Жазық айна
Ақтөбе облыстық мамандандырылған
физика математикалық мектеп интернаты
физика пәнінің мұғалімі Доскеева Ақгүл Мұстафақызы
Сабақтың тақырыбы: Жазық айна
Сілтеме А.В.Перышкин, Н.А.Родина 141-144 бет,
Мақсаттары Айна туралы негізгі түсінік, айнаның шығуы мен жасалу жолдарын түсіндіру. Оптикалық айнаның беретін кескіні, негізгі қасиеттерін ұғындыру.
|
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика математикалық мектеп интернаты физика пәнінің мұғалімі Доскеева Ақгүл Мұстафақызы Күні: 4.05.2012ж |
||||||
| Сабақтың тақырыбы | Жазық айна | |||||
| Сілтеме | А.В.Перышкин, Н.А.Родина 141-144 бет, | |||||
| Мақсаттары | Айна туралы негізгі түсінік, айнаның шығуы мен жасалу жолдарын түсіндіру. Оптикалық айнаның беретін кескіні, негізгі қасиеттерін ұғындыру. | |||||
| Оқыту нәтижесі | Жазық айнадан қандай кескін пайда болатыныын, айнаның неден жасалатынын, айнаның шығу тегін, айнаны техникада және тұрмыста қалай пайдаланатынын, | |||||
| Түйінді идеялар | Айна, о п т и к а л ы қ — беті тегіс, жарық сәулесін шағылдыратын және нәрсенің оптикалық кескінін беретін шыны немесе металл дене. Айнада айналық және шашыранды шағылу бар.Айнадан жарық сәулесі түсу және шағылу бұрышының тепе-теңдігін сақтай отырып шағылады. Айна арқылы денелердің оптикалық кескіні алынады және ол кескіндердің орны геометриялық оптика заңдары бойынша анықталады. Ең көп тараған түрі — о п т и к а л ы қ ж а з ы қ айна. Сондай-ақ оптикалық жүйелерде сфералық,параболалық, эллипсоидтық т.б. шағылдырғыш беттері бар д ө ң е с және о й ы с айналар да қолданылады. Айнаның негізгі қасиеттері мен ерекшеліктері. | |||||
|
Уақыты |
Стратегиялар |
Ресурсы |
Сабақтың мазмұны |
|||
|
Мұғалімдердің іс-әрекеті
|
Оқушының іс – әрекеті |
|||||
|
|
Топтық | Призма,лупа, спектр | Сыныппен амандасу, көңіл- күйін сұрау, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын қадағалау, топқа бөлу.Сергіту сәті: айна және мен. Бағалау парағын тарату және түсіндіру | Мұғаліммен амандасу, сабаққа дайындалу, топқа бөліну, берілген суреттер арқылы мозаика құрастыру | ||
|
|
Білім |
Табиғат айнасывидеосы, |
Болашақ-шынысыз айна. (Ксавье Форнере) Ежелгі адамдар шағылған бейненің қалай пайда болатынын білмеген,сондықтан бұл құбылысты сиқыр деп санаған. Сансыз оқиғалардың үнсіз куәгері болған айналар оны ғасырлар бойы өз жадында сақтайды. Адамзат қазіргі күнге дейін айнаның көмегімен болашақтың тылсым құпия әлеміне еніп,оқиғалар желісін алдын ала білуге тырысады.
Табиғат айна туралы видео көрсету.
Таза суға қарасақ өз бейнемізді көруге болады, неге? |
видеодан алған табиғат айнасы әсерлері туралы бірі бірімен пікір алысу
Бұл су бетінен шағылу құбылысынан болады. |
||
|
|
Түсіну |
|
|
|
||
|
|
|
|
3. Прожектордағы шағылдырғыштың рөлі қандай?
|
Айырмашылықтары жоқ, бірақ мүшелердің орналасуында
Айнадағы шағылумен қағаздағы шағылу бірдей емес. Нақты объектіні анық көрсету үшін
|
||
|
|
Қолдану |
|
|
150
650, 1300
6м
|
||
|
|
Талдау |
Кітап айна |
Бос ыдыстың түбінде айна жатыр. Ыдысты сумен толтыруға байланысты шағылған сәуленің жүретін жолы қалай өзгеретін болады? Кітапты ашып жазық айнаның алдына қойыңдар, мәтіннің айналық бейнесін оқуға бола ма?
|
Оқушылар ақ қағазға түскен сәуленің жолын салып көрсетеді және қалай өзгеретінін түсіндіреді.
Айнаның алдына кітапты қалай оқуға болатынын, айналық бейнесін оқуға бола ма деген сұраққа жауап іздейді. |
||
|
|
Жинақтау |
Әйнек, екі шырақ, шырпы |
Айнаның орнына әйнектің сынығын тік орналастырып, әйнектің алдына жанып тұрған шырақты қойып, әйнектің екінші жағына дәл сондай бірақ жанбаған шырақты қой да, оны қашан жанған шырақ болып көрінгенше әрі бері қозғалтып жанған шырақты ал, сосын әйнекпен шырақтың арақашықтығын өлше және не қорытынды алуға болады. Ой сергіту: оқушыларға тапсырма Айна, тарақ, шаш, жарық сәулесі, шағылу, көл беті, ажарлы, шыны , күмістей, кескін, шам, мөлдір бет, тұнық сөздерін қолдана отырып, өлең немесе әңгіме құрастыру. |
Оқушылар әйнек екі шырақты қолдана отырып, шырақтың шын кескінін алады және ара қашықтықты өлшеп мынадай қорытындыға келеді нәрсе қандай қашықтықта болса, кескін айнадан сондай арақашықтықта болады және симметриялы өз өлшеміне тең екенін анықтай алады.
Осы сөздерді қолдана отырып әр топ өзінің шығарған өлеңін немесе әңгімесін оқиды. |
||
|
|
Бағалау |
|
Топтық бағалау Оқушыларды сабаққа қатысу картасы бойынша бағалау. |
Әр топ өзін өзі бағалайды | ||
| Қосымша тапсырма |
Жазық айнаның техникада және тұрмыста қолданылуы. Жазық айнаның түрлері. Жазық айнаның жасалуы |
|||||
|
Сабақты талдау |
Не сәтті өтті?
|
Оқушыларға ситуациялық сұрақтар беру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылды. Таза суға қарасақ өз бейнемізді көреміз неге?деген сұрақтарды қою арқылы оқушылардың әртүрлі пікірлерін тындап осы сұрақтың жауабын бейнематериал арқылы көрсету. | ||||
|
Не сәтсіз өтті? |
|
|||||
|
Болашақ-та нені өзгертер едің?
|
Топтық жұмыста оқушыларға деңгейлік тапсырмалар, қызықты әңгімелер және логикалық, проблемалық сұрақтар беру. Оқушыларға қызықты болу үшін қисық айналардың түрлерін көрсетсем деймін. | |||||
