Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы
№6 Хромтау гимназиясының
Бастауыш класс мұғалімі
Суюндикова Гүльмира Турегалиевна
Тақырыбы: Аа әрпі мен дыбысы.
Мақсаты:Оқушыларға жаңа дыбысты таныту, таңбалы жазуды меңгерту;
Сабақтың міндеттері:1.Адыбысы мен әрпін таныстыру және жазу машығын қалыптастыру.
2.Сөйлеуін, ойлауын байқампаздығын, іс-әрекетін дамыту;
3.Білімділікке, әдептілікке, буындық, талдау жасауға тәрбиелеу.
Көрнектілігі: Әліппе, суреттер, кеспе әріптер.
Оқытудың әдісі: ізденушілік.
Оқыту түрі: Ұжымдық саяхат.
Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика, сурет.
Сабақтың барысы:
I.Бағдарлау-мотивациялық кезең.
Қызығушылығын ояту.
-Балалар дыбыс деген не? Дыбысты танимыз, айтамыз. Әріпті ше? Жазамыз, оқимыз. Дұрыс.
— Бүгін біз сабағымызды орманға саяхат жасаудан бастаймыз. Қане, бәріміз көзімізді жұмамыз. Өздеріңді орманда жүрміз деп есептеңдер. Ал енді ашыңдар. Не көрдіңдер? Ағаштар, құстар мен аңдар. Ағаштардың атын атандаршы? Қайын, шырша, емен, терек, және т.б. Ал құстардың атын атаңдаршы? Аққу, торғай, сауысқан т.б. Балалар орман деп қандай жерді атаймыз?. Орман деп ағаштар көп жерлерді айтамыз.
Енді саяхатымызды жалғастырамыз. Енді баққа барамыз. Ал бақта не көрдіңдер? Ағаштар. Қандай ағаштар? Алма ағашы, алмұрт, алхоры,т.б. Олай болса, осы айтқан сөздердің бәрі қандай әріппен басталады? Аа
Балалар! Біз бүгін дыбыстармен танысудан бастаймыз. Аа әрпі мен дыбысымен танысамыз. Қане, бәріміз айтып көрейікші. А-А-А-А. Қалай айтылып тұр. Созылып. Қандай дыбыс екен. Дауысты.
Балалар, дыбыстар нешеге бөлінеді?( Екіге) Дұрыс.
— Сонымен Аа дыбысы дауысты екен. Қандай түспен бояу керек? ( Қызыл түспен) Қане, енді бәріміз қызыл түсті көрсетейікші? (Көрсетеді).
-Балалар, міне мынау Аа әріпінің баспа түрі. Аа әріптің жазба түрі. А бас әрпі, а кіші әріпі.
II. Операционалдық-орындаушылық кезең.
Оқулықпен жұмыс. Суретпен жұмыс істеу.
1-тапсырма. Дыбыстық талдау— Ал-ма. Алма туралы кім өлең біледі? Ал тағы өлең білетіндерің бар ма? -Жақсы, керемет өлең біледі екенсіңдер!
2-тапсырма.Қане, айтыңдаршы, сыныпта кімнің аты А әрпімен басталады? — Жақсы.
3-тапсырма. Сергіту сағаты. Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Қане, кім құлпынай теріп, аюға көмек береді? Мына жерде құлпынай өсіп тұр, оны теру үшін шартын орындау керек. Құлпынайдың ішінде жасырылған сөздер бар. Егер кімде-кім сол сөзді оқып білсе, сол құлпынайды алады.
3-тапсырма. Балалар алманың суретін салайық.(Біріншілер қатарында сурет салғандарды мадақтау). Қызыл, жасыл, сары алмалар.
4-тапсырма. Дәптермен жұмыс. Аа әрпінің дәптердегі үлгісі бойынша бастыра жазу.
III.Рефлекциялық-бағалау кезең.
5-тапсырма. Жұмбақ шешу.
Қиқу салып бақырып
Айқайлауды тауыпты
Қыт-қыт дейтін, шақырып
Кім біледі, қане айтыңдаршы? (Тауық)
6-тапсырма.Сөз ойла, тез ойла. Аа әрпі кездесетін сөздер айту.
Рефлексиялық-танымдық жаттығу беріледі. Жаттығу орындау арқылы сабақтан алған әсерін әңгімелейді. Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. А дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.