Бейорганикалық қосылыстар кластарымен қоштасу (сайыс сабағы)
ШҚО Аягөз ауданы Мамырсу ауылы
С. Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің
химия пәні мұғалімі
Мұхаметжанова Тілекқайша
Мұқанбайқызының 8-сыныптарда өткізген ашық сабағының тақырыбы:
«Бейорганикалық қосылыстар кластарымен қоштасу» (сайыс сабағы)
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың бейорганикалық қосылыстар жайлы білімін тереңдету, жай заттардан басталатын генетикалық байланыс жайлы білімді еске түсіру, екідайлы қасиет жайлы білімді дамыту; химиялық заттардың экологияға әсері салдарынан туған өлке табиғатын аялауға тәрбиелеу мақсаттарын көздеген «Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар» сайыс сабағы тарау бойынша қайталау, білімін бекітуге негізделеді.
Білімділік: Оқушылардың бейорганикалық қосылыстар жайлы білімін тереңдету, жай заттардан басталатын генетикалық байланыс жайлы білімді еске түсіру,
Дамытушылық: сараптау, өмірмен байланыстыру нәтижесінде білім мен білікті тәжірибеде пайдалану қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: экологиялық сауаттылыққа, химиялық заттардың экологияға әсері салдарынан туған өлке табиғатын аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Қышқыл», «Негіз», «Тұз», «Оксид» қабырға газеттері, үлестірме материалдар, буклет, сөзжұмбақ, компьютер, интерактивті тақта, химиялық реактивтер, индикаторлар, стакан, су және тағы басқа.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру (ой маржан)
-
Химиялық қосылыстар экологиясы
-
Қатесін табыңыз
-
Химик–сараман
-
Химиялық эстафета бақтар сыры
-
Жұмбақтар сыры
-
Топ жетекшілерінің бәйгесі
-
Іздеу ұйымы
-
Қабырға газетін қорғау
-
Қорытынды
Ұйымдастыру бөлімінде сынып оқушылары 4-ке бөлінеді: «Қышқыл», «Негіз», «Тұз», «Оксид». Топ жетекшілері және қазылар алқасы сайланды. Әрбір топтың аттарына сәйкес төсбелгісі бар.
І. Ұйымдастыру (ой маржан)
Жүргізуші: «Бейорганикалық қосылыстар кластарымен қоштасу» сайыс сабағын ашық деп жариялаймын.
«Бейорганикалық химия» 5ай бойы мені оқып, химиялық қосылыстар түрлерімен танысып, олардың жіктелуі мен қолданылуы, химиялық қасиеті мен адам үшін пайдасын оқып үйрендіңіздер. Тарауды бітіріп, қоштасар алдында сіздердің бейорганикалық қосылыстар жайындағы теориялық және практикалық білімді қалай меңгергендеріңізді көрелік.
4 топты ортаға шақырады. Топ жетекшілері сәлемдесуден соң бір-біріне сұрақтар береді. «Қышқыл» тобы жетекшісінің «Негіз» тобы жетекшісіне берген сұрақтары:
1. Қышқылдар түзетін қосылыстардың негізі нелерден басталады? (бейметалдардан)
2. Қышқыл ерітіндісін анықтау үшін қандай индикаторлар пайдаланылады? (лакмус, метилоранж)
3. Дені сау адамның асқазанында қандай қышқыл болады? (тұз қышқылы)
Жүргізуші: Кезекті «Негіз» тобының жетекшісіне береміз. «Негіз» тобы жетекшісінің «Қышқыл» тобы жетекшісіне берген сұрақтары:
1. Суда еритін негіздер қалай аталады? (сілтілер)
2. Суда ерімейтін негіздерді қандай реакцияның көмегімен алады? (алмасу) Біздің ауылымызда өндірілетін құрылыс жұмыстарында көп қолданылатын негіз? (кальций гидроксиді)
Жүргізуші: Кезекті «Тұз» тобының жетекшісіне береміз. «Тұз» тобы жетекшісінің «Оксид» тобы жетекшісіне берген сұрақтары:
1. Периодтық жүйе тұрғысынан қарасаң химиялық элемент, зат тұрғысынан қарасаң жазу құралы. Бұл қандай зат? (Бор)
2. Адама ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылатын ерітіндіні тұрмыста тамақ дайындауға қолданады. Бұл заттың атауы қандай? (Натрий хлориді)
3. Тұздардың топырақта аз болуының зияны бар ма? (өсімдіктер үшін)
«Оксид» тобы жетекшісінің «Тұз» тобы жетекшісіне берген сұрақтары:
1. Үш күйде болатын оксидті ата. (су)
2. Құрылыста байланыстырушы зат ретінде, цемент, түрлі тұздар алуға көп қолданылатын, ауылда өндірілетін оксид қайсысы? (CaO; кальций оксиді)
3. Химия наны – H2SO4 өндіруде қолданылатын қоймаларды зиянкестерден тазартуда көп қолданылатын оксидті ата (SO2күкіртті газ)
ІІ. Химиялық қосылыстар экологиясы
Әр топ оқушылары химиялық қосылыстардың қоршаған ортаға зиянын білуі керек. Интербелсенді тақта арқылы сызылған шеңберлерде қосылыстардың әрекеттесуі арқылы түзілетін заттардың аты жазылған.
