§8.1. Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақталу заңы. §8.2. Кулон заңы
Ақтөбе қаласы, Есет батыр атындағы
Ақтөбе облыстық әскери – полициялық
мектеп – интернатының
Физика пәні мұғалімі:
Баймағамбетова Айгүл Қалабайқызы
Сабақтың тақырыбы: §8.1. Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақталу заңы. §8.2. Кулон заңы.
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Ньютон ашқан бүкіл әлемдік тартылыс заңын электростатика заңын ашқан Кулон заңымен байланыстыра отырып айырмашылығын ескеріп, оқушыларға Кулон заңын тұжырымдау және осы заңды анықтайтын формуланы жазып оны есепке қолдана білуге үйрету. Кулонның иірілмелі таразымен жүргізілген тәжірибесінің мағынасын түсіндіру.
Нүктелік заряд ұғымын материялық нүкте ұғымымен салыстыру. Оқушыларға пропорционалдық коэффициент, электр тұрақтысы, диэлектрик тұрақтыларының өлшем бірліктері туралы білімдерін жетілдіру, қалыптастыру.
2) Дамытушылық: Оқушылардың нақты және жүйелі ойлау қабілетін, өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі бағалауын және сабаққа деген ынтасын дамыту.
3) Тәрбиелілік: Оқушылардың жауапкершіліктерін жетілдіру, өз күшіне сенім арттырып, үлкен жеңістерге жетуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: модульдік оқыту технологиясы
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, информатика, биология, Power
Point презентациясы
Сабақтың көрнекілігі: электронды кітапша, плакат, электрометр,
электрофор, машинасы, шыны эбонит таяқшалары,
СD дискісі
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі:
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Ой қозғау. (схема)
1. Заттың неше күйі бар?
2. Қатты күйден сұйық күйге өту қалай аталады?
3. Сұйық күйден газ күйге өтуді не деп атаймыз?
4. Газ күйден сұйық күйге өту қалай аталады?
5. Сұйық күйден қатты күйге өтуді не деп атаймыз?
6. Сублимация, дисублимацияға мысал келтір.
Диаграмма арқылы қайталау.
1. Заттың үш күйі қандай параметрге тәуелді.
2. Фазалық өту диаграммасы деген не?
3. Қандай нүкте үштік нүкте деп аталады?
Білімдерін тәжірибе арқылы тиянақтау
1. Стакан ішінде қандай құбылыс пайда болады?
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Сергіту сәті.
IV. Сабақты бекіту.
-
Ой толғау. (тест)
-
Ойға шабуыл.(есептер шығару)
-
Топтастыру стратегиясы
а). Самолеттің багына жанармайды құйғанда бензинге не себепті хром қосады?
ә). Тоқыма материалдарға не себепті резеңке желім жағады?
б). Қойшының найзағайдан аман қалуына не себеп болды?
в). Зақымданған өткізгіш сымдарды жалғастырғанда монтер қолына не себепті резеңке қолғап киеді?
4. Мағынасын табу. Инсерт
Шыны, стакан, пластмасса, сызғыш, тарақтың зарядын анықта.
5. Кім жылдам? (сұрақ-жауап)
а). Бояу жаққышы жоқ бояушы.
ә). Электрмен ыстау.
б). Қамырды араластыру.
6. Білімдіге биіктен – орын.
Темірді қалай айналдыру керектігін анықтау.
V. Үйге тапсырма беру
§8.1, §8.2. оқу, 15жаттығу (1,2,3,4) № 681-685 есептер
VI. Бағалау.
VII. Қорытынды.
