Без рубрики

Керемет жетілік

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті
№266 мектеп-лицейдің технология пәнінің мұғалімі:
Ержанова Арай Аманбаевна.

Мақсаты:технология сабағында үйренген алған білімдерін көпшілікке көрсету және қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеп келешек ұрпаққа үйрету мақал-мәтел айтып жұмбақтар шешкізу.Тәртіптілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу
.
Сайыстың өту шартын түсіндіру. Ортаға жеті оқушы шығады.Әр кезең сайын аз ұпай жинаған бір оқушы қатардан шығады. 1-кезең 7 оқушы жұмбақ шешеді. 2-кезең 6 оқушы мақал-мәтел жалғасын табу. 3-кезең 5 оқушы сұраққа жауап беру 4-кезең 4 оқушы сөзжұмбақ шешу. 5-кезең жаңылтпаш айту. 6-кезең 2 оқушы киім модельін сызу 7-кезең 1 оқушы сұраққа жауап беру. Құрметті ойынға қатысушылар ,сіздерге сәттілік тілейміз

. 1-кезең-жұмбақтар шешу. 1.Тау-тау ақ қар ерімейді ыстықта (Мақта) 2.Тұтқасыз таба жай,ұнатады көп апай(оймақ) 3.Інді көп-ақ қазады,өзі жіптен қашады.(Біз). 4.Іші мақта,тысы мақта ,Арасы мақта төртбұрыш сырты қабылған сырты қабылған ,жатуға табылған.Бұл не?( көрпе) 5.Құрып қойып өрмегін ұршықтарын ойнатып.сәнді мата өрнегін.Жасайтын кім жайнатып?(тоқымашы) 6.Қос таяқ бастары дөңгелек,тұтасты жасайды бөлек-бөлек.(қайшы) 7.Жиhанда 1 құс көрдім жалғыз аяқ.аузына тістегені темір таяқ Бір ұрсақ шапалақпен семіреді.белбеуі бар белінде толып жатқан(Ұршық). 8.Бар екен дүниеде жалғыз көзді.Сол көзбен дүниенің бәрін кезді. 9.Әлемде 18 мың киіндіріп ,дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.(Ине) 10.Қолымда бір құсым бар екі басты,аяғын басқан кезде нәрсе қашты,аузын аждахадай ашқан кезде бөлектеп атып тастар ішкен асты.(қайшы) 11.Адамға сонша пайдалы басында со,нша көзі бар(оймақ) 12.Кіруге адам батпайды.аман-есен сақтайды.(сандық) Ал енді әділқазылар алқасы ойыншыларыздың ұпай санын есептеп ,ең аз ұпай жинаған ойыншыны қошем еттеп шығарып салайық. ІІ-кезең Мақал-мәтелдердің ұйқасын табу. 1.Еңбек оның ішінде өнерлі(еңбек)бақыт 2.Өнерлінің он саусағы (тең) Өнерсіздің он саусағы (кем) 3.Алтын (балтаның)сабы да ағаш. 4.Көрнекті ісің (үлгі)болады, Көрнексіз ісің(күлкі)болады. 5.Алтын балта(қол)сәні, Әшекей кесте(тон)сәні 6.Өнерлінің(қолы)алтын, Өлеңшінің сөзі алтын. 7.Қыздың шебер боларын (бармағынан)білерсің. 8.Өнер тамған он саусақ таусылмайтын( ырысың), Өнері жоқ он саусақ бар болмай-ақ(құрысын) 9.Қол өнері (кілемде), Сөз өнері (өлеңде). 10.Киім пішсең кең піш(тарылтуың оңай ), Темір кессң қысқа кес(ұзартуын)оңай. 11.Адам көркі-(шүберек), ағаш көркі-(жапырақ) 12.Істі ине тікпейді икемді (қол)тігеді. Енді осы екінші кезең бойынша ең аз ұпай саны бар ойыншыны қошеметтеп шығарып салайық. ІІІ кезең бойынша сұраққа жауап алу керек. 1.Ауруға ем сауға қуат беретін қандай сусын?(қымыз). 2.Қандай қаланың атауын білесіңдер басы сан,ортасы адам мүшесі аяғы астың дәмін келтіретін тағамның бір түрі.(Екібастұз) 3.Бұл көкөністен барлық ауру қашады оның емдік емдік қасиеті ертеден белгілі,жесең дәрі-дәрумен.(пияз) 4.оңынан да солынан да оқысаң өзгерісі жоқ ұттың атауы.(Қазақ) 5.Жесең жеміс болады,қыздардың атауы.(Алма) 6. Жеті қазынаны ата?(ер жігіт,сұлу әйел,ілім-білім,жүйрік ат,ұшқыр тазы,берен мылтық)

