Без рубрики

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Ақтобе қаласы51 гимназия
Қожаниязова Гулбану Жәнібекқызы
Кластан тыс шара
Класы: 2 «Ә»

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Ма
қсаты:
Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.
Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта

Барысы:

1.Ұйымдастыру.

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір топты анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады. Ендеше сіздерге сәттілік! Енді сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

І. Ой жүгірту.

ІІ. Көсемдікке ұмтылу.

ІІІ. Ғажайып сурет.

ІҮ. Шешімін тап!

Ү. Полиглот.

«Жанкүйерлер сайысы»

Мұғалім:

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!

Бағалайды әділқазы сіздерді.

Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па? – деп, осы сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.

Кариева Гүлнар

Бакиева Света

Мұғалім:

Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса бойыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр бойында – дей келе, топтарымызды таныстырып өтейік.

І топ «Көктем»

ІІ топ «Жаз»

ІІІ топ «Күз»

ІҮ топ «Қыс»

Топтар өздерін таныстырады, яғни топтың атын қорғау (аталған жыл мезгілдеріне сипаттама беріп, сол жыл мезгілі туралы 1 шумақ өлең оқиды)

Мұғалім:

Ал келіңдер, келіңдер!

Дұрыс жауап беріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Саудаласып көріңдер.

Сырлары көп білімнің

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне.

І кезең «Ой жүгірту»

Мұнда оқушылар пәндер бойынша сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап береді.

Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар?

Дыбыс дегеніміз не?

Дыбыстар неше топқа бөлінеді?

Заттың атын білдіретін сөз табы?

Азайтудың нәтижесі қалай аталады?

Қосудың компоненттерін ата.

Қосуға кері амалды ата.

Бір жылда неше күн бар?

Есту мүшесі не?

Көру мүшесі.

Иіс сезу мүшесі?

Дәм сезу мүшесі.

«Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбаевтың қандай өлеңімен таныстық?

«Шәкірт балаларға» өлеңінің авторы.

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?

Сөйлем түрлерін ата.

Бір жылда неше ай бар?

Ұлыстың ұлы күні.

Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата.

ІІ кезең «Көсемдікке ұмтылу»

«Мақал – сөз мәйегі» дегендей, бұл кезеңде оқушылар берілген тақырыпта мақал – мәтел жарыстырады. Қане, қай топ көп мақал біледі екен. Берілетін тақырыптар:

Отан, туған жер, туған ел, атамекен.

Оқу, білім.

Ерлік, батырлық.

Достық, жолдастық.

ІІІ кезең «Ғажайып сурет»

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Бұл кезеңді ғажайыпқа берелік.

Арамызда тапқыр достар көп екен,

Соларды енді жарыстырып көрелік! – деп,

мұнда оқушылар берілген қиындылардан бір бейне құрастырып, ол туралы әңгімелейді.

Бәйтерек. Гимназия. Мемлекеттік ту. Мега – Ақтөбе.

Мұғалім: Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым соған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

ІҮ кезең «Шешімін тап!»

Мұнда оқушыларға тізбек арқылы берілген өрнектерді шығару ұсынылады. Қай топ тез әрі қатесіз орындаса, сол топ жеңімпаз болады.

 

+20 -10 +18 -15 -6 +41 -10

1). 12 ——- 32 ——- 22 ——— 40 ——— 25 ——— 19 ——— 60 ——— 50

 

+14 -7 -13 +16 +18 -30 +12

2). 40 ——— 54 ——— 47 ——— 34 ——— 50 ——— 68 ——— 38 ——— 50

 

+17 -40 +16 -24 +11 -20 +27

3). 63 ——— 80 ——— 40 ——— 56 ——— 32 ——— 43 ——— 23 ——— 50

 

+10 -56 +31 -11 +20 -40 +10

4). 86 ——— 96 ——— 40 ——— 71 ——— 60 ——— 80 ——— 40 ——— 50

Ү кезең «Полиглот»

«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл!» дегендей, мұнда оқушылар жасырылған жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтады.

Жұмбақтар:

1). Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап – книга — book)

2). Падишадай жатысы бар,

Жолбарыспен шатысы бар. (мысық – кошка — cat)

3). Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр – шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка — pencil)

4). Жылт – жылт еткен,

Жылғадан өткен. (су – вода — water)

Мұғалім:

Ендігі кезекті «Жанкүйерлер сайысына» берейік! Әр топтың жанкүйер оқушылары берілген мақалдарды шапшаң жалғастырады.

1). Еңбектің наны тәтті, ………………………………

2). Кітап – білім бұлағы, ……………………………….

3). Батыр бір өледі, ………………………………….

4). Бірлік болмай, ……………………

5). Әдепті бала – арлы бала, …………………………..

6). Қына тасқа бітеді, ………………………...

7). Жүз теңгең болғанша, ………………………….

8). Ашу дұшпан, ……………………..

Мұғалім:

Ашық – жарқын жүзді,

Әділқазы біздің.

Таңдап баға беруге

Шақырайық төрге – деп, сайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділқазыларға сөз кезегін берейік! Әділқазылар жеңімпаз топты марапаттайды, қалған топтарға ынталандыру сыйлықтары тапсырылады.

Мұғалім:

Алдыңызда әлі талай асу бар,

Асулардан қиналмай – ақ асыңдар.

Тек сәттілік тілеймін бәріңізге,

Болашаққа батыл қадам басыңдар! – дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тамашалағандарыңызға рахмет!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.