Санау жүйесі
Ақтөбе қаласы, №39 қазақ орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Кенжалина Райхан Жадігерқызы
Сабақтың тақырыбы: Санау жүйесінде арифметикалық есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Санау жүйесінде арифметикалық амалдар орындау тақырыбында алған білімдерін пысықтау, оқушылар білімін тексеру.
2) Дамытушылық: теориялық білімдерін практикалық жұмыстар арқылы жетілдіру, танымдық ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін арттыру.
3) Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың ақпаратық мәдениетінің деңгейін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Өткен материалды қорытындылау, жүйелеу
Сабақтың әдісі: Фронтальды, жекелей жұмыстар жүргізу
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, саяхат картасы, ақпараттық табло.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.
Бүгінгі сабағымыз «Санау жүйесінде арифметикалық есептер шығару» тақырыбында өтеді. Сабақ «Саяхат» түрінде болмақ. Бұл саяхатымызда біздің жолымызда түрлі кедергілер кездеседі. Олардан мүдірмей өту үшін бүгінгі турларымыздың барысында берілетін тапсырмаларды дұрыс орындауымыз қажет. Сабақ 4 бөлімнен тұрады. «Лабиринт», «Өзен жағасындағы вокзал», «Каспий теңізі», «Жылан өрім».
ІІІ. Сабақ барысы:
Сыныпты ең алдымен 3 топқа бөліп, 2 әділқазы мүшесін сайлап аламыз. Әділқазылар тапсырмалардың дұрыс орындалғанын тексеріп, олардың нәтижесін таблоға жазып отырады.
І тур. «Лабиринт». (7 балл)
Әр топқа бастапқы тапсырмалары бар кеспе қағазы және барлығына бірдей лабиринт этаптарының есептері бар кеспе қағаздары беріледі. Алдымен әр топ өздеріне берілген кеспе қағаздағы есепті шығарып алады. Оның нәтижесін лабиринт этаптарының есептері бар кеспе қағаздың бірінші бағанасын тауып алып, сол жолдағы есепті шығарады. Оның нәтижесін келесі этаптан тауып алып, нәтижесін шығару қажет. Осылай жалғаса береді.
Шығарылуы:
|
ІІ тур. «Өзен жағасындағы вокзал». (2 балл)
Міне, вокзалға да жеттік. Мұнда ребусты шешіп, теплоходқа билет сатып алуымыз қажет.
ү – е ,,,, е – і
(екілік)
Мағынасын түсіндіру
Көзге арналған жаттығу жұмыстары
ІІІ. «Каспий». (6 балл)
Үйімізге жету үшін теплоходпен бірнеше күн жүруіміз қажет. Уақытымызды босқа өткізбеу үшін келесі тапсырмаларды орындайық.
Арифметикалық амалдарды орында
1) 10111012+11101112= 2) 32468+12528= 3) B6816+4D616=
1001112-110112= 176528-15768= 9F4016-2CE16=
101012*1012= 4068*668= 4D16*1F16=
Нәтижесін есепте (10 с.ж.)
1) 3428+А516-1011012=
2) 7318*11012-А516=
IV. «Жылан өрім». (5 балл)
Міне, үйімізге жету үшін тек қана жылан өрім сияқты тегіс емес жерлерден өту ғана қалды.
| к | е | е | с | д | і | к |
| і | л | і | е | з | н | о |
| л | ы | т | г | і | д | ы |
| ы | қ | л | а | н | о | қ |
Таблицада санау жүйесіне байланысты сөздер берілген. Оны оқу үшін барлық бағытта жүруге болады. (солдан оңға, жоғарыдан төмен)
V. Қорытындылау. Әділқазылар әр топтың жинаған балдарын есептеп, жеңімпаз топты анықтайды.
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма. Төмендегі кесте бойынша х,у мәндерін есептеп, оны 10 с.ж. ауыстырамыз. Координата жазықтығынан нүктелерді белгілеп, оларды реті бойынша бір-бірімен жалғастырамыз. (7-8 (12-13) нүктелері бір-бірімен қосылмайды)
| № п/п | Х | У |
| 1 | 13 | 1816:616 |
| 2 | 226-216 | 2,48 ·28 |
| 3 | А1016-АОЕ16 | 67:28 |
| 4 | 216·13 | 116 |
| 5 | 1216:216 | 378-368 |
| 6 | 28·34 | 1А17:118 |
| 7 | 306:136 | 112 |
| 8 | 27(F16-C16) | 102·34-104 |
| 9 | 6,48 | 1F16-1D16 |
| 10 | 110,12+0,48 | 2,816 |
| 11 | 111,12 | 25·16 |
| 12 | 1002·102 | 1E16-1C16 |
| 13 | B16 | 1,48+2,48 |
| 14 | 1B16-1016 | 57 |
| 15 | 104·34 | F16·416-3916 |
| 16 | 204 | 5018:1C18 |
| 17 | 1112+12 | 14 |
| 18 | FO16:267 | 416-308 |
| 19 | C16 | 316 |
