Без рубрики

Үлкен әріптер

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы
Ю.А. Гагарин атындағы №8 жалпы білім беретін орта мектеп

Таубаева Сауле Абайқызы математика пәнінің
І санатты мұғалімі

Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы «Үлкен әріптер».
Мақсаты: а) оқушыларды т
арихи мағлұматтармен таныстыра отырып, ойын элементтерін пайдалану арқылы пәнге танымдық қызығушылықты тудыру;

б) ізденгіштікке баулу, оқушылардың өз бетінше ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін жеткізе білуін қалыптастыру. Жаңа технологияны пайдалану арқылы шығармашылық қабілетін, таным белсенділігін арттыру. Математикалық тілде жаза білу дағдысын, ақыл — ой өрісін дамыту. Өмірмен байланыс жасау арқылы патриоттық сезімін ояту;

в) ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

 

Түрі: ойын

Әдісі: танымдық ойын әдісі, ішінара ізденушілік, ой қозғау стратегиясы, кәсіби бағдар беру, компьютерлік оқыту әдісінің элементтерін қолдану

Көрнекілігі: үй кинотеатры, слайдтар, нақыл сөздер жазылған плакаттар, құрастырма әріптер, кубиктер, ысқырық, ойын балғасы, шарлар, қажет құрал-жабдықтар, ережелер жазылған қағаздар, маркерлер, үлестірме қағаздар, сыйлықтар

Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі, дене шынықтыру

 

Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім:

1 – кезең. Жалғасын тап

2 – кезең. Қатесін тап

3 – кезең. Жанкүйерлер көмегі

4 – кезең. «Шапшаң қимылда»

5 – кезең. Ақтық ойын

  1. Қорытынды

 

I. Кіріспе

Құрметті, ұстаздар мен оқушылар. 19 сәуір мен 24 сәуір аралығында мектебімізде «Байқоңыр – ғарыш мекені» атты озат ұстаздар мен жас ұстаздар арасында тәжірибе алмасу апталығы болып жатырғанын білесіздер. Бұл апталық Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 65 жыл толу, қаламыздың 55 жылдық мерейтойы қарсаңында болып жатыр. Міне осындай іс – шараларға сіздер де осы бүгінгі сабаққа жақсы араласу арқылы өз үлестеріңізді қосасыздар.

Сонымен, сіздер бүгін 7 сыныптар арасында геометрия пәні бойынша өтілгелі отырған «Үлкен әріптер» атты сыныптан тыс жұмысты көруге келіп отырсыздар. Бүгінгі сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты — тарихи мағлұматтармен таныстыра отырып, ойын элементтерін пайдалану арқылы пәнге танымдық қызығушылықты тудыру, ізденгіштікке баулу.

Алдарыңызда әр 7-ші сыныптан құрылған «Алғырлар» тобының мүшелері тұр. Осы оқушылармен сіздерді таныстырып қояйын.

7 «А» сынып оқушысы – Орналиева Ару. Ол бос уақытында кесте тоқығанды жақсы көреді. Алгебра, геометрия және ағылшын тілі пәндерін жақсы көреді. Болашақта ағылшын тілін терең меңгеріп, еркін сөйлеуді армандайды.

7 «Б» сыныбының оқушысы Қуанышбаев Ардақ. Ол физика, математика, тарих пәндерін жақсы көріп, соларға ерекше көңіл бөледі. Болашақта ақ халатты абзал жан болғысы келеді.

7 «В» сыныбынан осы жарысқа Әбдіхалықов Әсет қатысып отыр. Бос уақытында сурет салғанды, компьютерде отырғанды жақсы көреді. Өз сыныбының — суретшісі. Алгебра, геометрия, сурет пәндерін жақсы көреді. Спорттың таэквондо түрімен айналысады.

7 «Г» сынып оқушысы – Дүйшенбиева Назкен. Сабақтан тыс уақытта спортпен, соның ішінде таэквондомен айналысқанды жақсы көреді. Осы спорт түрінен қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жүр. Орыс тілі, алгебра, геометрия пәндерін жақсы көреді. Болашақ милиция қызметкері болғанды қалайды.

7 «Д» сынып атынан Ерғалиев Нұрберген қатысып отыр. Бос уақытында футбол ойнағанды, компьютермен жұмыс жасағанды жақсы көреді. Мектептегі футбол командасының мүшесі. Әдебиет, алгебра, геометрия, дене пәндеріне ерекше көңіл бөледі.

7 «Е» сыныбының өкілі – Тәжібаева Әсел – болашақ дәрігер. Ол тоқығанды ұнатады. Алгебра, геометрия, биология, дене пәндерін жақсы көреді.

