БҚО,Теректі ауданы,Подстепный ауылы
Подстепный № 1 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Нагимова Бағдар Жанұзақовна
Қазақстан – біздің Отанымыз
(6-сынып қазақ тілінен ашық сабақ)
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларға Қазақстан жөнінде оның байлығы жөнінде, тәуелсіздігіміз жөнінде меңгерту, мағынасын айқындау, жіктік жалғауды меңгерту.
-
Оқушылардың ой — өрісін кеңейту, танымдық деңгейін көтеру, сөздік қорын дамыту;
-
Оқушыларды ұлттық қасиеттерге тәрбиелеу, өз жерін, елін Отанын, халқын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін, қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі:слайдтар, кестелер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
а)Сынып оқушыларымен амандасу.
ә)Сынып оқушыларын түгендеу.
б) «Шаттық шеңберін» құру, психологиялық тренинг (жақсы тілектер айту).
ІІ.Кіріспе бөлім
Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.
1.Жіктік жалғаулардың неше түрі бар?
2. Септік жалғауы нешеу?
3. Септік жалғауларын атаңыз.
4. Көптік жалғауларын атаңыз.
5. Көптік жалғаулары нені білдіреді?
6. Тәуелдік жалғауларын нені білдіреді?
7.Тәуелдік жалғауларын атаңыз.
Көптік жалғаулар
Септік жалғаулар
Жіктік жалғаулар
Тәуелдік жалғаулар
ІІІ.Негізгі бөлім
Жаңа сабақ
Қазақстан — біздің Отанымыз. Жіктік жалғау
1. Мақал – мәтелдің мағынасын ашу, түсіндіру.
2.Отан туралы, туған жер жөнінде қандай мақал-мәтел білесіздер?
Мақал — мәтелдер
Туған жердің күні де ыстық,
Туған жердің түні де ыстық. Олай болса, бүгінгі сабағымыз Отан, туған жерге, Отанымыз Қазақстанға арналады.
Топтстыру стратегиясы.
Туған жер қоршаған орта орман
көлім Отан елім
кең байтақ далам Атамекенім Подстепный ауылы
Мәтінмен жұмыс.
Жаңа сөздермен таныстыру.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударма жасаңыз.
ІІ.Грамматикалық тапсырма. Жіктік жалғауы.
2.1. Ережемен таныстыру.
2.2. Кесте толтыру.
2.3. Оқулықпен жұмыс. 4-тапсырма.
ІІІ. Тақтамен жұмыс. Жалғаулар әлеміне саяхат.
Қарамен жазылған сөздердің жалғауларын тауып, түрлерін ажырат.
IV. Семантикалық карта толтыру. 6- тапсырма.
V. Қорытынды бөлім.
5.1. Бекіту сұрақтары.
1. Қазақстан Республикасы қай құрлықта орналасқан?
2. Қазақстан қандай мемлекет?
3. ҚР тұңғыш президенті кім?
4. Жіктік жалғауы неге қатысты сөздерге жалғанады?
5. Жіктік жалғауы неге жалғанады?
6. Зат есімнің жіктелуі дегеніміз не?
5.2. Үйге тапсырма беру.
Ережеледі қайталау. Көркем әдебиеттен жалғауларын бар сөздерді теріп жазып, түрлерін ажыратыңыз.
5.3.Оқушыларды бағалау.