Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі» үзінді (6-сынып ашық сабақ жоспары)

БҚО,Теректі ауданы,Подстепный ауылы Подстепный
№ 1 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Нагимова Бағдар Жанұзақовна

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі» үзінді

(6-сынып ашық сабақ жоспары)

Сабақтың мақсаты:

а) Жазушы өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру, шығармаларының маңыздылығын таныту;

ә) Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, прозалық шығармаларды талдау дағдысын, тілін, ой өрісін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;

б)Жас ұрпақ бойынша ұлттық құндылықты сіңіру, ұлы мұраттар жолында еңбек етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру сабағы

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, ой-қозғау, топтастыру, талдау, венн диграммасы

Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезовтің шығармалар жинағы, Абайдың портреттері, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

а) сынып оқушыларымен амандасу

ә)сынып оқушыларын түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.

 

Үй тапсырмасын «Бәйге»ойыны бойынша қорытындыланады.

20

40

10

30

50

20

10

60

30

1.Сол жақтағы 10. Мысық Шоқанның келгеніне неге қуанды?

2. Оң жақтағы 10. Мысықтың ермегі не?

3. Сол жақтағы 20. Шоқанның уәдеге беріктігін неден білуге болады?

4. Оң жақтағы 20. Шоқан Мысықтың мүсінін қалай бағалады?

5. Оң жақтағы 20. Шоқан Мысықпен қай жерде кездесті?

6. Сол жақтағы 30. Шоқан Мысықтан алған мүсіндері үшін не береді?

7. Ортадағы 40. Шоқанның әкесінің есімі кім?

8. Ортадағы 50. Шоқанның әжесінің есімі кім?

9. Ортадағы 60. Шоқанның ансы Мысыққа не берді?

Топтарстыру. Шоқан кім?

 

 

 

 

Жаңа сабаққа бет бұру кезеңі.

І. М.Әуезовтың өмір жолы жөнінде қысқаша мәлімет беру.

1.1908-1913 жылдары Семейдегі орыс гимназиясында оқыды.

2. 1923 жылы Ленинград университетінің филология факультетіне түседі.

3. 1945 жылы Қазақ ҚСР Ғылым академиясының тұңғыш толық мүшелерінің бірі.

4. Лениндік сыйлыққа ие болды.

5. 1961 жылы қайтыс болған.

ІІІ. Жаңа сабақ

М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан алған үзінді – «Әжемнің әңгімесі»

 

«Ой шақыру»

а) Абай туралы не білесіңдер?

ә) Алдыңғы сабақтарда Абайдың қандай шығармаларымен таныстыңдар?

б)Мәтінмен жұмыс. Жаңа сабақты әңгімелеу.

в) Слайдтармен жұмыс.

1. Оқушылардың Абай жөнінде ойларын топтастыру.

2. Шоқан мен Абай жөнінде венн диаграммасын құрастыру.

 

ІV. Қорытынды бөлім.

1.Жаңа сабақты бекіту.

2. Абай әжесімен қандай ертегілер тыңдады?

3. Абай әжесінен ертегі айтып беруді қалай өтінді?

4. Абай аулына кімдер келді?

5. Абай қонақтарын қалай шығарып салуды өтінді?

V. Үйге тапсырма

М.Әуезовтың «Әжемнің әңгімесі» мазмұнын айту. «Жыршы» деген сөздің мағынасын түсіну.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше