Без рубрики

Алтын күз (слайд №1)

Әдістемелік кеңес : орыс сыныптарында
Ақмола облысы Бурабай ауданы ,
Щучинск қаласы
8 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Хасенова Дана Қойшыбайқызы

(6-сынып)
Сабақтың тақырыбы :
Алтын күз (слайд №1)

Сабақтың мақсаты :
1 . Білімділік : Оқушылардың жыл мезгілдері туралы оның ішінде күз туралы білімдерін жетілдіру, сөйлем құрау шеберліктерін жетілдіру .
2.Дамытушылық : Ойлау ,есте сақтау ,есту , көру сезімдерін жетілдіру , сөздік қорларын молайту , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру .
3.Тәрбиелік : Күз туралы әңгімелей отырып, оқушының бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті ояту .

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың типі : жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс –тәсілдері : сұрақ –жауап ,іздену, ой шақыру , әңгімелеу, жұптық ,топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі : дидактикалық материалдар , слайд -презентация

Сабақтың барысы :

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу

  • Кезекші сөзі

  • Фонетикалық жаттығу (слайд №2)

Қыз –қыс құс- күз ұш –үш күз -жүз мұз –тұз

II.Жаңа сабақ

  • Сөзжұмбақ шешейік: (слайд №3,4)

Сұрақтары :

1.Күзде не қысқарады ?

2.Аптаның бірінші күні ?

3.Қай жыл мезгілінде астық піседі ?

4.Жаздың екінші айы ?

5.Күздің бірінші айы .

(күн,дүйсенбі,күз,шілде,қыркүйек) Күзде деген сабақ тақырыбы шығады.

(слайд №5)

  • Сабақтың мақсатын , барысын айту; (слайд№6)

 

Жыл мезгілдері туралы білімдерін толықтыру, сөздік қорларын молайту,сұхбат құрастыра білу . (слайд№7,8)

  • Сөздік жұмысы:

Қаптау –скучиваться

Топ-топ –группой

Ерекше –особенный

Егін даласы –посевное поле

Қайнау –кипящий

Үздіксіз -непрерывно

Мұғалім жаңа сөздерді оқып шығады. Балалар қайталайды

Сөздермен сөз тіркестерін құрастыру (слайд№9)

Ерекше бала ,бұлт қаптайды ,топ-топ құстар,күзгі егін даласы,үздіксіз жұмыс,қайнаған қызу еңбек.

  • Жаңа сабақты бекіту .

Оқулықпен жұмыс 36 бет , 1 –тапсырма ,мәтінді оқып ,суреттің орнына тиісті сөздерді қою, мәтінді аудару. (слайд№10)

 

  • Сергіту сәті

Бұлттар төніп , Өңі тайып ,

Жерге шөгіп Дала сұры қашады

Дымқыл тұман басады . Бөбектерім айтыңдаршы,

Шөп сарғайып Бұл қай кезде болады?

  • Релаксация ( Көзге жаттығу (слайд№11)

ΙΙΙ Ой шақыру

Осы схема бойынша сұрақтар құрастыру ( жұптық жұмыс ) (слайд№12)

1. Күз айлары қандай?

2 .Күзде ауа –райы қандай ?

3 .Күзде құстар қайда ұшып кетеді ?

4. Күзде нелер піседі ?

5. Күз қандай жыл мезгілі ?

« Мәтін құра» ойыны Сұрақтарға жауап беру.(карточка арқылы сұрақтарға жауап беру диолог түрінде өтеді)

3-тапсырманы орындау. Сөйлемдерді дұрыс құрау. (слайд№13)

Сөйлем құрап үйрен.

1.Күз.

2.Күз келді.

3. Алтын күз келді .

4 .Алтын ,сары күз келді .

 

 

V.Бекіту.

Сыныптағы оқушылар екі- екіден отырады. Әр оқушы өз тапсырмасын алады .Дайындыққа 3 минут уақыт беріледі. Содан соң оқушылар бір –бірінің тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.

(слайд№14,15,16,17)

Қазақ тілі ____

аты-жөні

1

1.Сөздерді дұрыс аударыңдар. Жауап үлгісі

  1. қаптау а) кипящий 1. ( )

  2. үздіксіз ә) дождь 2.( )

  3. қайнау б) скучиваться 3.( )

  4. жаңбыр в) непрерывно 4.( )

2. Сұрақтарға жауап беріңдер.

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Күзде ауа райы қандай?

2. Қазір күз.

_______________________________________________________

Қазақ тілі ______________________

аты-жөні

2

1.Сөздерді дұрыс аударыңдар. Жауап үлгісі

1. топ-топ а) посевное поле 1. ( )

2. ерекше ә) группой 2.( )

3. егін б) одеваться 3.( )

4. киіну в) особенной 4.( )

2. Сұрақтарға жауап беріңдер.

-Күз айлары қай айлар?

-Күзде не жиі жауады?

2. – Күз айлары: _____________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

VI. Оқушылардың білімдерін бағалау.

VII.Үйге тапсырма: Сөздерді жаттау, күз туралы әңгімелеу (слайд.№18,19)

 

Алтын күз (слайд №1): 1 комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.