Без рубрики

О дыбысы мен әрпі

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы
6 Хромтау гимназиясының
Бастауыш класс мұғалімі
Суюндикова Гүльмира Турегалиевна

Тақырыбы: О дыбысы мен әрпі
Мақсаты:1.Оқушыларды Оо әрпінің таңбасымен таныстыру, баспаша жазбаша түрін таныту.
Дыбыстық фонемалық қызметін модельдеу арқылы өтілген дыбыстарды қатыс-тырып буын, сөз, сөйлем құрату
2.Оқушылардың сөздік қорларын молайту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту
3.Отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көркемділік: кеспе әріптер суреттер буклеттер буынды сөздер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың назарын сабаққа аудару.

2.Тірек білімді жетілдіру.

1.Өтілген әріптерге шолу: Аа, Т т, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Уу, Шш, Йй
2. Өтілген әріптер бойынша буын құрап оқыту:та, па, на, ға, ра, ла, уа, ша, ай
3. Дауысты, дауыссыз дыбыстарға бөлу,топтастыру
4. Өтілген сабақты оқушыларды қатыстыра отырып бекіту

3. Үй тапсырмасынқортындылау барысында. Қай әріп жоғалды? ойынын ойнату

4.Жаңа мағынаны тану. Ой қозғау.
1.Кіріспе әңгіме: Сурет бойынша ойыншық сөзіне ассосациялық аймақ құру
2. О-йын-шық сөзіне буындық талдау жасау; а) Сурет бойынша сөйлем құрастыру
1) Ойыншық – Бала ойнайтын зат. 2) Ойыншық – Балалардың барлығында бар.
Ойыншық сөзіне дыбыстық буындық талдау жасау.
3. О дыбысын хормен айтқызу. Ауада жазу. Кеспе әріптерін көрсетіп, қалтаға салу.
4. Құпия жұмыртқаны ашайық.

Ол үшін мына жұмбақты шешейік
Сонда жұмыртқа ашылады:

Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау.
5. Жұмыртқаның ішінен 1 2 3 сандарының сыртында жұмбақ жазылған соны шешсеңдер

өтетін жаңа әрпі бар сөз шығады
Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр: (От)
Саусаққа киіп ем топатай

Инені жүгірттім оп оңай (Оймақ)
6.От, оймақ, доп сөздеріне дыбыстық талдау жасау
7. Оо дыбысы мен таңбасын таныту, дыбыстау арқылы жуан дауысты екенін, сөз басында

келетінін білдіру
8. Ойын «Кім тапқыр».
(О дыбысына сөздер ойлап тап). Әліппе оқулығымен жұмыс
9. Мазмұнды суретке ат қою, сөйлем құрату күз, егін орағы, комбайншылар оқушылардың

құттықтауы, орақ сөзіне дыбыстық талдау
Баған бойынша сөздерді тізбектеп оқыту;

Сурет бойынша сөз, сөйлем құрау; Отан сөзі.

5. Мәнерлеп оқу:
Отан – менің ата — анам, Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан — досым, бауырым Отан дейміз өсірген елімізді
Отан – өлкем, астанам Отанның шегі де жоқ, шеті де жоқ
Отан – туған ауылым Ол бірақ өз үйіңнен басталады

Дәптермен жұмыс.

Дәптерде берілген әріпті және сөздерді әдемі жазу. Дыбыстық талдау жасау7

7. Қорытынды:

Жолмен емес,маңайда

«О»келеді- абайла

Ойбай салып,ондалап,

«О»келеді доңғалап.

Жолмен емес,маңайда:

Басып кетер – абайла,-

8.Үйге тапсырма.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.