Без рубрики

Қайраткерлік – қазақ әйеліне тән қасиет

Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы Жұлдыз ауылы

№52 Б. Аралбаев атындағы орта
мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі
Құлмағамбет Шырын

Қайраткерлік – қазақ әйеліне тән қасиет

Қазақ әйелі қашаннан – қайраткер. Ол отбасы жүрегі ғана емес, елінің тірегі де бола білген. Нәзік жанды аруларымыз ел басына күн туғанда намысты қолдан бериеген, қайратқа мінген. Тәуелсіздік алып, нарық келіп, экономикамыз тұралаған қысылтаяң шақта да қазақ әйелдері қарап қалмады. Отбасының қамы үшін саудамен айналысуға да арланбады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық тойы қарсаңында Еуропаға төре болып, Азияның барысына айналған Қазақстан қайраткер, іскер, білімпаз әйелдердің еңбегін жоғары бағалады.

Тағылымды тарихымызда қайраткерлік қасиет қонған аналардан кенде болған емес. Ұлан-ғайыр далада ұрпақ мақтанышына айналған талай ұлағатты аналар өткен. Олардың өшпес өнегесі мен өлмес дәстүрі жаңа Қазақстанда жарасты жалғасын табуда. Ел мен ерге сын болған кезеңде әйел-аналар отбасы мен қоғам жүгін қайыспай қатар көтере білді.

Қоғамдық өмірдің барлық саласында ерлер мен әйелдердің тең құқықтары қарастырылған ұлттық заңнамаларымыз қалыптасып үлгерді.

Бүгінде қазақтың ел болып, қоғам болып жеткен жетістіктерін әлем мойындап отыр. Әр ұлттың, әр мемлекеттің де өзіндік сипаты, бейнесі бар. Оны қалыптастыратын бастау — әйел, ана.

Анасы мықты елді ешбір жау ала алмайды, ешбір қиындық мұқалтпайды. Әлемдік қауымдастықта қазақтың жүзі жарқын болсын десек, аналарымыз бен аруларымыздың ажары ашық болсын.

Өз кезеңінде біздің дана бабаларымыз еш уақытта отбасының тағдырын, ынтымағын елдің болашақ тағдырынан, береке-бірлігінен бөлек қараған емес.

Олай болса, тәуелсіз қазақ елінің жаны мен ары да, байлығы мен бағы да – асыл аналар аман болсын! Рухани сұлулықтың тәуелсіздік парадигмасы да осындай болмақ.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.