2012 жылы басылымға тілшілер қабылдау шектеусіз және талап білдірушілердің барлығы қабылданды. Осы арқылы ұстаздар тілшілік жұмыстың маңызы мен мағынасын, жауапкершілігін жете түсінуге мүмкіндік алды. Шығармашыл бағытта жұмыс атқарып жүрген көптеген ұстаздармен таныстық. Мұғалімдердің жинақ кітапшаларын шығарылды. 2012 жылы БАҚ өкілі-Тілші болып белсенді әрі бірлесе қызмет атқарған барлық Ұстаздарға алғыс білдіреміз.
2013 жылы тілшілермен жұмыс тәртібі өзгерді. Республикалық басылымға БАҚ өкілі Тілші болғысы келген талапкер үшін:
1. Түйіндеме. Фотосурет. Тілші қызметі туралы өзіндік ой пікірі.
2. "Мектептегі бір мезет" интернет конкурсына қатысу, білім мекемесі туралы шығармашылық, фото, видео ақпарат.
3. Тілші қызмет көрсететін оқырмандарды жасақтау. Яғни, әрбір тілшінің өзі жұмыс жасайтын шығармашылық ұжымын қалыптастырады. Ұжымдағы ұстаздардың сабақ жариялау, сертификат алу, газет оқырманы болу барлық сұраныстарына көмектеседі, өз ұжымын үлгілі шығармашыл ұжым ретінде қалыптастыру үшін жұмыс жасайды. Сонымен қатар өзінің мектебі үшін де БАҚ байланыс жасайтын тілші болып қалыптасады. Білім мекемесіндегі жаңалықтар, оқушылардың еңбектері, іс шаралар туралы ақпараттарды БАҚ жариялауға мүмкіндік алады. Әрбір іс-шараны фото, видеоға түсіріп, сол туралы ақпараттық мақала жазып отырады.
Тілші шығармашылық ұжымын жасақтау үшін Акция-2013 бойынша газетке жаздыру ұйымдастырады. Редакциямен тұрақты байланыста болып ұстаздардың сабақтары, іс тәжірибелерінің жарияланып отыруы қадағалай алады.