Жануарлар мекен ортасына бейімділігі

Алматы облысы, Қарасай ауданы,
Қырғауылды ауылы
"Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі МДШО"  ММ   мектебі
 Бастауыш  сынып мұғалімі
Жахып Гулжан

Сабақ тақырыбы: Жануарлар мекен ортасына бейімділігі

Сабақтың мақсаты:

Жануарлардың мекен ортасы туралы түсінік қалыптастыру, жануарлар тіршілігіндегі өзгерістерді,ерекшеліктерді танып білу дағдыларын қалыптастыру

Өмір тәжірибесінен білетіндері мен сурет арқылы алған түсінік ұғымдарын сабақтастырып сөйлеуге дағдыландыру, тілдік қорын ,шығармашылық танымдық қабілеттерін дамыту

Табиғатты сүюге, жануарларды қорғауға баулу

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақтадан суреттер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Қонақтарды қарсы алу.

Қонақ келді тұрыңдар,

Алдарынан шығыңдар.

Қонақ келсе күт деген,

Әжем айтқан ырым бар-демекші бүгінгі қонақтарды құт қонақ деп есептейік!

 

-Ал, балалар қолымызды күн нұрына созайықшы!

Қуанайық,шаттанайық,алақай!

Қуанатын күн келді

Қайырлы күн,қайырлы күн!

-Балалар ,күннің нұрына қолымызды жылытып, алақанымызбен көзімізді жұмайық.

-Балалар көздерін жұмып тұрғанда орманда өмір сүретін әртүрлі құстардың,аңдардың даусы естіледі.

-Балалар аң-таң болып көздерін ашады

-Топқа бөлу:

-Балалар бүгінгі сабағымызды жобалау технологиясы бойынша заманауи талабына сай топпен жұмыс істейміз. Мен сендерге 8-бағыт бойынша тапсырмалар бергенмін,реферат жазып келуді,жануарлардың буклетін жасап келуді, суретін сызып келуді,мақал жаттап келуді тапсырғанмын .Ендеше сабаққа белсене қатысып өз білімдеріңді көрсетіңдер.

-Топ жетекшісін сайлау. Әр топқа жануарлардың суретін беріп отырамын, сол бойынша бағалаймын.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

-Біз қазір қандай бөлімді өтіп жатырмыз?

-Жануарлардың көптүрлілігі.

Жануарлар қанша топқа бөлінеді?

1-слайдпен жұмыс:

-Әр топтан 2 баладан түсініктерін айтқызу.

3.Үй тапсырмасын қорытындылау

Иә,балалар сендер өткен сабақтарды жақсы меңгеріпсіңдер. Қазақстанның жануарлар дүниесі қазір сүтқоректілердің 178, құстардың 489, балықтың 104 және омытқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері :дала және орманды дала, шөлейт және шөл, таулы аудандар болады.

-3 топқа ойындар ойнату.

Аналар туралы бір оқушыға тақпақ айтқызу.

4.Жаңа сабақ: 2-слайдпен жұмыс:

Неліктен балықтар суда тіршілік етеді?

 

 

Сабақ тақырыбы,мақсатын хабарлау.

Бүгінгі тақырыбымыз-Мекен ортасына бейімділігі. Мақсатымыз-жануарлардың мекен ортасының әртүрлі екенін білу, жануарлар тіршілігіндегі ерекшеліктерді білу.

Өсімдіктер дүниесі сияқты жануарлар да алуан түрлі ортада –суда, құрлықта, топырақ арасында тіршілік етеді.Әр ортаның жағдайлары әр түрлі. Бейімділікті олардың сыртқы түрінен, түсінен, сыртқы дене құрлысынан тағы басқа белгілерінен байқауға болады.

Мысалы: дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Ондай қасиеттер тышқандар мен саршұнақтардың көптеген түрлеріне тән.

Оқулықтағы суретпен жұмыс:

-Мұнда қандай жануарларды көріп тұрсыңдар?

-Қоян,ұлар,қарға,борсық,бүркіт.

-Олар тіршілік ортасына қалай бейімделген?

-Иә,балалар бейімділікті олардың сыртқы дене пішінінен ,құрылысынан,тағы басқа белгілерінен байқауға болады.

Оқулықпен жұмыс:

Әр бөлімге бөліп оқу.

1-топ: камбала туралы оқу

2-топ: тиін туралы оқу

3-топ: жануарлар туралы бейімділік туралы оқу.

-Мәтінмен жұмыс: Бағыттармен жұмыс

Сендер ғаламтормен, кітапханамен, ата-аналарыңмен бірлесе отырып жұмыс жасап келдіңдер. Енді сол білімдеріңді көрсетесіңдер.

-реферат оқу, суреттерін,буклеттерін көрсету,мақалдарын айтқызу.

Дәптермен жұмыс: Мекен ортасы туралы ережені дәптерлеріне жазғызу.

5.Бекіту:

-Камбала қайда тіршілік етеді?-Тиін туралы не білесіңдер?

-Қаз,аққу,үйрек туралы не білесіңдер?

Сергіту сәті: жануарлар туралы күлкілі оқиғалар

Топпен жұмыс:

-Жануарларды мекен ортасына қарай біріктіру.

Не білдім?: Жануарлар туралы қызықты мәліметтер, ерекшеліктерді,жануарлардың мекен ортасына бейімділігін білдім.

Не білгім келеді?

Басқа да қызықтыратын мәліметтерді.

Не үйрендім?

Жобалауды, зерттеу жасауды, жұмысымды қорғауды үйрендім.

Сонымен жобаны құрдық.

6.Қорыту:

Электронды оқулықпен жұмыс:

-Сонымен,жануарлар өз тіршілігіне қолайлы жағдайлары бар жерлерде мекендейді. Жануарлардың өздеріне қолайлы жерде тіршілік етуін мекен ортасы деп атайды.Жер бетіндегі сансыз көп жануарлар түрлерінің өзіндік ерекшеліктері бар.Жануарлар дүниесі өсімдіктердің көбейіп,таралуына,өсіп дамуына ,жеміс беруіне әсер етеді, көмектеседі. Құстар өсімдіктерді зиянды бунақ денелілерден тазартып, қорғайды. Суда тіршілік ететін жануарлардың да суды рөлі бар.

7.Бағалау. Әр топтың жинаған үлестірмелерін салыстыру, бағалау.

8.Үйге тапсырма: Мәтін бойынша тірек-сызба құрастыру,мазмұнын айту.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше