Ғарыш және Қазақстан (интеллектуалды шара)
Ақтөбе қаласы, Есет батыр атындағы
Ақтөбе облыстық әскери – полициялық
мектеп – интернатының
Физика пәні мұғалімі:
Баймағамбетова Айгүл Қалабайқызы
Сабақтың тақырыбы: «Ғарыш және Қазақстан» (интеллектуалды шара)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отан сүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру; білімге, ғылымға ұмтылдыру; ғарыш саласы туралы білімдерін молайту, қазақтың ғарышкерлерінің өмірбаяндарымен таныстыру.
Әдіс-тәсілдері: ойын, сұрақ-жауап, пікірталас
Түрі: дәстүрлі емес, жарыс
Көрнекілігі: электрондық кітапша, интерактивті тақта, презентация Power Point, плакаттар, карточкалар.
Өтілу барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, офицерлер және тәрбиеленушілер! Бүгін 12сәуір-Дүниежүзілік косманавтика және авиация күні мерекесімен құттықтаймын. Әлемді дүр сілкіндірген ерекше тұлға КСРО ғарышкер-ұшқышы, Кеңес Одағының батыры Ю.А.Гагариннің ұшқанына 50жыл, Ақтөбелік жерлесіміз В.И.Пацаевқа 40 жыл, Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіровқа 20 жыл болды. Ғарыш және Қазақстан интеллектуалдық шарамызды бастаймыз.
Ойынға 3 топ қатысады. Әр топ 5 оқушыдан тұрады. Ойын 3 турдан тұрады.
І тур. «Сегіз қырлы бір сырлы»
15 сұрақ қойылады. Шапшаң топ сұраққа жауап береді. Жауап бермесе кезек келесі топқа беріледі.
Сұрақтар:
-
Аспан денелерін бақылайтын құрал?
-
Ең алғаш қазақ ғарышкері?
-
Ең алғаш ғарышқа ұшқан кім?
-
Тұңғыш жасанды жер серігі қашан ұшырылды?
-
Айға алғаш қонған қай елдің азаматтары?
-
Ғарыш туралы теорияның негізін салған кім?
-
Айды магнит тілшесі арқылы бағдарлауға бола ма?
-
Жерге ең жақын орналасқан жұлдыз?
-
Алғашқы ғарышқа ұшқан әйел ғарышкер кім?
-
Ақтөбеде дүниеге келген ғарышкер кім?
-
Қазақстанның тұңғыш космодромы не?
-
Ғарышкер ашық космосқа шығу үшін қандай киім киеді?
-
1960 жылы 20 тамызда қандай оқиға болды?
-
Жерде Ай тұтылу болған кезде Айдағы ғарышкер нені көреді?
-
Ең алғаш ракетаның конструкциясын жасаған кім?
ІІ тур. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес»
Әр топ 6 сұрақтың ішінен 2 сұрақ таңдап алады. Кез келген уақытта көмек сұрауға мүмкіндігі бар. Көмек сұраса ұпайы төмендейді.
ІІІ тур. «Интеллектуалды казино»
Әр топ 3 сұрақтың ішінен және соған сәйкес ұпай таңдап алады. Егер дұрыс болса, таңдап алған ұпайы қосылады, әйтпесе шегеріледі.
Қорытынды.