Енді сіздерді ойын кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1 – кезең. Жалғасын тап.

2 – кезең. Қатесін тап.

3 – кезең. Жанкүйерлер көмегі.

4 – кезең. «Шапшаң қимылда»

5 – кезең. Ақтық ойын.

Математиканың негізгі салаларының бірі – геометрия, дүниеге ерте келіп, адамзат қоғамының даму тарихымен бірге жасасып келе жатқан ежелгі ғылым.

Ғылымның басқа салалары сияқты, геометрия да өмір талабынан, тіршілік қажетінен туған. Геометрияның алғашқы элементтері Египет топырағында, Ніл дариясының бойында пайда болған.

«Геометрия» — грек сөзі, қазақшаға аударғанда «жер өлшеу» деген ұғымды білдіреді.

Сөйтіп, геометриялық ғылым ең алғаш жер өлшеу, үй салу, ғимараттар мен жолдар пайдаланатын жерлерді бөлу, каналдарды қазу сияқты жұмыстарды орындау барысында өлшеулерді жүргізу үшін қолданылған.

Бастауыш геометрияның ең бірінші авторы гректің атақты математигі Евклид (б.э.д. 330-275 ж.) өзінен бұрынғы ғасырлар бойы жиналған деректерді бір кітапқа сыйғызып, «Негіздер» деген атпен оқулық жазған. «Негіздер» он үш таптан құралады, ол дүние жүзінің түрлі тілдерінде 500-ден аса рет басылып

шыққан.

II. Негізгі бөлім:

1 – кезең. Жалғасын тап

Евклидтің алғашқы алты кітабы осы салаға арналған. Онда мынадай негізгі анықтамалар бар:

  • Нүкте дегеніміз – бөлігі жоқ нәрсе.

  • Сызық дегеніміз – енсіз ұзындық.

  • Сызықтың ұштары – нүкте.

  • Өзінің нүктелері жөнінен бірдей орналасқан сызық түзу болады.

Сонымен, алдарыңдағы тақтаның бірінші қатарында ережелер ілінген. Алдарыңдағы парта бетінде сол ережелердің жалғасы жатыр. Осы ережелердің жалғасын дұрыс тауып, әрқайсысын өзінің астына ілу керек.

Егер жалғасын дұрыс тапсаң, тақтаны айналдырған кезде алдарыңда сөз шығады. Ал, қане бастайық.

н

ү

к

т

е

Қане болсаңдар, тақтаны айналдырыңдар. Сонда мына төмендегі «нүкте» сөзі шығады.

 

Ал, енді менің көмекшілерім сахнаға екі әріп алып шығыңдар.

Ол әріптер: П және А.

  • Сендерге қосымша көмек ретінде леп белгісін ұтып алуға болады. Ол үшін А әрпінен басталатын 15 сөз айтуларың керек. Ол сөздер зат есім болу керек. (Я)

2 – кезең. «Қатесін тап»

Геометрия ғылымын дамытуда шығыс елдерінің ғалымдары да табысты еңбек етіп, зор үлес қосты. Орта ғасырларда Отырар қаласынан шыққан данышпан ғұлама Әбу Наср Әл-Фарабидің бай математикалық мұрасында геометрия және оны оқыту мәселелері кең орын алған.

Бұлар – геометриялық салу есептері, қолданбалы геометрия. Әл-Фарабидің өз кезінде ғылым мен мәдениетті дамытуға,оның ішінде геометрияны дамытып, оның қолданылу аясын кеңітуге қосқан үлесі ерекше болды.

Әр ойыншының алдына бірнеше сөздер жазылған қағаз беремін. Оның ішінде бір сөз ғана қате, соны тауып алып, қатесін жөндеу керек. Қатесін дұрыс тапқан балаға менің көмекшілерім әріп беріп отырады. Сендер сол әріптерден, өзара ақылдасып, сөз құрауларың керек.

Ал, бастаңдар.

ф

и

г

у

р

а

Қандай сөз құрастырдыңдар? Егер дұрыс болса, алдарыңда «Фигура» деген сөз шығу керек.

 

Қанекей, тексеріп көрейік. Қалай тексереміз, біртіндеп па, әлде барлық әріпті бірден ашамыз ба?

Ал, менің көмекшілерім, алдарымызға әріптерді әкеле қойыңдар.

Ол әріптер: Т және Е.

