Тлеужанов Асылбек Амантайұлы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Қызылту негізгі мектебі
География пән мұғалімі
Пәні: география Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Орталық Қазақстан туралы толық ақпарат беру
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту
Тәрбиелік: Адамгершілікке, өз бетімен ізденуге,ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Карта, оқулық, тірек сызбалар, Азияда алауы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, ойын элементтері
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а)Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру
ә)Оқушыларды түгендеу
ІІ. Жаңа білім алуға даярлық кезеңі
Оқушыларға жеке және жаппай сұрақтар қою арқылы өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін нақтылау
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Оқушыларды жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
ІҮ. Жаңа сабақты оқып үйрену кезеңі
Географиялық орны: Еліміздің орталығында орналасқан. Жер бедері ұсақ шоқылы, қуаңшылық басым. Климаты континентті, жазы өте ыстық.
Пайдалы қазбалары: тас көмір, темір, вольфрам, молибден, ваннадий, мыс, марганец, асбест
Халқы: -1,339,4 мың адам. 1км – 3,6 адам Қала халқы – 86%. Байырғы тұрғындары қазақтар сондай-ақ орыстар, украйндар, немістер, татарлар, корейлер т.б.
Өнеркәсібі: Отын өнеркәсібі – тас көмір өндіру (Қарағанды)
Қара металлургия – темір кені (Қаражал)
Түсті металлургия – мыс (Жезқазған), (Балқаш), қорғасын, мырыш, молибден
Химия өнеркәсібі – синтетикалық каучик (Теміртау), күкірт қышқылы (Балқаш)
Тамақ өнеркәсібі – ет, үн, кондитер комбинаттары, шарап, сыра зауыттары (Қарағанды), балық зауыты (Балқаш)
Жеңіл өнеркәсіп – аяқ киім, трикотаж, тігін, жиһаз бұйымдары (Қарағанды)
Ауыл шаруашылығы – Ауданда етті-сүтті мал өсіру сонымен қатар жүгері, күнбағыс, картоп егіледі.
Көлік кешені – Аудан үшін автомобиль жолының маңызы зор
Ү. Шығармашылық тапсырмалар кезеңі
Конкимен жүгіру(жылдам әрі тез тақырып бойынша 10 сөз айту)
Кёрлинг (ең көп әріптен тұратын сөз жазу)
Шаңғымен жүгіру (ең ұзын сөйлем жазу)
Хоккей (оқушылардың бір біріне сұрақ қоюы)
Биатлон (оқушылардың бірлесіп тапсырма орындауы)
ҮІ. Сабақты бекіту.
Тест
-
Қазақстан аумағын бес экономикалық ауданға бөлген ғалым?
а) Баранский ә) Уәлиханов б)Потанин
2. Орталық Қазақстанның мамандаған саласы
а) Металлургия ә) Мұнай б) Газ
3.Халықтың басым көпшілігі қайда тұрады?
а)қалада ә)ауылда б)шетелде
4. Толық циклды зауыт қай қалада орналасқан?
а)Теміртау ә)Көкшетау б)Ақтау
5. Мал шаруашылығының қай саласы жетекші орында?
а)қой ә)ешкі б)сиыр
ҮІІ. Бағалау.
Жинаған ұпайлары бойынша және дауыс беру белсенділігіне қарай.
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
Орталық Қазақстанның қалалары туралы мәлімет жинау.