«Не үйрендік? Не білеміз? Не білгіміз келеді?» /Microsoft Word программасын қорытындылау сабағы/

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы “№11 мамандандырылған
физика математикалық мектебі” мемлекеттік мекемесінің
информатика пәні мұғалімі Кенесбаева Акасыл Бузаубаевна  

6 сыныптарға (12 жылдық) Microsoft Word программасы
бойынша өткізген  қорытынды сабақ

Бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі оқушылардың қабілеті мен ынтасын дамыту.Мұғалімнің негізгі мақсаты оқушылардың білім сапасын көтеру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру. Сондықтан мұғалім әрбір сабақта заман ағымына қарай оқыту әдістері де түрлендіріліп  отырғаны оқушы үшін де тиімді. Қорытынды сабақтарда мұғалім оқушылардың меңгерген білімін жүйелеуге, өз бетінше еңбектенуге, шығармашылық қабілеттерін арттыруға тырысады. Сондықтан қорытынды сабақтарымды көбінесе жарыс, сайыс сабақ түрінде өткіземін. Бұндай сабақтарда оқушылар  өзін-өзі бағалауға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, қарсыласын сыйлай білуге, уақытты тиімді пайдалануға тырысады.

Сабақтың тақырыбы: «Не үйрендік? Не білеміз? Не білгіміз келеді?» /Microsoft Word программасын қорытындылау сабағы/

Сабақтың мақсаты:

Microsoft Word программасы бойынша меңгерген  білімдерін  қорытындылау арқылы, білімін жүйелеу, жетілдіре отырып, өз бетінше еңбектенуге баулу;

Оқушылардың жанама ойын жетілдіре отырып, шығармашылық  қабілеттерін арттыру;

Уақытты тиімді пайдалануға, өзн-өзі бағалауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, эстетикалық талғамға, берілген жұмыс орындау барысында ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, электронды оқулық, үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың түрі: жарыс

Сабақтың барысы:

Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін  қайталау, пысықтау ретінде жарыс түрінде өткізіледі. Әр кезең сұрақтарына ұпай беріледі.

1-кезең. Сыныптағы екі қатардың оқушылары өздеріне ат таңдау үшін, тақтада ғалымдардың суреті жасырылады.Суреттің төменгі жағында еңбегі туралы  жазылады. Қай қатар дұрыс, бірінші тапса сол  атқа ие болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-кезең.  Үй тапсырмасын сұрау мақсатында сынып оқушыларына алдын ала Ms Word редакторының барлық мүмкіндіктерін пайдаланып жоба дайындау тапсырмасы беріледі. Әр қатардан бір оқушы шыгып корғайды.

3- кезең. Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау (Ms Word тақырыбында) SIN KAZ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-кезең. Оқушыларға жеке үлестірмелер беріледі. /Өз компьютерлерінде жылдам әрі сауатты орындау ескертіледі/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-кезең. Сәйкестендіру тапсырмалары. /Интерактивті тақтамен жұмыс/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-кезең. Электрондық оқулықтағы тестке жауап беру.

7-кезең. Оқушылар компьютерде «Не білгіміз келеді?» тақырыбында шығарма жазу. (Мәтінді теру жылдамдығы, пішімдеу, сауатты жұмыс жасау ескеріліп бағаланады)

Қорытынды: жиналған ұпай сандары арқылы, жеңімпаз топты анықтау.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Өткенді қайталау. Шығармашылық жұмыс: «Мен кім болғым келеді?» тақырыбында реферат дайындау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше