Без рубрики

Жігіт Сұлтаны

Ақтөбе қаласы, Есет батыр атындағы
 Ақтөбе облыстық әскери – полициялық
мектеп – интернатының
 құқықтану пәнінің мұғалімі
Уразбаева Анар Әбубәкірқызы

«Жігіт Сұлтаны» Бағдарламасы:

  1. Өзін-өзі таныстыру.

  2. Өз өнерін көрсету.

  3. Білім сайысы.

  4. Батпан көтеру.

  5. Пародия ( эстрада жұлдыздарына).

  6. Автоматты шашып, қайта жинау.

  7. Қыз балаға өз сезімін жеткізу.

Мақсаты:

  • ер балаларды халықтық дәстүрді, әдет-ғұрыпты, тарихты қадірлеуге тәрбиелеу; танымын байытуға, мықты болуға талпындыру;

  • жігіттерндің ептілігін байқау;

  • балалардың ауызбіршілігін, ұйымшылдығын арттыру.

«Жігіт сұлтаны»

1- жүргізуші: Армысың ардақты ұстаз, аяулы жас,

Алдыңда тұр сайысқа түсер өрімдей жас.

Үміт күткен ұлдардан аяулы ұстаз,

О, жаратқан жігіттердің бағын бір аш.

2- жүргізуші: Болғалы жатыр сайыс көптен күткен

Іні мен қарындасқа үлгі тіптен,

Ауылымыз жастардан үміт күткен,

Жеңсе де, жеңілсе де тәуба еткен.

1-жүргізуші: Секемдеу көріне ме жүрістері,

Мектепке аян еді-ау мың істері.

Ассалаумағалейкум келе жатыр,

Ағайын ауылымыздың дүлділдері.

 

2- жүргізуші: Сайыс десе таза біздің арымыз,

Жалындайды сайысқанда жанымыз.

Сайысатын жігіттерді бүгінгі,

Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.

1- жүргізуші: Арайлап атса келешектің ақ таңы.

Біз үшін мәртебе тұлпардың шапқаны.

Бүгінгі балғын, балауса жастар,

Қазақтың ертеңі, аппағы мақтаны.

2- жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті бүгінгі кештің көрермендері. Мектебіміздің “Жігіттің сұлтанын” анықтауға қош келіпсіздер демекпіз.

 

1- жүргізуші: Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Ел намысын қорғамақ

Жігіттер шықсын ортаға?

Бүгін сұлтан атанбақ.

Құрметті көрермендер, енді бүгінгі сынға түскелі отырған жігіттерімізбен таныс болыңыздар:

1. Басенов Нұржан ( 1-рота, 1-взвод)

2. Сағындықов Ерік ( 1-рота, 3-взвод)

3. Жылқайдар Ноян ( 2-рота, 1-взвод)

4. Махай Ердос (2-рота, 2-взвод)

5. Есжанов Арнұр ( 2-рота, 3-взвод)

 

Бүгінгі біздің сайысымыз келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Өзін-өзі таныстыру.

  2. Өз өнерін көрсету.

  3. Білім сайысы.

  4. Батпан көтеру.

  5. Пародия ( эстрада жұлдыздарына).

  6. Автоматты шашып, қайта жинау.

  7. Қыз балаға өз сезімін жеткізу.

 

Бұл сайысқа өздерінің ұлттық намысын көрсете алатын оқушылар қатысып отыр. Сәт-сапар тілейік !

 

2-жүргізуші:

Ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұн “Үйрен ұлым, арзан көрме өнерді – өнер көкке жеткізеді төбеңді” дегендей бүгінгі сайысқа қатысар жастарымыз еліміздің ертеңгі өнерін дәріптеп, көкке көтерер әншілеріміз бен бишілеріміз болмасына кім кепіл?

Ұл — қызың ел ішінде жақсы атанды,

Арайменен қарсы алып, әр ақша таңды.

Абыройы ауылымыздың асқақтасын,

Арнасын Жақсылық ағай жігіттерге ақ батасын деп, — Жақсылық ағайдан бата тілейік.

 

1-жүргізуші: Сәлем бердік сіздерге төрағалар,

Әділдікпен қойылсын бал-бағалар.

