Без рубрики

Тіл тағдыры-ел тағдыры

Қарағанды облысы
Жезқазған гуманитарлық колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Есенгабулова Гүлнар Омарбековна.

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Өз халқын, тілін,туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: зияткерлік сайыс.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті.

Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Барысы.

1.Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, ұстаздар, студенттер. «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

2.Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі», «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту- баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз саналады.

1.Жүргізуші: Қазақ осы айтатұғын елге сыр:

О, ағайын, халық емес, ол кесір.

Қазақ осы аңғал- саңғал жабусыз,

Қазақ осы ағыл-тегіл , көл – көсір

Қазақ осы «Өнер алды-тіл» дейтін,

Қазақ осы қарасынба, ақсыңба,

Қоңырсыңба, жатырқауды білмейтін,- деп ақын ағамыз Қадыр Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім.

Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің колледжімізде оқитын басқа ұлт өкілдерініің арасында «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты сайыс ұйыдастырылып отыр.

Ешбір іс шара әділ қазыларсыз өтпеген. Әділ қазылармен таныстыру:

  1. ______________________________________________________________

  2. ______________________________________________________________

  3. ______________________________________________________________

2.Жүргізуші: Құрметтті қонақтар, ұстаздар, студенттер! Ендігі кезекте сіздерді сайыстын кезеңдерімен таныстырып өтейік. Сайыс 8 кезеңнен тұрады. Әр кезең бойынша сайыскерлер жауап берулеріне байланысты 1-5 ұпаймен бағаланады.

1 кезең. Таныстыру.

2 кезең. Бәйге (сұрақтарға жауап беру)

3 кезең. Мақал-мәтелдер (орыс тіліне аудару).

4 кезең.Кім зерек?

5 кезең. «Менің сүйікті фильмім».

6 кезең. «Ой толғау».

7 кезең. «Сөз тапқанға, қолқа жоқ».

8кезең. «Сегіз қырлы, бір сырлы».

1.Жүргізуші:Сонымен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін

Өнеріне ду қол соғып қостайық.

1кезең: Таныстыру

ИН-9 ИН-29

«Қыран» «Тұлпар»

Қыран құстай самғаймыз, Білім шыңына өрлейміз басып алға,

Білім шыңын шарлаймыз. Бөгеліс жоқ, ер қанаты «Тұлпарға»

Адаспай даналардың жалын ұстап Бойдағы бар дарынды дарытуға

Өрлейміз өркениет өріне біз. Қорықпастан келдік бүгін додаға !

2.Жүргізуші: Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар ,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауабын таба ма екен сайыскерлер,

Сол себептен қоятын сұрақтар да бар.

1.Жүргізуші: 2 кезең «Бәйге» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлер 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауап – 1 ұпай.

1.Қазақтың ұлы ақаны кім? (А.Құнанбаев)

2.Қазақтың тұңғыш педагог-жазушысы кім? (Ы.Алтынсарин)

3.Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)

4.Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? (42)

5.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата? (ту, елтаңба, әнұран)

6.100 жасаған ақын? (Ж.Жабаев)

7.Бие сүтінен жасалатын емдік сусын? (қымыз)

8.Қазақ тілі қай халықтың ана тілі? (қазақ халқының)

9.Киіз үйдің төбесі? (шаңырақ)

10.Әнұранның әнін кім жазған? (Шәмші Қалдаяқов)

11.Түйе сүтінен жасалатын емдік сусын қалай аталады? (шұбат, қымыран)

12.Қай жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды? (1989 жылы)

13.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

14.Сүйінбайдың шәкірті кім? (Ж.Жабаев)

2.Жүргізуші: 3 кезең: Мақал-мәтел «Сөз мәйегі-мақал» дегендей, келесі кезекті мақал-мәтелдерге береміз. Мақал-мәтелдерді орысша мағыналас мақал-мәтелін атаңыз.

