Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі. 9 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі. (қорытындылау сабағы). 9 сынып.
Мақсаты: 1. Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешудің әдіс-тәсілдерін қолданып есеп шығаруға үйренеді; 2. Өз беттерімен бірлесе жұмыс істейді, ойларын ортаға салады, тез есептеуге, ойлануға дағдыланады; 3. Достарының пікірін тыңдауға, өз ойын қосып айтуға үйренеді, достық қарым-қатынастарын нығайтады; 4. Көрнекіліктер: карточкалар үлестірмелі, интерактивті тақтада тестер,формулалар, кестелер.
Сабақ кезінде:
І. Оқушылардың қызығушылығын ояту
а) Ұйымдастыру;
б) Үй тапсырмасын тексеру. Дәптерлері жинап алынып, келесі сабақта бірлесіп
қатемен жұмыс жасайды.
2. Топқа бөлу.
Оқушыларға жетондар таратылады әр түсті.
І топ: Санды теңсіздік.
ІІ топ: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік.
ІІІ топ: Квадрат теңсіздік.
ІҮ топ: Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі.
(Топ мүшелері орындарын дұрыс тапса, әр топта тек қана бір түсті
жетон болады).
ІІ. Мағынаны тану, ажырату
3. Оқушыларға 9-сыныпқа дейін теңсіздік туралы оқылған материалдарды
қайталап келуге тапсырма берілген осы білімдерін еске түсіру мақсатында
оқушылармен бірігіп «ББУ» кестесін толтырамын.
|
Білемін |
Білгім келеді |
Үйрендім |
Бірлесе оқу, стратегиясы бойынша:
4. Әр топ өзінің тобының атына сәйкес келген тақырып туралы өз білгендерін
жазып, топта талқылайды, ортақ пікірлерін плакатқа түсіріп, бір оқушы
тақтаға шығып қорғайды, сұрақтар қойылады.
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
5. Топ мүшелерінің әрқайсысына тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырма «
Бірлескен жоба» стратегиясын қолдану арқылы жүреді. №1, №2, №3, №4,
№5, №6 – шы оқушылар жауаптарын жазып бір топқа келіп пікір алысып,
топтарына келіп тапсырманың қалай орындалғанын айтып, есептің
шығарылуын түсіндіреді.
Функцияның анықталу облысын тап:
1) y=√3-5x-2x2/ 10x
2) y=1/√144-9x2
3) y=√4x-5x2/ 2x-1
4)y=√x-√x-4
6. Топқа тапсырма топта талдайды, біреуі түсіндіреді.
І топ x-8/x+4<0 ж: (-4;8)
ІІ топ x-4/x-2≥0 ж: (-∞;2) u [4;+∞)
III топ If(х)І а
а≤ 0 болғанда шешім жоқ
а> о болғанда {f(x)<a; f(x)>-a теңсіздіктер жүйесімен мәндес
1) І5х-6І <-9 ж: шешімі жоқ
2) І5х-6І<9 неше бүтін шешімі бар Ж: 0,1,2 үш бүтін шешімі бар
ІҮ топ х-тің қандай мәндерінде өрнектің мағынасы болады.
1) √x/√x-1 ж: (1;∞)
Жауабы интерактивті тақтадан көрсетіледі, жауабын тексереді;
Осы алған білімдерін өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында көрсетеді.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1 – нұсқа
1) Анықталу облысын тап: y= √ 3-2x-x2 ж: [-3;1]
2) D(f)=? y=4/ √ (3x-1)(6x+1) ж: (-∞;-1/6) u [1/3;+∞)
3) {2x-1/x+1<1; 2/x+1>0 ж: (-1;2)
4) {х- 4>0; 3x2-18x<0 ж: (4;6)
2 – нұсқа
1) Анықталу облысын тап: y= √ 10+3x-x2 ж: [-2;5]
2) D(f)=? y=7/ √ (11x+2)(x-4) ж: (-∞;-2/11) u [4;+∞)
3) {2x-3/3x+5>0; -2/3x+5>0 ж: (-∞;-5/3)
4) x2≤9: x>0 ж: (0;3]
Интерактивті тақтада жауабы көрсетіледі, жұптасып тексеріп, бағалайды.
Қорытындылау «БУУ» кестесін аяқтау.
Бағалау
Үйге тапсырма. Венн диаграммасын толтыру.
7 ≤ 2x+3 ≤ 11 / айырмашылығы / 0 < x2+6x ≤ 0
1) [x-2] ≤ [x+4]
2) [x-1] + [x-2] = 1
3) [x-6] > [22 – 5x + 9]