7. Жеті жоқ туралы не білеміз?(жерде өлшеуіш,аспанда тіреуіш,тасбақада талақ,Аллада бауыр,таста тамыр,жылқыда өт,құста сүт жоқ). 8.Жеті атаны ата.(бала,әке,ата,арғы тат,баба,туа ата,тек ата ). 9.Барқыт тектес матаның атауын ата,бұл атау қыз балаға есім ретінде қойылады және адамның шашына байланысты әдемі теңеуі бар атау(Мақпал-шаш). 10."Өлді деуге бола ма айтындаршы Өлмейтұғын артында із қалдырған деген сөздің авторы кім?(А.Құнанбаев). ал енді әділ-қазылар алқасы ойыншыларымыздың ұпай санын есептеп ең аз ұпай жинаған ойыншымызды қошеметпен шығарып салайық. ІҮ кезең .Сөзжұмбақ шешу. 1.Үй төсеніш және киім-кешек тоқуға қолданатын табиғи мата.(жүн) 2.Зергерлердің бұйымды әсемдей әдісі.(бедерлеу) 3.2 Түсті жүннен жасалған төсеніш.(текемет) 4. Бағалы аң терісінен тігілетін сырт киім (ішік) 5.Ұлттық бас киім.(бөрік) 6.Қолмен тігілетін тігіс түрі.(жөрмеу) 7.Мата атауын ата (Қырмызы) 8. Іс тігетін құрал.(Ине) 9.Сөздің көркі не?(Мақал) 10.Өсімдік тектес ою түрі( Ирек) 11.Далада өсетін ақ ұлпа зат.(мақта) Әділқазы алқасы үпай санын есептеп шығарған көрсеткіш бойынша 4 кезеңді қорытындылай келіп,ең аз ұпай жинаған сайыскерімізді қошеметпен ойыннан шығарып салайық. Ү кезең.Жаңылтпаш Майға нан бұлғар, жай бұлғағанша қол бұлғар. 2.Есет ет асатар,етасатса- бес асатар. 3.Кенеден кенеп шығар,кенептен елек шығар. Електен кебек шығар,кебектен керек шығар. 4.Көп гүлдер түпсіз бе,түпті ме, Көп кілемдер түксіз бе түкті ме? 6.Бұранданы бұрандалай алмады , бұрандалауға бұлар қарай алмады. 7.Ұлы таулар-ұлары көп, Ұларалы тұрары көп. Ү кезең бойынша қазылар алқасы ойыншыларымыздың ұпай санын есептеп,ең аз ұпай жинаған ойыншымызды ойыннан қошеметпен шығарып салайық. ҮІ кезең Ұлттық киім үлгісінен сурет салу.(киім үлгісінінң атауын толық сипаттап түсіндіру) Енді осы ҮІ бойынша өткізілген сайысымызды қорытындылай келіп,ең аз ұпай жинаған ойыншым ызды қошеметпен шығарып саламыз. Келесі ойынымызға қатыса беруге сәттілік тілеймиз. ҮІІ кезең.Сұраққа жауап алу. 1.Дастарханға әкелетін ең қадірлі ас.(Нан) 2.Бір қарын майды не шірітеді?(Құмалақ) 3.Адамға есім ретінде қойылатын маталардың атауын ата?(Мақпал,жібек ,қырмызы) 4. Үй жихаздарын жасауда жиі қолданатын ою-өрнекті ата?(қошқармүйіз) ҮІІ кезең бойынша ең озық ойлы ойыншымыздың жинаған ұпай санын есептеп бүгінгі сайысымыздың атына заты сай жеңімпазымызға "КЕРЕМЕТ"деген атаққа лайық деп құрметпен марапаттайық. Қорытынды сөз Қазылар алқасының және ұстаздардың пікірі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.