9.6.. Кирхгоф ережелері 9.7. Токтың жұмысы мен қуаты

Алматы облыстық Ш.Смғұлов атындағы
мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі
Байтұрсын Нұрай

Сабақ жоспары
Сыныбы: 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: 9.6.. Кирхгоф ережелері 9.7. Токтың жұмысы мен қуаты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кирхгоф заңының мазмұнын түсіне білу Кирхгоф ережелерін практикада және есептер шығару барысында қолдана білу.
Дамытушылық: Өтілген тақарыптағы материалдарды пайдалана отырып, есептер шығара білуге және практикалық жұмыстарда қолданып, формулаларды түрлендіре білуге үйрету.

Тәрбиелілік: Сабақ барысында балаларды пәнге қызығушылықтарын арттырып, ғылым-білімге ұмтылысын оятып, тәртіпті, мадениетті болуға баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Керекті құрал-жабдықтар:

 

Сабақтың барысы

 

I. Ұйымдастыру

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

  • Тізбектерге есептеулер жүргізгенде Кирхгоф ережелерін пайдаланаған ыңғайлы ол Ом заңының жеңілдетілген жалпыланған түрі болып табылады.

  • Түйіндер – Жалпы жағадайда кем дегенде үш өткізгіш тоғысатын нүктелерді түйіндер деп атаймыз.

Кирхгофтың бірінші ережесі

  • Түйінге кіріп жатқан ток күштерінің қосындысы түйіннен шығып жатқан ток күштерінің қосындысына тең.

Кирхгофтың екінші ережесі

Кез-келген тұйықталған контурда кедергілердегі кернеу түсулерінің қосындысы осы контурдағы ЭҚК-терінің қосындысына тең болады.

SI жүйесінде жұмыс джоульмен өлшенеді

1 Дж=1 B. 1A. 1c

Жұмысты ватт-сағат немесе киловатт-сағатпенде өрнектейді:

Қуат деп жұмысты атқару шапшаңдығын сипаттайтын шаманы айтады.

Электр тогының қуаты
 

                   
                                           
                                           

Бірлік уақыт ішінде сыртқы(бөгде) күштердің жасайтын жұмысы толық қуат деп аталады.


Әр ток көзінің ПӘК-і болады.

ПӘК-і деп сыртқы күш жұмысының қандай бөлігін ток көзі пайдалы жұмысқа айналдырғанын көрсететін шаманы айтады.

Формуланы талдай келіп

болғанда ПӘК-і максимал;

болғанда, ПӘК-і 50% болады.

 

 

IV. Сабақты бекіту

  • Қандай тізбек тармақталған тізбек деп аталады?

  • Тармақталған тізбекті кедергіні қалай есептеуге болады?

  • Кирхгофтың бірінші ережесін тұжырымдаңыз

  • Кирхгофтың екінші ережесін тұжырымдаңыз

  • Кирхгофтың екінші ережесіне сайкес ток көзінің ЭҚК-ін және кедергідегі кернеуін бағытын қалай анықтауға болады?

 

V. Үй тапсырмасын беру

Тақырыпты қайталау, конспект жасау.
Рымкеевичтен есептер 793,794, 795,
775, 776, 777 778 .

 

VI. Оқушыларды бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше