Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы Жұлдыз ауылы
№52 Б. Аралбаев атындағы орта
мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі
Құлмағамбет Шырын
Білім – бәсекеге қабілеттілік бастауы
Ұстаз – киелі де қастерлі мамандық. Бұл мамандықтың құдіреттілігі елдің ертеңгі ттізгінін ұстайтын іргесін қалайтындардың жауапкершілігі бар. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың нәтижесі тек біліммен сараланады. Сондықтан әлемдік білім көкжиегінде еркін жүзіп, еліміздің білім жүйесін көкке көтеру – бүгінгі күннің басты мәселесі. Осы жолда бойындағы алтын қасиеттерін сіңіре білген, жаңалық көшбасшысы ұстаздар қауымының орны ерекше.
Елбасы Н. Назарбаев «XXI ғасыр – білім бәйге, білім бәсеке болған ғасыр. Ғылым мен техника, ақпараттар ағымы тасқындаған ғасыры» болатындығын айтумен келеді.
Еліміздің даму бағыты мен келешегінің көкжиегін көре білген Елбасымыздың бастамасымен қабылданған стратегиялық бағдарламалар қазақ елі батыс пен шығыстың басын қосқан іргелі өркениет орталығына айналғанын ерекше мақтан етеміз. Тәуелсіз еліміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары десек, президент білім беру мәселесіне ерекше басымдықтар бере келе «Сапалы білім беру Қазақстанның индустриялық – инновациялық дамуының негізі» екендігін көрсетті. Осындай игі мақсаттарды жүзеге асыру үшін қабылданған «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» орындау білім беру жүйесін дамытудың шешуші кезеңі болмақ.
Соңғы онжылдық көлемінде мұғалімге деген көзқарас өзгерді. Әсіресе, мемлекет тарапынан жасалып отырған жақсылықтар, қамқорлық айрықша.
Мұның бәрін, ел жетістігін жіпке тізіп, баяндап отырғаным – газет оқырмандарына елдегі ұстаздарға деген қамқорлықты жеткізу, ой бөлісу. Табысқа жетелеу мақсатын көздедім. Мен де өзім ауылымдағы орта мектепте еңбек етіп келе жатқан мұғалімімін.
Әр пәннің бала тұлғасын қалыптастыруда өзіндік орны бар. Мектебімізде әр пәннің мерейін көтеріп, шәкірт жүрегіне білім сәулесін құйып жүрген білікті де тәжірбиелі ұстаздар тобы жетерлік.
Елбасымыздың өзі бастамашыл болып, білім саласына көңіл бөлуі ұстаздың беделін, материалдық жағдайының жақсаруына мән беруі біздің – еңбекке деген құлшынысымызды арттырады.