MS Ассess –те кесте мәліметтермен жұмысты қайталау
Ақтөбе қаласы, Есет батыр атындағы
Ақтөбе облыстық әскери – полициялық
мектеп – интернатының
информатика пәні мұғалімі
Балгожиева Асыл Бисимбаевна
Сабақтың тақырыбы: «MS Ассess –те кесте мәліметтермен жұмысты қайталау»
Сабақтың мақсаты: а) MS Access – кесте мәліметтерімен жұмысты қайталау, кесте арасында байланыс құру, форма және есеп берумен жұмыс.
б) Оқушының алдыңғы тақырыптан алған білімдерін шыңдау, практика тапсырмаларымен жетілдіру, одан әрі дамыту .
в) Информатиканы оқыту кезінде оқушының ой-еңбегінің мәдениеті жаңа салалы деңгейде қалыптасу, өз тапсырмасына тиянақты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың типі: Білімді қорытындылау және жүйелеу сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, кеспе қағаздары
Сабақтың әдіс-тәсілі: АКТ, СТО, Диалогтік оқыту, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру сәті
а)Оқушыларды түгендеу б) Сабаққа даярлығын тексеру в) Сабақ мақсатын айту
ІІ «Жұмыс дәптері» Оқушылар көп нүктенің орнына қалып қойған сөзді қояды:
-
MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз ………… программалық құралдар кешені.
-
Мәліметтер қорының негізгі объектісі …………. болып табылады.
-
Мәліметтер қорында алдымен ………… құрып, сосын ………… құруға болады.
ІІІ Тапсырма №1 Төмендегідей үлгіде кесте құрыңыз:
Тапсырма №2 Кестелер арасында байланыс орнатыңыз:
IV «Кім мерген?» (деңгейлік тапсырмалар)
-
Мәліметтер қоры басқару жүйесінің қызметі қандай?
-
Мәліметттер қоры қандай объектілермен жұмыс жасайды?
-
Кестелер арасында байланысты қалай құрамыз?
-
Кесте дегеніміз не? Кестені қалай құрамыз?
-
Форма дегеніміз не? Форманы қалай құрамыз?
-
Есеп беру дегеніміз не? Есеп беруді қалай құрамыз?
-
MS Access-ті қалай іске қосамыз?(дұрыс емес жаубын көрсет)
а)Пуск –Программы-MS Office –Access; б) Пуск-Ассеss; в)тінтіуірдің оң жағынан Создать-Access; г) Пуск- Открыть-Access;
-
Адасқан құрылғылар. (құрылғыларды жалғау керек)
-
Тест тапсырмасы: MS OFFICE құрамына қандай бағдарламалар кіреді?
а) Paint, WordPad, Блоконт б) Word, Excel, PowerPoint, Access; в)Windows 2000, Windows XP, Windows Vista; г) Internet Explorer, Outlook Express;
-
Бейне сұрақ.
Тапсырма №3 Форма құрыңыз:
Тапсырма №4 Есеп беруді құрыңыз:
V Сабақты қортындылау
«ББҮ» кестесі
-
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
VI Оқушыларды бағалау
Сары-«3», Жасыл –«4», Қызы – «5»;
VІI Үйге тапсырма: Қайталау