Қосымша көмек алу үшін, Т әрпінен басталатын 10 сөз айтыңдар. (И, И)

3 – кезең. Жанкүйерлер көмегі

Құрылыста, ауыл шаруашылығында толып жатқан есептеулерді орындауға тура келеді. Мысалы, жолдың ұзындығын, ғимарат салынатын жердің ауданын есептеу қажет болады. Осындай қажеттіліктен геометриялық фигуралар және оларды салу ережелері пайда болды. Геометриялық фигуралар алуан түрлі болады. Кез келген геометриялық фигураның бөлігі де геометриялық фигура болып табылады. Кез келген геометриялық фигура нүктелерден тұрады. Сонымен, жанкүйерлер сендерден көмек сұраймыз. Дұрыс жауап берсеңдер ойыншыларға бір әріп ашуға көмектесесіңдер.

Негізгі геометриялық фигураларды атаңдар.
Жауаптары:

 

Нүкте, түзу, сәуле, шеңбер, бұрыш, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелек, пирамида, цилиндр, конус, сфера.

Көрермендердің көмегінің арқасында ойыншыларға М әрпі беріледі.

— Ал, енді ойыншылар, сендер М әрпінен басталатын 6 сөз айтыңдар. Сонда сендерге тағы көмек ретінде леп белгісі беріледі. (Л)

Сендер мектепте оқитын «Геометрия» оқулығының авторлары: Қ.О. Бүкүбаева, А.Т. Миразова, Қ.Ж. Ағанина. Алматының «Атамұра» баспасынан шыққан. Геометрия – тамаша пән. Себебі, оқушының ақыл-ойын дамытуда, ойлау қабілетін жетілдіруде оның маңызы зор. 7 – сынып геометриясы, әсірере оның алғашқы тарауы бүкіл мектеп геометриясының негізі болып табылады.

4 — кезең. «Шапшаң қимылда»

Шарды әуеде ұшырып, жерге түсіріп алмай, межелеген жерге барады. Сол жерде жолдастарын күтіп, барлығы жиналу керек. Барлығы бір уақытта тоқаш жейді және жеп болғасын тарелкасын төңкеріп, сөздің мағынасы бойынша ретпен тарелканың әріп жағын көрсетіп тұра қалу керек.

ш

е

ң

б

е

р

Олар болғасын мен көмекшім арқылы тексеріп шығамын. Дұрыс болған жағдайда «шеңбер» сөзі шығады.

 

Көмекшілерім, әріптерді тез жеткізе қойыңдар.

Ол әріптер: Н және Р.

Ал енді, бар жиналған, ашылған үлкен әріптерді әкелейік. Сендердің алдарыңда

П, А, Т, Е, М, Н, Р әріптері тұр. Осы сөздерден команда болып ақылдасып, қандай сөз құрауға болатынын айтыңдар.

Көмек алуларың үшін бір леп белгісін ашасыңдар. Қажет деп тапсаңдар сол мүмкіндікті қолдануға болады. Әр леп белгісі артық 15 секунд екенін ұмытпаңдар. Сонымен ақылдаса келе не деп шештіңдер?

  • ПЛАНИМЕТРИЯ

  • Дұрыс. Енді соңғы шарт қалды.

5. Ақтық ойын

Барлықтарың орындарыңа жайғасып отырыңдар да, осы сөзден бірнеше сөз құрастырыңдар. Кім көп сөз құрыстырады, сол осы «Үлкен әріптер» ойынының жеңімпазы атанады.

III. Қорытынды

Сонымен, оқушылар біздер бүгін сендерге «Геометрия» пәні туралы біраз мағлұмат бердік. «Геометрия» пәні сендер үшін жаңа пән. Сондықтан осы пәнге ерекше көңіл бөліп оқуларың қажет. Егер геометрияны жақсы меңгерсеңдер болашақта сендерден жақсы архитектор, құрылысшы, инженерлер шығады деп үміттенеміз. Қазақстан — 2030 бағдарламасын іске асыратын сендер боласыңдар. Ол үшін қазірден бастап барлық пәндерге көңіл бөліп, ыждаһаттылықпен оқуларың керек. Қазақ елін дамыған 50 елдің қатарына қосатын сендер боласыңдар. Сондықтан да тек оқу қажет. Бүгінгі ойынымыздың да мақсаты оқуға көңіл бөлу болатын. Сол мақсатқа жеттік деп ойлаймыз. Қатысып көргендеріңізге, жолдастарыңа қол ұшың беріп көмектескендеріңе көптен-көп рахмет айтамыз.

Алдарыңызда Досанова Гүлбанудың орындауында «Туған жер» өлеңін қабыл алыңыздар.

Осымен бүгінгі сыныптан тыс жұмысымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар.

Үлкен әріптер: 2 комментария

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.