§ 8. «Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері
Ақтөбе қаласы, Есет батыр атындағы
Ақтөбе облыстық әскери – полициялық
мектеп – интернатының
информатика пәні мұғалімі
Балгожиева Асыл Бисимбаевна
Сабақтың тақырыбы: «§ 8. «Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері»
Сабақтың мақсаты: а) Компьютердің құрылғыларының тышқан, джойстик, микрофон, сканер, принтер, дыбыстық құрылғылардың міндеттері мен мүмкіндіктерімен таныстыру.
б) Ақпараттық- коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
в) Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдылыққа, тапқырлыққа, өз ойын ашық баяндауға, сыни ойлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: Практика элементтерін қолдана отырып, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта
Сабақтың әдіс-тәсілі: АКТ, СТО, Диалогтік оқыту.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру сәті
а)Оқушыларды түгендеу б) Сабақ мақсатын айту
в) Оқушыларды топқа бөлу
ІІ Үй тапсырмасы
“ Есептеуіш техникасының даму тарихы” сөзіне ассоциация құру
ІІІ Теориялық бөлім
«ЖИГСО» әдісі арқылы, тақырыптар бөлініп беріледі.
І топ – Жүйелік блок, монитор тақырыптары;
ІІ топ Пернетақта, тышқан, джойстик, микрофон тақырыптары;
ІІІ топ Принтер, сканер, дыбыстық құрылғылар тақыптары берілді;
IV Сабақты бекіту.
«Кім мерген?» ойыны арқылы оқушылар дәлдікті көздей отырып, санға сәйкес құрылғыларға анықтама береді.
ІV Сабақты қортындылау.
Семантикалық картамен жұмыс
|
Құрылғылар |
Орналасуы |
||
|
Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде |
Жүйелік блоктың ішінде |
Жүйелік блоктың артқы панелінде |
|
| Монитор порты | |||
| Қатқыл диск | |||
| Компьютердің қосу/өшіру батырмасы | |||
| Аналық тақша | |||
| Бейнетақша | |||
| Микрофон мен колонкаларға арналған кірістер | |||
| Дисковод | |||
| Процессор | |||
| Модем және сканерге арналған порттар | |||
| Дыбыс тақшасы | |||
| Компьютерді қайта жүктеу құрылғысы | |||
| Жедел жады | |||
| Принтер порттары | |||
V Үйге тапсырма: §8. Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері
VІ Оқушыларды бағалау