1. Жолдасы көптің- олжасы көп (Друзей много- шире дорога)

2.Еңбексіз тапқан мал, ессіз кеткен мал. (Что легко наживается, легко проживается)

3.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл (Человек без Родины,что соловей без леса)

4.Отан оттан да ыстық (Родина горячее огня)

5.Айтқан сөз-атқан оқпен тең (Сказанное слово как выпущенная пуля)

6.Өнер алды-қызыл тіл (Основа слова-красноречие)

7.Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас (Нет земли лучше Родины, нет людей лучше,чем на Родине)

8.Ел іші – алтын бесік (Родная земля- золотая колыбель )

9. Туған жердің жуасы да тәтті. (И дикий лук на Родине сладок. )

10.Өз елінің иті де қадірлі (В своем ауле и собака что-то значит)

11.Ер –елінде, гүл-жерінде (Цветы лишь на своей поляне – цветы, человек лишь на Родине — человек)

12.Отанды сүю от басынан басталады (Любовь к Родине у семейного очага зарождается)

13.Айна айна емес, халық айна (Зеркало правды- народ)

14.Күш – білімде (Сила в знании)

4кезең. «Кім зерек?»

1.Жүргізуші: Бұл кезеңде әр топқа өлең үзінділері беріледі. Ол қай өлеңнін үзіндісі екенін және өлеңді кім жазғанын айту керек.

Ж.Жабаев «Ленинградтық өренім А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

Жасаған жоқ өмірді Тілеуің,өмірің алдыңда,

Жау сайқанын көргелі Оған қайғы жесеңіз.

Нева алабын қырыңдар! Өсек,өтірік,мақтаншақ,

Ленинградтық ерлері. еріншек,бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз.

Ы.Алтынсарин «Кел,балалар,оқылық» С.Торайғыров «Мен қазақпын»

Оқысаңдар,балалар, Мен қазақ,қазақпын деп мақтанамын!

Шамнан шырақ жағылар Ұранға «Алаш»деген атты аламын

Тілегенің алдыңнан, Сүйгенім қазақ өмірі,өзім қазақ

Іздемей-ақ табылар. Мен неге қазақтықтан сақатанмын.

М.Мұқатаев «Үш бақытым» М.Жұмабаев «Қазақ тілі»

Ал екінші бақытым – Тілім менің,  Күш кемід, айбынды ту құлады, Тас жүректі тіліммен тілімдедім.  Кеше батыр- бүгін қорқақ бұғады .
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
  Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қасиетті тілімнен түңілмедім. Қан суынған,жүрек солғын соғады.

5 кезең. «Менің сүйікті фильмім»

2.Жүргізуші: Бұл кезеңде қазақ фильмдерінің үзінділері көрсетіледі. Ол қай фильмнің үзіндісі екенін айту керек.

  • М.Әуезов «Көксерек»

  • Лиро-эпостық жыр «Қыз Жібек»

  • И.Есенберлин «Көшпенділер»

  • Б.Соқпақбаев «Менің атым — Қожа»

  • «Ақан сері»

  • «Батыр Баян»

6 кезең. «Ой толғау»

1.Жүргізуші: Яғни бұл кезеңде әр топқа суреттер беріледі. Сол берілген суреттер бойынша мәтін құрастыру керек. (Астана, Бәйтерек, Ақ Орда, Төле би,Қазыбек би және Әйтеке бидің ескерткіштері)

7 кезең. «Сөз тапқанға , қолқа жоқ»

2.Жүргізуші: Бұл кезеңде топқа әріп беріледі. Сол әріптен басталатын сөз айту керек. Ал екінші топ айтылған сөздің ең соңғы әріпінен басталатын сөз айту керек.

8 кезең. «Сегіз қырлы, бір сырлы »

1.Жүргізуші: Бұл кезеңде әр топ өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетеді.

2.Жүргізүші: Сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.

1.Жүргізуші: Сонымен, «Тіл тағдыры- ел тағдыры» атты сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Тіл- әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.