Жүргізуші: Қосылыстың атын атағанда әрбір топтың бір оқушысы бір минутта аталған затты алу реакция теңдеуін жазып, түзілетін зат атауы жазылған шеңберге кіруі керек. Қателессе, шеңберге кірмесе, ұпай алмайды.
SO3 +H2O→ H2SO4 (қышқыл) «қышқыл жаңбыр»
2Na+2H2O→2NaOH+2H2↑ (негіз) күйдіргіш теріні, матаны күйдіруі
2NaOH+ H2SO4 → Na2SO4 + 2H2O (тұздар) (бояу, улы химикаттар өндіру)
CaCO3 → CaO+CO2↑ (Оксид)(ауаның ластануы)
ІІІ.Қатесін табыңыз!
Бұл сайыста қатысушы әрбір топ алдында нөмерленген конвертте бейорганикалық қосылыстар атауы берілген. 3 секундта дұрыс атауына бағдарша қою керек.
Натрий сульфаты H2SO4
Күкірт қышқылы Na2SO4
Барий гидроксиді К2O
Калий оксиді Ва(OH)2
IV. «Химик-сараман».
І топ. Берілген үш сынауықта NaOH; H2SO4; H2O. Қай сынауықта қандай зат бар екенін анықта.
ІІ топ. Үстелден мыс (ІІ) оксидін алып, оның негіздік оксидке жататынын дәлелде.
ІІІ топ. Берілген үш сынауықтағы заттар: әк суы, күйдіргіш калий және тұз қышқылы. Әрқайсысын өзіне тән реакция көмегімен анықта.
IV топ. Мыс (ІІ) гидроксидінен мыс (ІІ) хлоридін алыңдар.
V. Химиялық эстафета
Берілген сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жазып, теңестіріңдер, өнімдердің аттарын атаңдар.
1. CaCO3→ CaO→Ca(OH)2→Ca(HCO3)2→ CO2
2. Р→ Р2O5→H3РО4→Ca3(РO4)2
3. AlCl3→Al(OH)3→Al2O3→Al2(SO4)3→Al(OH)3
4. Cu→CuO→CuCl2→Cu(OH)2→CuO→Cu SO4
VI. Жұмбақтар сыры.
І топ. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде
Шыдау қиын бұл затқа екі күнге (су)
ІІ топ. Ол болмаса астың дәмі кірмейді
Кім бар екен әлемде оны білмейтін (тұз)
ІІІ топ. Оттекті, оттексіз боп бөлінеді,
Бәрі тек бір элементтен басталып.(қышқыл)
IV топ. Терініде, матаны да күйдірер,
Қызыл лакмус онда түрі көгерер.(Негіз)
VII. Топ жетекшілерінің бәйгесі.
І топ.
1. Көмірқышқылының тұзы
2. Биэлементті қосылыс
3. Судың формуласы
4. Қышқылдар неден тұрады?
5. Тұздардың үш түріне мысал келтір
ІІ топ.
1. Азот қышқылының формуласы
2. NaHCO3 ненің формуласы
3. Тыңайтқыштар ретінде қолданылатын тұздар
4. Өрт сөндіруде «құрғақ мұз» ретінде қолданылатын оксид
5. Сілті түзетін оксид
ІІІ топ.
1. Қатты күйдегі оксид
2. Тұз бен қышқыл ұқсастығы
3. Негіздік оксидтің бастапқы жай заты
4. Бейтараптану реакциясы деген не?
5. Қыздыруға төзімді негіздер
IV топ.
1. Фосфор қышқылының формуласы
2. Күкірт қышқылының тұзы
3. Суда еритін негіз
4. Тұздардың түрлерін ата
5. Осы ауылда өндірілетін оксид
VIII. Іздеу ұйымы
Әрбір топқа берілген жеке конвертте химиялық қасиеттерін көрсететін заттың формулалары келтірілген. Осы заттармен әрекеттескенде шығатын заттардың атын, пайда, зиянын айтады.
IX. Қабырға газет қорғау
X. Қорытынды
Құрметті оқушылар! «Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар» тарауын жақсы меңгергендеріңіз көрінді. Осы алған білімідеріңді егеменді еліміздің көркеюі жолында ізденістеріңізді арттыра беріңдер. Келесі тарау «Периодттық жүйе. Д.И.Менделеевтың периодтық заңы» деп аталатын тарауда элементтерді жүйелеп, заңдылықтарын ашуда көп еңбек сіңірген ғұлама ғалым Д.И.Менделеев жайлы, валенттілік, ядролық реакциялар мәнін анық физика пәнімен байланысты көп мағлұматтарға қанық боламыз.