Биссимилда деп бастайық сайысымызды,

Аруағы бабалардың қолдап алар, —

дей келе, сайыс заңы бойынша әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1……………………………………………………………………………………………………………..

2……………………………………………………………………………………………………………..

3…………………………………………………………………………………………………………….

4……………………………………………………………………………………………………………..

5……………………………………………………………………………………………………………..

 

2-жүргізуші :

Қазақ халқы ежелден ер — азаматын сыйлап, әр сапарға аттанарда ақ жол тілеп, ақ батасын, қымызы мен шұбатын беріп, сәт-сапар тілеп отырған. Сондықтан да сайыскер сарбаздарымыз алдарына келген ақ дәмнен татып ішіп, кесенің түбіндегі бақытты сандар арқылы өз реттік санын біледі. Сол реттік сандар арқылы кезекпен шығып, бүгінгі сайыста өз өнерлерін көрсетеді.

 

 

 

 

 

1-жүргізуші: Қайсысы күйші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық.

Ал қанекей, қырандар,

Босқа қарап тұрмаңдар,

Бастап жігіт өнерін

Алыстарға самғаңдар.

 

 

2-жүргізуші: I бөлім. Таныстыру «Сәлем – сөздің атасы»

 

1- жүргізуші: Тәуба сөзін айтып жігіттер бастасын,

Тәуекел деп сайысқа бел байлапты.

Рұқсат болса, ағайын кезекті енді,

Берейік сұлтандарға, таныстырсын өздерін-өзі.

 

1………………………………………………………………………………

2……………………………………………………………………………….

3…………………………………………………………………………..

4……………………………………………………………………………

5……………………………………………………………………………

 

2-жургізуші: Таныс болдық бәрінің тегіменен,

Туып өскен мекені, жеріменен.

Маған тартқан бәрі ақын көрінеді.

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең, —

дей келе әділқазы төрелерден таныстыру бөлімінің бағаларын сұраймыз.

 

1-жургізуші: II бөлім. Өнер сайысы «Талантты болу – тәңірден».

 

Талаптың мініп тұлпарын

Келіңдер міне жарысқа

Белгісіз кім ұтары

Түсіңдер өнер сайысқа.

 

2- жүргізуші: Ал енді жігіттеріміздің қандай өнері барын тамашалап көрелік

 

1 -жүргізуші: Иә, жігіттер енді өз өнерлерін ортаға салсын.

 

«Анама» атты әнімен ортаға Нұржанды шақырамыз.

 

Келесі сайыскеріміз Ерік сіздерге «Қос жүрек» әнін ұсынғалы тұр. Қарсы аламыз!

 

Ал енді сахна төріне «Кешір мені» әнімен Ернұр жігітімізді шақырамыз.

 

Өз өнерімен ортаға Ердос та шыққалы тұр. «Қинамашы» әні.

 

«Жігіт сұлтаны» атағына үміткер жігіттеріміздің бірі – Ноян «Аяла» әнімен ортаға шығады

 

 

2- жүргізуші: Өнер менен білімде

Әркімнің өз жолы бар.

Сайысарлық бүгінде

Өзіндік дара үні бар, —

дегендей, әділқазы төрелерге кімнің өнері ұнады екен, қане, көрейік!

 

 

1- жүргізуші: III бөлім. Білім сайысы «Білімді мыңды жығады».

 

Ал келіңдер, келіңдер,

Бір-біріне еріңдер.

Білімдеріңді тексеріп,

Ал таласып көріңдер!

 

(Оқушылар Қазақстан тарихы мен салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап береді).

2-жургізуші: Жігіттер өз білімдерін көрсетті. Әділқазылар қандай баға береді екен?

 

1- жүргізуші: Ал енді Ердостың жанкүйері 2-рота 2-взвод тәрбиеленушісі Тыныштыққали Есбол «Қайдасың?» әнімен Ердосты қолдағалы тұр. Ду қолшапалақпен қарсы алайық!

 

2-жургізуші: IV бөлім. «Күш білекте».

 

Құйылып қуат кенеттен,

Қарысып мойын еттері,

Келбеті оқыс бұзылып.

Күштенген кезде ақ тістер,

Кетпесе болды, морт сынып.

 

Ендігі кезек жігіттеріміздің күш сынау бөлімі – 24 килограмдық батпан көтеру.

 

— Әділқазылар жігіттеріміздің күшін қалай бағалар екен?!

 

1- жүргізуші: V бөлім. Эстрада жұлдыздарына пародия көрсету.

 

Пародия-өнердің бір саласы,

Сол өнерге әркімнің бар таласы.

Пародия-жаңа туған жас сәби,

Көпен деген ағамыздың баласы.

 

Біздің бүгінгі сайысымызға сонау Ресейден хип-хоп жұлдызы, блэкстар – Тимати да келіпті. Ду қолшапалақпен қарсы алайық! ( Ердос)

 

Ал енді ортаға астаналық «Базар жоқ» ойын-сауық театрының актері – Аманғалиді шақырайық ( Нұржан )

 

Талай қыздардың жүректерін жаулаған Қайрат Нұртасты «Ауырмайды жүрек» әнімен ортаға шақырамыз ( Ерік )

 

«Шаншар» театрында өз өнерін бастаған, қазір «Алдараспан» театрының жетекшісі Нұржан Төлендиевті сайыскеріміз Ноян сомдамақ. Қарсы аламыз!

 

«Тұмарым». Сахнада Ұлықпан Жолдасов! (Арнұр)

 

2-жургізуші: Сайысымыздың бұл кезеңінде жігіттер турлі эстрада жұлдыздарын сахнада сомдап шықты. Әділқазылардан баға қоюларын сұраймыз!

 

 

1- жүргізуші: VI бөлім. Автоматты шашып, қайта жинау кезеңіне де жеттік, қане, «Кім жылдам?»

 

Кім шапшаң екенін білу үшін бағалау кезегін қазылар алқасына берелік.

 

 

2-жургізуші: VII бөлім. Қыз балаға өз сезімін жеткізу.

 

Жүрегімді жаралады бір адам,

Қандай жаман күліп жүріп жылаған.

Қайырылмастай қол созамын өзіңе,

Көлеңкеңді көргеніме қуанам.

 

1- жүргізуші: Аруларға сырларыңды аз ұққыз,

Қыс та өтер, жырын жазып жетер күз.

Ғұмыр бойы сүйем деме, алдама,

Сеніп қалып жылап өтер, нәзік қыз

1………………………………………………………………………………….

2……………………………………………………………………………….

3…………………………………………………………………………..

4……………………………………………………………………………

5……………………………………………………………………………

 

— Әділқазылар, сайыскерлерге өз бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз

 

2-жургізуші: Әділқазылар сайысымыздың қорытындысын шығарып болғанша, Ноянды қолдап 2-рота 1-взвод тәрбиеленушісі Құрманбаев Дінмұхамбед «Айнам-ай» атты әнімен ортаға шығады.

 

(Қорытынды бөлім)

 

1- жүргізуші: Келешек қой осылар, барға шүкір,

Алдарында ақ қанат арманы тұр,

Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.

Әрқайсысы өз үлесін алғалы тұр.

 

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Уақыт та біраз жерге таяп қалды.

Осыменен қоштасамыз сіздерменен,

Сайысы жігіттердің аяқталды.

 

2- жүргізуші: Құрметті көрермендер осымен сайысымыз өз мәресіне жетті, жігіттеріміз бойындағы бар өнерлерін көрсетті деп ойлаймыз. Ендігі кезекті сайысымызды қортындылау үшін сөз кезегін әділқазыларға берейік.

1

  1. Қазақ хандығы қашан құрылды? Оны құрған кімдер?

  2. Жеті қазынаны атап бер. 2

1. Қазақстан тәуелсіздік алғалы неше рет Конституция қабылдады және қай жылдары?

2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата

3

  1. Қазақ хандарын ретімен ата

  2. Ат әбзелдерін ата4

 

  1. Алтын адам қай жерден табылды?

  2. Бес қаруды ата

5

 

  1. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан кейін пайда болған халық әні:

  2. Жеті атаны ата

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.