Без рубрики

Табиғат сыйы

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы
Жалпы білім беретін Бұлан орта

мектеп-балабақша кешені
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі:
Адиева А.Б.

Сыныбы: 3
Тақырыбы:  Табиғат сыйы

Мақсаты:Балалардың «табиғат», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:

— табиғат пен адам үйлесімділігі, оның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • табиғатқа қамқор бола білу іскерліктерін дамыту;
  • табиғатқа, өсімдіктерге күтіммен қарауға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, табиғаттың суреттері

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері:

Мұғалім оқушылармен бірге шеңберге тұрып,

Шаттық болып тұрайық жылы жүзбен  (Балалар шеңбер болып тұрады)

      Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген  (Өздерін көрсетеді)

      Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз  (Жүрек тұсын көрсетеді)

Үлгі алсын көрген жан мына бізден (бір-бірлерін көрсетеді)

 

— Балалар, біз бүгінгі сабақта табиғаттың сұлулығы мен әсем құбылыстары, олардың адамға әсері туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу:

  • «Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз?
  • Табиғаттың адам көңіл күйіне қандай әсері бар?

Ия, балалар, табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл. Осының барлығы Табиғаттың берген сыйы.

Мәтінмен жұмыс

«Алтын балық» ертегісін оқу.

  • Адам  орман мен суды неліктен іздеді деп ойлайсыңдар?
  • Ертегінің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?

 

Дәйексөз

«Табиғаттың әдемілігі – адам жанының тазалығы» 

                                 Сухомлинский

-Балалар, табиғат-ана адамдар әдемі болсын деп сан алуан гүлдерін сыйға ұсынған, ұлдарының емендей мықты болуын ойласа, қыздарының қайыңдай нәзік майысқанын қалайды. Ал табиғаттың әсемдігі адам жанын тазалыққа, сұлулыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді.

Шығармашылық жұмыс

Оқушылардың адам мен табиғаттың бір-бірімен байланыстылығы туралы пікірлері шығармашылық жұмыс арқылы тыңдалады.

Балалар «Жер, су, ауа, өсімдік» сөздерін айта отырып, топқа бөлінеді.

— Қазір әр топ атына сәйкес өзінің жақсы қасиеттерін, адамға пайдасын және адамның оларға тигізер пайдасын әңгімелейді.

1-тапсырма: Табиғаттың адамға пайдасы туралы әңгімелеу;

2-тапсырма: адамның табиғатқа пайдасы туралы әңгімелеу;

Оқушылар өз ойларын айтады. Осылайша, әр топ өздерінің жақсы қасиеттерін, адамға пайдасын, адамның табиғатқа пайдасын әңгімелеп шығады, мұғалім ой түйеді.

  • Ал осы табиғат сыйын сақтап, қорғау, дамыту, байыту – біздің қолымызда.

Өзіммен — өзім. «Саялы орман» Табиғаттың денсаулыққа әсерін оқушыларға сезіндіру үшін релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады.

  • Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Терең тыныс алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Міне, біз «Саялы орман» еліне келе жатырмыз. Барлығымыздың көңіліміз көтеріңкі, асығып келеміз. Бәріміз бірге шат көңілмен келе жатқандықтан болар аз не көп жүргенімізді байқамай да қалдық, бірақ шарашағандаймыз. Алдымыздан іздеген «Саялы орман» елі кездесті. Аспан тіреген қалың жасыл ағаштар, сансыз гүлдер мен шөптер, саңырауқұлақтар….Осы елге енгеннен-ақ тынысымыз одан да кең ашылып, бойымыздағы күш-қуат тасығандай. Шаршағанымыз басылып, әлдебір жақсы, ізгі әдеттер мен әрекеттер туралы ойлар ақыл ойымызды толтырғандай. Осындай жақсы ойлардан денеміз айрықша жеңілденіп, айналамызбен өз қуанышымызды, осы бақытты сәтімізді бөліскіміз келгендей. Қалың майсалы жасыл шөпке аунап-қунап, жұпар иісті гүлдерді қайта-қайта иіскейміз. Махаббат пен бақытқа толы таза ауа бүкіл денемізді бойлап бара жатқандай. Шынында да табиғаттың саялы орманының денсаулық мекені екендігін шын сезініп тұрмыз.

Ал енді сыныбымызға оралып, көзімізді ашайық.

  • Саялы орманнан қандай әсер алдыңдар?
  • Сендер осындай табиғат аясында серуендеп көрдіңдер ме?

Сахналау: «Саңырауқұлақтың саясы»

Оқушылар рольдерге бөліп, сахналап көрсетеді.

Сергіту сәті:

Тамшы болып тамайық, (Бір орнында секіреді)

Арықпен бірге ағайық. (Екі-екіден бірігеді)

Көлшік болып жиналып, (Төрт-төрттен бірігеді)

Күнге қолды бұлғайық. (Қолдарын жоғары көтереді)

Күн көзімен құрғайық (Жеке-жеке тарай бастайды)

Бу боп аспан төрінде (Әркім өз қолдарын жоғары көтере бастайды)

Бұлттар санын құрайық. (Төрт-төрттен бірігеді)

Бұлттан жаңбыр сөгілер, (Қайта жеке-жеке тарайды)

Жер әлемге төгілер. (Орындарында секіреді)

Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма: Дәптерде берілген гүлдің әр күлтесіне гүлде кездесетін жақсы қасиеттерді жазады.

Күтілетін жауаптар: Тазалық, пәктік, төзімділік т.б.

2-тапсырма: Аспан көгіндегі күн болсаңдар, жан-жағыңдағы адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер?

Сол жүрекке жылы тиер сөздеріңді жазыңдар.

Қорытынды:

  • Балалар, табиғат-ана барлығына ортақ. Ол адамдарды, айналасындағыларды жаман-жақсы деп талғамайды. Өзінің сыйын бәріне бірдей береді. Мысалы, Күнді алып қарайықшы, ешкімді алаламайды, нұрын, жарығын, жылуын барлығына теңдей ұсынады., бәріне бірдей бақыт, қуаныш тілейді.

Жүректен жүрекке

Оқушылар гүлдерге, ағаштарға, күнге және табиғаттың басқа да құбылыстарына өз тілектерін айтып шығады.

  • Балалар, көктемгі табиғат қандай тамаша! Ару көктемде құстар мекеніне оралып, жер қайта көктеп, барлық тіршілік иелері мәз-мәйрам. Ендеше біз де көңілімізді көтеріп ән салайық.

 

«Көктем әні»

Келді көктем далаға,

Келді сұлу шағала

Аспандағы ақ құстар

Айдын көлді арала

         Қайырмасы:

Нұрлы көктем

Сүйді беттен

Гүл көктемді қарсы алып

Би билейміз ән салып.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.