Қазақтың халық музыкасы
Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Жаңақұрылыс елді мекені
№74 орта мектебінің әуез пәні
мұғалімі Бақбергенова Жанерке
Сыныбы: 5 Тақырыбы: Қазақтың халық музыкасы
Мақсаты: 1. Халық әндері мен күйлері арқылы өз халқының салт-дәстүрлеріне, туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. 2. Халықтың – ой-арманының музыкада бейнелеуі мен оның өмірімен байланыстылығын түсіндіру. 3. Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әннің сөзі жазылған плакат. Домбыра, Баян аспабы, Абылай ханның суреті.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу.
Әнұран орындау.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Ұстазым менің» Домбыра аспабы туралы оқушылар түсінігін тексеріп, құрылысын қысқаша айтып өту.
Жаңа сабақ.
Балалар, Өнер дегенде ойымызға не келеді?
|
Ө Н Е Р |
|||||
|
Ән |
Күй |
Бейнелеу |
Қолөнер |
Театр |
Кино |
Бұлардың барлығы да халық өмірінен сыр шертеді.
Халықтың басынан өткен қилы замандар, салт-дәстүрлі, тыныс тіршілігі ұлттық өнері арқылы ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп Абай атамыз айтқандай дүниеге шырылдап әнмен келсе, өмірден өтерде де жоқтаумен қош айтысады. Халқымыз дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, барлық оқиғаларды ән- әуенмен жеткізе білген.
Қыз ұзату, үйлену тойлары, ойын- сауықтардың бәрі ән-күй аясында өткен.
Өлімге қарсы күресіп, мәңгілік өмір іздеген Қорқыт, ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби, бейбіт тыныш өмірді аңсап, дүниені кезген Асан қайғы да ой армандарын музыка тілімен жеткізген.
Балалар Қорқыт ата туралы не білеміз?
|
Қ О Р Қ Ы Т |
|||||||
|
Қобызшы |
Бақсы |
Ойшыл |
Ақын |
Жырау |
Композитор |
Әнші |
Күйші |
Қорқыт – киелі топырақ, небір өнер иелерін өмірге әкелген. Сыр елі – жер елі, Қармақшыда дүниеге келген. Күй атасы атанған Қорқыт атаның қандай күйлерін білесіңдер?
– Ұшарлың ұлуы
– Қызыл тана
– Башпай
– Желмая
– Қорқыт
– Байлаулы киіктің зары, т.б.
Өлімнен қашып, мәңгілік өмір іздеген Қорқыт кілемін жайып, Сырдарияның үстінде қобызын тартып отырады. Әбден шаршап, көзі ілініп кеткен кезде, ажал қарақұрт болып келіп шаққан екен. Қорқыт өлерінде. Менің екі күнәм бар. «Бірі мәңгілік өмір іздеп дүниенің төрт бұрышын аралағаным болса, екіншісі тамақ әкеп тұрған қарындасыма байқаусызда башпайым тиіп кетіп еді, жерленгенде, о дүниеге күнәсіз болып барайын» деген екен. «Башпай күйі» осылай шықса керек. Әрбір ән мен күйдің осындай тарихы бар.
Халқымыз сонау заманнан бері қилы заманды басынан өткеріп келеді.
Жоңғар басқыншылары 100 жылға созылған басып алу соғысы кезінде 1923-28 жылдар аралығында қазақ халқын өз жерінен қуып, бастырып жіберген. Зорлық көрген халық өз басындағы ауыр қайғыны «Елім-ай» әнінде бейнелеген. Қазір «Елім- ай» әнінде орындайық.
Қаратаудың басынан көш келеді.
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел жұртынан айрылған жаман екен.
Екі көзден мөлдіреп жас келеді.
Хандарымыз елді біріктіріп, жеңіске бастады. Осындай асылдарымыз арқылы тәуелсіздің алдық.
Ән үйрету. Үйренетін әніміз «Хан Абылай»
Ән үйренер алдында жаттығу орындау.
а) Әннің сөзін үйрету.
б) Фраза бойынша үйрету.
в) Дыбыс ырғағына қол соғу.
Қорытынды.
1. Салт – дәстүрге байланысы қандай әндерді білеміз?
2. «Елім- ай» әні қандай әнге жатады.
3. «Хан Абылай» әні қандай ән? Көңілді, әлде мұңды.
Үйге: Қазақтың халық музыкасы «Хан Абылай әні».
