керек. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген. Жылқы малы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Тіпті, оның шаруашылықты дамытуда, бостандық жолындағы күреске де маңызды болғанын тарихтан білеміз. Шаңырақты, яғни біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау үшін, шаңырақтың берік болуы ойластырылған. Осы мақсатта жеті буыннан тұратын мүйіз таңдалған. Жеті бун бір жағынан қазақтың «Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» дегенді аңғартса керек. Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске салады. Жоғарыда, дәл ортада бес бұрышы жұлдыз бейнеленген. Қазақтың сан ғасырлы тарихында жұлдыздың қаншалықты маңызды болғаны белгілі. Ел жұлдызды қастерлейді. Елтабаның авторлары Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов.

5 оқушы: — Мемлекеттің келесі белгісі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны. Бәйгеге түскен көп мәтіндердің ішінен белгілі ақындар: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаева жазған өлең таңдалып алынды. Әнұранның музыкасын жазғанадар: М. Төлебаев, Л. Хамиди, Е. Брусиловский болатын.

6-оқушы: — Республика Президентінің Жарлығымен ұлттық валюта-теңге 1993 жылғы қарашаның 15-і күні енгізілді.

Қазақстан үшін өзіндік ұлттық валюта енгізудің тек экономикалық қана емес, саяси да үлкен мәні бар.

Қазақстанның ұлттық валютаға өтуі Республика әлеуметтік-экономикалық бет алысын тәуелсіз мемлекет ретінде жүргізуге мүмкіндік берді. Жаңа валюта банкноттарында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, қазақ ою-өрнегі, банкнотқа тиісті сандық номинал көрсеткіш және Қазақстан тарихында үлкен із қалдырған қоғам қайраткері: Әл-Фараби, Абылай хан, Сүйінбай, Құрманғазы, Ш. Уәлиханов, Абай суреттері салынған.

7-оқушы: —1995 жылы 30-тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің нақты өміріне сәйкес келеді және бүгінгі күннің талабына жауап береді. Конституция 9 бөлімнен 98 баптан тұрады. Бұлар қоғамдық және саяси тұрақтылыққа, бүкіл халықтың бірлігі мн елдің тұтастығына негізделген.

8-оқушы:- Ақмола қаласы 1997 жылдың 10- желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы деп жарияланды. 1998 жылдың 6-мамырында оған Астана деген ат берілді. Астана ретіндегі тұсаукесері 1998 жылдың 10-маусымында өтті. Мұнда 400 мыңға халық тұрады.

9-оқушы: — 1999 жылы Қазақстан республикасының Білім беру Заңы қабылданды.

Білім беру- аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Қазіргі кездегі қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық, ұжымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты.

2-жүргізуші:

Атыңнан айналайын қазақ деген Бір ата, бір ананың түлегіміз

Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем. Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

Сақтапсың ерлігіңді сағын сынбай, «Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

Көрсең де көресің азаппенен «Бірлік» деп бірге соқсын жүрегіміз.

 

1-жүргізуші: — Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық, қорғауға әрқашан дайын тұрайық, азат елдің білікті, жігерлі, зиялы азаматы болайық.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.