"Арманы асқақ оқушы" байқауы

«Арманы асқақ оқушы» байқауы қатысушысы: Сабырбаев Бөгенбай

Қызылорда  облысы  Қармақшы  ауданы
Төретам  кентіндегі  №80 мектеп-гимназиясының
география  пәнінің  мұғалімі  Ниязов  Серік   Ұзақбайұлынан

    Мен  сабақ  беретін  11 сыныптағы  оқушым  Сабырбаев  Бөгенбай  туралы  айтар  болсам,  оған  5  сыныптан  бастап  өз  пәнім  бойынша  сабақ  беріп  келемін.  Ол  5  сыныптан  бастап-ақ  саяхатшылардың  өміріне  қызығушылық  танытып,  олардың  өмірбаяндарымен,   ашуларымен,  саяхаттарымен  тереңірек  таныса  бастады.  Ол  пән  аясында  беймәлім  жер  бөліктері  туралы  сурақтар  қойып,  пәнге  деген  қызығушылығы   артты.  мектепішілік,  аудандық  пәндік  олимпиадаларға  қатысып,  жүлделі  орындарды  иеленіп  жүрді.  ол  7 сыныптан  бастап-ақ  менің  жетекшілік  етуіммен  туған  жеріміз  Төретам  атауының  шығу  тарихы  бойынша  зерттеу  жұмыстарымен  айналыса  бастады.  8 сыныпта  аудан  көлемінде  аталған  зерттеу  жұмысы  үздік  деп  танылып,  облыстық  ғылыми  жоба  қорғау  байқауына  жолдама  алып,  Мақтау  қағазын  иеленді.

    Аталған  жұмысты  оқушым  екеуміз  6 сыныптарға  таныстырып  өттік  және  облыстық  "Сыр  мектебі"  газетінде  жарық  көрді.    Ал 9  сыныпта  Қазақстан  экономикасының  кенжелеп  дамып  келе  жатқан  туризм  саласы  бойынша  Қорқыт  ата  кесенесін,  Байқоңыр  ғарыш  айлағын  көпшілікке  таныстыру  мақсатында  "Байқоңыр  ғарыш  айлағында  туризмді  дамыту"  тақырыбымен  республикалық  "Дарын"  ғылыми  жоба  қорғау  байқауының  облыстық  кезеңіне  қатысып,  І орынмен  марапатталды.  Осы  жетістіктерін  назарға  ала  отырып,  республикалық  "Надежды  Казахстана"  жинағына  енді.  қазіргі  кезде  Бөгенбай  11 сыныпта  ҰБТ  бойынша  география  пәнін  таңдап,  жоғары  көрсеткіштерге  қол  жеткізіп  жүр.  

    Оқушымен  жеке  жұмыс  жүргізу  барысында  мамандық  таңдау  бойынша  шет  елдермен  қатынас  мамандығын  таңдап  отырғанын  жеткізді.  оның  мақсатқа  жетудегі  үлгі  тұтатын  тұлғасы  ресей  жерінде  елшілік  қызмет  атқарған,  мемлекетіміздің  белді  азаматының  бірі — Қырымбек  Елеуұлы  Көшербаев  мырза  екенін  айтты.  Бөгенбай  Қырымбек  ағасының  өмірбаянымен,  еңбек  жолымен  таныс.  Сонымен  қатар  Қырымбек  ағаның  әкесі  Елеу  Көшербайұлының  жеке  заттары,  қолжазбалары  сақталған  Қорқыт  ата  кесенесіндегі  мұражайында  болып  қайтты.  Болашақта  Бөгенбай  Қырымбек  ағасындай  еліміздің  бетке  ұстар  азаматы  болатынына  кәміл  сенемін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.